информатика дарабозы. Информатика дарабозы. Информатика дарабозы атты сыныптан тыс шара Сабаты таырыбы Информатика дарабозы
Скачать 15.58 Kb.
|
«Информатика дарабозы» атты сыныптан тыс шара Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы» Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру. б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс Сабақтың түрі: сайыс сабақ Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар. Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар. Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру. 1). Сынып оқушыларын түгендеу. 2). Сабақ жоспарын таныстыру. Жарыс кезеңдері: І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі). ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай). ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай). ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай). V. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады. VII. Марапаттау Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 9 - сынып оқушыларын ортаға шақырамын. Алдағы біз баратын бағыт анық, Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт. Информатика әлеміне аяқ басып, Компьютер тілінде біз жарысалық. І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі). Кез келген программаның алғашқы жолы..... сөзінен басталады (Program) 2. Нақты тип операторын тап (Real) 3. Алгоритмнің түрлері? (Сызықтық, тармақтық, циклдік) 4. Қалдықты бөлу? (MOD) 5. Integer қандай сан? (бүтін) 6. Меншіктеру операторы қалай белгіленеді? (:=) 7. Var қызметші сөзінің аудармасы. (Айнымалы) 8. Паскаль программалау тілінің авторы кім? 9. Түбір астындағы Х - ті Паскальда қалай болады? (SQRT (X)) 10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын кұрал... (Компьютер) Жас достарым, мұны айтпаймын несіне, Информатиканы құрметтеу менің есімде. Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз, 30 ұпай, шәкіртім саған несібе. ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай). Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор) Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank) Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл) Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard) Батырмасын басасың Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus) Қойылған сұрақ есепке, Ойланып жауап іздейік. Уақытты текке өткізбей, Қатесін анықтап берейік. ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай) 1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4 - 2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. неше стакан қалды? - 3 стакан - 3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар. 4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары - 5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы - 6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? - 8 - Жарысайық сайыста, Кімнің ойы мықты екен?! Кімнің күші аздау боп, Кім озып алға шықты екен. ІІІ кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай). Нимотор ----------- Монитор Пьюромтек ------- Компьютер Енрепатқат -------- Пернетақта Лайф ---------------- Файл Рльоукятакл ------ Калькулятор Атқсуа -------------- Сақтау Аэкторикелн ----- Электроника Дңеөу -------------- Өңдеу Млтогира ---------- Алгоритм ІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. VI. “Жорға” Қалған оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады. 1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер) 2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер) 3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор) 4. Терезенің орысша атауы? (Окно) 5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint) 6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ) 7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит) 8. Бір байтта неше бит бар? (8) 9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема) 10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус) 11 ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70) 12. «Paint» қандай редактор? (графиктік) 13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит) 14. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын) 15. Дүние жүзілік желі? (Интернет) 16. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (Caps Lock) 17. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1) 18. Компьютердің миы (Процессор) 19. Вирусты жоятын программа (антивирус) 20. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон) Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Информатика дарабозы» сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! |