Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогикалы

  • Зерттеу объектісін (нысанасын) анықтау дегеніміз - зерттеудің

  • 1 кезең – зерттеуге дайындық.

  • Курстық жұмысты орындау әдістемесі.

  • Жаңа педагогикалық технологиялар пәнінен емтихан сұрақтары

  • Дамыта

  • «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру»

  • Ғылыми педагогика экзамен. Ғылыми (1) (копия). ылымипедагогикалы зерттеулер дістемесі пнінен емтихан сратары


    Скачать 29.1 Kb.
    Названиеылымипедагогикалы зерттеулер дістемесі пнінен емтихан сратары
    АнкорҒылыми педагогика экзамен
    Дата10.12.2022
    Размер29.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҒылыми (1) (копия).docx
    ТипИнтервью
    #837173

    Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі пәнінен емтихан сұрақтары

    1. Ғылыми зерттеу  жұмыстарының кезеңдері. 

    1. Дайындық кезең, оған сипаттама

    2. Проблеманы жүзеге асыру

    3. Алынған деректерді сандық және сапалық талдау

    4. Нәтижені талдау

    5. Ұсыныстар

    6. Зерттеу нәтижесін оқу-тәрбие процесіне енгізу.

    1. Курстық және дипломдық жұмыстардың ғылыми аппараты .
      Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.
      Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.
      Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.
      Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау
      Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.
      Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).



    1. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.

    Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:
    -    зерттеу объектісін және пәнін
    -    оларды шешу реттілігін
    -    қолданылатын әдістерді
    Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:
    А) эмпирикалық 
    Б) теориялық

    1. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері.

    Педагогикалық байқау.

    Әңгімелесу әдісі.

    Интервью алу әдісі.

    Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдану

    Мектеп құжаттарын зерттеу.

    Педагогикалық эксперимент әдісі.

    Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу.

    Педагогикалық үрдістерді модельдеу.

    Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары

    1. Ғылыми жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.

    1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек

    2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

    3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
    Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

    Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

    1. Эмпирикалық зерттеу әдістері.

    Зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу , сыртқы байланысын айқындау , қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары , рәсімдері мен операциялары ,ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.

    1. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын сауалнама әдістемесі.

    Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын сауалнама әдістері. Сауалнама әдістерін қолдану жолдары.

    Сауалнама – сауал арқылы бұқаралық материял жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса , сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.

    Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады - педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады.

    1. Зерттеу жұмысының объектісін, нысанасын анықтау әдістемесі.

    Зерттеу объектісін (нысанасын) анықтау дегеніміз - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айту мүмкіндігіне ие болады да, ол, басқалар жасамағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы болашақтағы жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.

    1. Ғылыми іс – әрекет оның мақсаты мен ерекшеліктері.

    Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады

    1. Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау.

    Зерттеу тақырыбын негіздеу. 
    Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
    Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
    -    Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
    -    Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
    -    Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
    -    Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

    1. Курстық және дипломдық жұмыстардың ғылыми аппараты.

    1 кезең – зерттеуге дайындық.

      1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анықтау:
        1.2. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге дайындық:

    2 кезең – тәжірибе жұмысын даярлау және өткізу

    2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау
    2.2. Тәжірибе жұмысын өткізу:

    3 кезең – курстық жұмысты безендіру

    3.1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау.
    3.2. Әдебиеттер тізімін жазу.

    3.3. Иллюстрациялар тізімін жасау.

    3.4. Қосымшаларды орналастыру.

    3.5. Мазмұнын құру.

    3.6. Титулдық бетін безендіру.
    Курстық жұмысты орындау әдістемесі.


    1. Зерттеуге дайындық кезеңін өткізу.


    2. Библиографиялық ізденіс



    1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесін және қорытынды кезеңі.

    Ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.

    1. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.

    Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы. Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

    а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

    ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

    Жаңа педагогикалық технологиялар пәнінен емтихан сұрақтары

    1. Ойын технологиясы.

    Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы. Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.

    1. Нысаналы оқыту технологиясы.

    Нысаналы оқыту технологиясы. Нысаналы  оқыту  технологиясы  бүгінгі  күнде  дүниежүзі 
    бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған 
    технологиялардың бірі. Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын 
    нысаналандыру,  жүйелендіру,  ғылымиландыру  жəне  оны  игерудің 
    əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты 
    көтеру мақсатына жету деген сөз.

    3.Интербелсенді оқыту технологиясы.

    Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
    -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
    -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
    -педагогикалық қолдау көрсету.

    4.Дифференциалды оқыту технологиясы.

    Дифференциалды оқыту процесі — бұл оқушылардың оқуға қабілетінің, бейімділігінің, қажеттілігінің, психологиялық-педагогикалық диагностиканың нəтижесінде, оқу əрекетін ұйымдастыруда əр түрлі формалар мен тəсілдерді кең түрде қолдану. Бұндай формалар мен əдістерді қолдану, соның ішінде дифференциацияны оқушылардың жеке қабілеттеріне сүйене отырып пайдалану, экономикалық білім беру процесінде тұлғаның дамуы үшін жақсы жағдай жасайды. Осыдан:

    1. əрбір оқушыны   жеке   тұлға      ретінде      жəне      оның     өзіне     тəн    ерекшелігін   ескермей, дифференциалды оқыту процесін құру;

    2. дифференциацияға негізделіп       оқытуда      мақсат      болмайды,       бұл     тұлғаның       ерекшелігін дамытудың тəсілі;

    3. дифференциалды оқыту      процесінде   əрбір      оқушының    жеке    ерекшелігін   дамытуды экономикалық білім беру процесі кезінде жүзеге асыруға болады [6].

    5.Топтық оқыту технологиясы.

     Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дəріссеминарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық əдістер тəрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық шарттардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс қарым-қатынас жəне бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың психология-педагогикалық негіздемесі: 1. Іс-əрекет принципін жүзеге асыру. 2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру. 3. Білімді жалпы жəне толық бақылау. 4. Оқу ұжымындағы психологиялық жағымды жағдайдың қалыптасуы. 5. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі. 6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.

    1. Компьютерлік оқыту технологиясы.

    Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға ,өздігімен шығармашылықпен жұмыс істей білу,қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін уйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтасыз етуді көздейтін берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.

    1. Дамыта оқыту мақсаттары міндеттері.

     Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
    Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: 
    -  оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, 
    тəрбиелей алады;
    -  баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға  ықпал  жасайды 
    (іскерлігі, машығын дамыту емес);
     Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – 
    ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық 
    жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты 
    шешу  арқылы  қалыптасады.

    1. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

    Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естігенін ,білгенін талдап,салыстырып,реттеп,сұраптап,жүйелеп,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттау,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

    1. Модульдік оқыту технологиясы

    Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға  берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модульдік оқытуда   оқушылардың оқу материалын тұтас, жүйелі ұғынуына жағдай туады, ақпараттық білімдік орта құру арқылы модульден мәтінге, тапсырмалар мен тестерге өтуге болады. 

    1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы.

    «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары 1) өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2) есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3) Тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру.

    1. Деңгейлеп оқыту тапсырмасы (Қараев)

    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қаратевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты –жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын 4 деңгейге бөліп қарастырған.1.Үйреншілік 2.Алгоритмдік 3.Эвристикалық 4.Шығармашылық.

    1. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы

    В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту. В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті.

    І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,

    ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,

    ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,

    IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,

    V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне жазып,

    VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.

    Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.


    написать администратору сайта