пра. мед құқық. ылмысты жауапкершілік
Скачать 22.2 Kb.
|
Қылмыстық жауапкершілік Медициналық көмекке жүгінген адамдардың ауруларының алдын алу, диагнозын анықтау, емдеу бойынша міндеттерін орындамау, тиісті түрде орындамау арқылы көрініс табатын құқық бұзушылық медицина қызметкерлерінің заңдық жауапкершілігіне негіз болып табылады. Қылмыс жасау – қылмыстық жауапкершіліктің жалғыз негізі. Қылмыстық кодексте көзделген істер қоғамға қауіпті болу сипатына және дәрежесіне қарай қылмыстың жеңіл түрі, қылмыстың орташа түрі, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлінеді. Қылмыстың ауырлығына қарай жазаны бас бостандығынан айыру түрінде өтеудің ең жоғары мерзімдері екі, бес, он екі және одан көп жылдар көлемінде белгіленген. СӨЗДІК. Медициналық құқық бұзушылықтар – бұл медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда пациент денсаулығына зиян келтіруге алып келетін немесе алып келуі мүмкін (белсенді немесе сылбыр) қылықтары. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету 1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2-1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, - жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 3. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқса, – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшіншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Медициналық ортада және қызметте орын алған жанжалдар Медициналық ортада және қызметте орын алған жанжалдардың негізінде көзқарастар, мүдделер, міндеттер мен мақсаттардың, сондай-ақ оларға қол жеткізу тәсілдерінің қақтығысы жатыр. Бұл жағдаят қоғамда арта түскен әлеуметтік шиеленіспен, медициналық қызметтер мен медикаменттерге бағалардың өсуімен, емдеу мекемелерінің медициналық қызметкерлері мен клиенттерінің дербестендірілген жеке тұлғаларын құрайтын денсаулық сақтау мекемелері қызметінің еркшелігі аясында өмір сүру құнымен және тұрақты өсіп келе жатқан қарқынмен күрделене түседі. Соңғы уақытта медициналық мекеме мен пациент, дәрігерлер мен пациенттер, орта медициналық буын қызметкерлері мен пациенттердің арасындағы және т.б. жанжалдар санының өсуі байқалуда. Медицинадағы жанжалдардың себептері Бұл жанжалдардың бір бөлігі объективтік, енді бір бөлігі – субъективті себептерден туындайды. Медициналық қызметкерлер жол беретін қателіктердің объективті себептері мыналар болып табылады: денсаулықты қарқынды дамушы заманауи ғылым мен техника тұрғысынан бағалаудың жылдам өзгеретін тәсілдермен байланысты ауруларды диагностикасы мен оларды емдеудегі өзгерістер; нақты емдеу мекемесінде қолданылатын технологиялар мен медициналық техниканың жетілдірілмегендігі; ішкі себептермен емдеу мекемесінің немесе бөлімшесінің жұмысындағы бейберекеттік. Практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, медициналық бикелері медициналық қызметкер өзінің барлық міндеттерін медициналық ғылым мен практика тұрғысынан дұрыс орындаған жағдаяттың өзінде де, пациентпен өзара әрекеттестікте заңдық және психологиялық қателіктері дәрігер мен медбикеге, сондай-ақ бүкіл медициналық мекемеге де елеулі салдарлар әкелуі мүмкін екендігін әрқашанда естерінде сақтаулары тиіс. Медициналық қызметкерлер жол беретін қателіктердің субъективті себептері мыналар болып табылады: медициналық қызметкерде нақты жағдаят талап ететін дайындық деңгейінің жоқтығы; медициналық қызметкердің емдік-диагностикалық қызметтің коммуникациялық құрамдасымен байланысты қателіктері; медициналық қызметкердің өз кәсіптік дайындығын жетілдіруге қабілетсіздігі немесе құлықсыздығы. |