Главная страница

Анимация. Имам Матуруди кім


Скачать 14.54 Kb.
НазваниеИмам Матуруди кім
Дата07.03.2023
Размер14.54 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАнимация.docx
ТипДокументы
#973932

Имам Матуруди кім?

Толық аты-жөні: әл-Имам Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд әл-Матуруди әл-Ансари

Һижри 256 жылы Самарқандта өмірге келіп, 333 жылы қайтыс болған

Ислам Ақидасы мен Кәлам саласында ақыл-ойға басты мән берген «Матуруди» деп аталған үлкен теологиялық мектептің негізін қалаушы

Аһлу Сунна мектебіндегі екі ғалымның бірі

Фиқһ пен Ақидада ханафилікті ұстанған

Заманының қажеттілігіне орай, ақида саласын кеңінен таратуға ат салысқан

Оның жолы ханафиліктен бөлек емес, қайта оның жалғасы

Заманындағы теріс ағымдардың кең таралуына кедергі болып, жүзден астам шәкірттер тәрбиелеп, Исламның орта Азияда кең таралуына үлкен үлес қосқан

Имам Матурудидің өмір сүрген кезеңі Аббаситтер билігінің әлсіреп, соның нәтижесінде біршама ислам мемлекеттерінің пайда болып жатқан уақытымен тұспа-тұс келді

Осының әсерінен жан жақтан теріс ағымдар, яһудилер, философтар т.б. адамдар дін жәйлы теріс пікір айтып жатқан кезең пайда болды

Бұл пікірлерден ойлары адасып, күмәнда жүрген халыққа ақыл мен нақылды ұштастыра отырып дұрыс жауап беретін Кәлам атты жаңа ілім пайда болды

Имамның пікірлері көбінесе кәррамилер, шейіттер, муғтазиларға қарсы болған

Өз заманында пайда болған муғтазила ағымының көсемі жазған үш кітапқа қателерін көрсете отырып жауап ретінде үш кітап жазған

Ақылға қарсы болған, аят пен хадистердің барлығын дерлік тек сөзбе сөз түсіну керек деген фақиһтар мен мухаддистерге қарсы пікірде кітап жазған

Қазақ даласында өмір сүрген Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп сынды т.б. ағартушы ғалымдардың барлығы фиқһта Абу Ханифаның мазхабын, ақидада Матурудилік мектепті ұстанған

«Китаб ат-Таухид», «Та`уилатул Қуран» сынды үлкен кітаптардың авторы


написать администратору сайта