информатика кабинетіне қойылатын талаптар. ИК қойылатын талаптар. Информатика кабинетіне ойылатын талаптар
Скачать 39.94 Kb.
|
Информатика кабинетіне қойылатын талаптар Мектеп оқушылары үшін информатика кабинетінде дербес компьютерлермен жұмыс орындарын ұйымдастыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар дербес электронды-есептеуіш машиналарға қойылатын гигиеналық талаптардың 11-бөлімінде жазылған (СанПиН 2.2.2/2.4.1340-03). Информатика кабинеті дербес компьютермен жұмыс істеуге арналған бір орынды үстелдермен жабдықталуы тиіс. ДК-мен жұмыс істейтін адамға қарама-қарсы үстелдің шетінің биіктігі және аяққа арналған кеңістіктің биіктігі аяқ киімдегі білім алушылардың бойына сәйкес келуі тиіс. Үстел мен орындық білім алушының бойына сәйкес келмеген жағдайда биіктігі бойынша реттелетін аяқ тірегін пайдалану керек. Информатика кабинетінде табиғи және жасанды жарықтандыру болуы керек. Табиғи жарықтандыру негізінен солтүстікке немесе солтүстік-шығысқа бағытталған терезелер арқылы жүзеге асырылуы керек. Жұмыс үстелдерін табиғи жарық сол жаққа түсетін етіп орналастыру керек. Терезе ойықтары жалюздер, шымылдықтар, сыртқы күнқағарлар және т. б. сияқты реттелетін құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Дербес компьютерлер орналасқан білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінің үй-жайларында талаптар мен нормаларға сәйкес Шу мен діріл деңгейлері тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс. ЕТ кабинетiнде бейнетерминалдың үш тобымен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi: А – түрлi-түстi, тек демонстрациялық мақсатта; Б – оқу процесiнде жеке қолданушыларға арналған түрлi-түстi мониторлар; В – ЕТ кабинетi үшiн монохромды. ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде оқушылардың дұрыс отыруына қойылатын талаптар. ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде дұрыс отыру керек. Оқушы отырған орындық жиегi үстел жиегiне 3-5см кiрiп тұруы керек. Жауырынның төменгi жағын тiреп отыратын тiрек болуы қажет. Иықтың бұлшық еттерiне және қолға күш түспес үшiн шынтақты тiреп отыратын пернетақтаның алдында орын болуы керек. Шынтақ пен иық және бел мен тiзе 90° бұрыш жасау қажет. Көз деңгейi тiк орналасқан экран бетiнiң ортасында немесе оның биiктiгiнiң 2/3 бөлiгiнде орналасуы керек. Көру сызығы экран бетiне перпендикуляр орналасуы тиiс. Оқу кабинетіндегі жиһаз кешендеріне қойылатын талаптар 1.Әрбір оқушының бойына сай, көру және есту қабілетіне байланысты жұмыс орны- отыратын партамен немесе үстелмен қамтамасыз етіледі. Оқушының бойына сай жиһазға белгі салу керек. Орындықтың орнына арқасы жоқ орындақтарды пайдалануға тыйым салынады. 2.Көру мен есту органдарының ақауы бар балалар үшін парталар нөміріне қарамастан, бірінші қатарға қойылады. Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жатқан бірінші қатарда орналасуы керек. Тыныс алу жолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықта жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет. Оқу жайларын жабдықтағанда келесі өлшемдер сақталуы керек. 1.Екі орындықты үстелдердің қатарларының арасы 50 см-ден кем болмасын. 2.Үстел қатарларының арасы, сыртқы ж/е ішкі, қатар тұрған қабырлағаларының қашықтығы 50 см кем болмасын. 3.Соңғы үстелден қабырғаға, қарама-қарсы тақтаға дейін 70см кем болмасын, артқы, сыртқы болып есептелетін 100см кем болмасын. 4.Демонстрация жүргізетін үстелде оқу тақтасына дейін 100см кем болмасын. 5.Бірінші партадан оқу тақтасына дейін 2,4-2,7м ден кем болмасын. 6.Соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасына ара қашықтығы-8,6м ден көп болмауы керек. 7.Оқу тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-90см. 8.Тақтаның көру бұрышы мектептегі орта ж/е жоғарғы сынып оқушылары үшін 35 градустан ж/е 6-7 жастағы оқушыларға 45 градустан кем болмасын. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады: 1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды,розеткаларды,штекерлерді қозғауға;жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды. 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. 4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс жасауға болмайды. 5. Қорабы немесе сымдары зақымдалған ДК-де жұмыс жасауға болмайды. 6. ДК-дін жаныдағы үстел үстінде портфель,сөмке,кітап қоюға тыйым салынады.Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. 7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болайды. 8. Компьютерлік сыныпта жүргіруге,ойнауға,жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға,басқа жұмыспен айналысуға болмайды. Дк-де жумыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары: 1. ДК-ді мұқият қарап,оңашалнуының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек. 2. Сымдарды жұмыс кезінде байқаусызда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанынына көңіл аудару керек. 3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек. ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары: 1. ЭЕМ жұмыс кезінде көздін оңтайлы арақашықтығы (60-70см) сақтау қажет.Жұмыс істеуге тиімді қашықтық – 50 см. 2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге тұруының қажет емес. 3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады. 4. Оқушылар электр тоғымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін,өртсендіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс. 5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек. Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары: 1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса,күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайдаболса,компьютер жұмысын бірден тоқтатып,аппаратураны ток көзінен ажыратып,мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек. 2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек. 3. Қажет болғанда,электр тоғынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек. 4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс.Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады. 5. Егер зақымданған кісі электр тоғының әсерінде болса,онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс.Электр тоғын өткізбейтін материал пайдаланып,зақымданған адамды босатып алу керек. ДК жүмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары: 1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек. 2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек. 3. Жұмыс орынын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек. |