Главная страница

Жаралар. Жаралар (копия) (копия). ыл брау салу


Скачать 19.58 Kb.
Названиеыл брау салу
АнкорЖаралар
Дата02.11.2021
Размер19.58 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖаралар (копия) (копия).docx
ТипДокументы
#261375

Пышақ жарақаты нәтижесінде тізе асты артериядан ауыр артериялық қан кету пайда болды. Өзіңіздің киіміңізден басқа құралдар мен таңғыштар жоқ.
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.

Қыл бұрау салудың ережелері:

Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.

Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.

Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.

Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.

Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.

Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.

Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.

Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек (саусақпен басу).

  1. Артерияны саусақпен басу.

Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы – тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс. 

  1. Аяқ-қолды мейлінше бүгу.

Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын – қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.

Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.
Тезірек ауруханаға жеткізу керек.Бірақ пышақты жарадан алуға болмайды,себебі алған кезде басқа тін,ұлпа,тамырларды зақымдауы мүмкін.
Жаралар кезінде алғашқы көмек

Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды.Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш саламыз. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс.Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолдану қажет. Бинт пен мақтадан таңғыш жасаймыз. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.Бинт ұзындығы 2-3 метр, еңi 2,5-20 см аралығында. Бинттiң сырт жағын ораған кезде денеге қарайтын жерiн арқасы деп, ал 2-шi бетi iш жағы деп аталады.Ал мақталар екi түрлi болады. Бiрiншiсi жай мақта, екiншiсi ылғал жұтқыш. Бұл мақтаны жарақатты таңуға жиi қолданамыз. Себебi ылғал сорғыштық қасиетi өте зор.Алғашқы көмек көрсеткенде асептикалық және антисептикалық таңғыштар жиi қолданылады.Таңғыштарға клеолды таңғыш, созылмалы торлы түтiкше таңғыш және желiмдер пластырлы таңғыштар БФ-6 желiмi жатады.Қан ағып тұрған жараға зарарсыздандырылған таңғыш таңылады немесе үтiктелген таза мата жабамыз. Олардың үстiнен кiшкене бинт пен мақтадан жасалған бинт ораймыз. Таңғышты ораған кезде дымқылданып қалмағаны дұрыс.Қысылған бинттi зардап шегушiнi ауруханаға жеткiзгенше шешпеу керек. Егер таңғыш оралмаса, жарақатқа инфекция түсуi мүмкiн. Сөйтiп жарақат инфекциялық iрiңдi зақымға айналып кетедi.Кесілген жердің үлкен-кішілігіне,қан кету дәрежесіне қарамастан медициналық мекемеге жеткізу керек.

Асептика – жараға микробтардың түсуiнен сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы тұрғыдан асептика — жараға инфекция түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға, жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға, жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға болмайды.Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада – су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды қайнату.Антисептика – жараға түскен микробтарды антибиотиктер және химиялық басқа да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.


написать администратору сайта