Главная страница
Навигация по странице:

  • «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

  • В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс ФӨТ19-029Қ тобы студентінің «Дәрінің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік

  • Тобы

  • 1 апта

  • 3-апта.

  • практика отчет. Дүйсембаева Мөлдір отчет. Инженерлік пндер жне тиісті тжірибелер кафедрасы


    Скачать 479.37 Kb.
    НазваниеИнженерлік пндер жне тиісті тжірибелер кафедрасы
    Анкорпрактика отчет
    Дата13.02.2023
    Размер479.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДүйсембаева Мөлдір отчет.docx
    ТипДокументы
    #935195






    «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



    Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасы

    Фармацевтикалық технология кафедрасы


    Күнделік

    Баспа:1


    3 беттің 1-беті



    В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс ФӨТ19-029Қ тобы студентінің «Дәрінің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практикасы бойынша жасаған

    АРАЛЫҚ ЕСЕБІ

    Тәжірибенің өткізілетін орны: «AntiGen» ғылыми өндірістік кәсіпорын
    Өндірістік тәжірибенің ұзақтығы: 09.01.2023-18.02.2023ж
    Тобы:ФӨТ19-029қ
    Студент: Дүйсембаева Мөлдір Ержанқызы


    қолы: __________ күні:__________

    Алматы,2023

    ЕСЕП


    10.01.2023-13.01.2023 ж.

    Мастер-класстар

    1 апта. 10.01-нен 13.01-не дейін мастер класстарда болдық.

    10.01 күні GMP талаптары, GMP талаптары бойынша бұйрықтар және таза бөлмелер, яғни А,В,С және Д тазалық сыныптары жайлы айтылды.

    11.01 күні Капсалямова Э.Н. К.Фарм.Н., АСС профессор « GMP бойынша өндіріс аймақтарының жіктелуі» тақырыбы бойынша лекция жүргізді.

    12.01 күні лектор Раганина К.Т. «ҚР фармацевтикалық өнеркәсіпке шолу» тақырыбында лекция жүргізді. Және де әлемдік фармаиндустриядағы тенденциялар, әлем бойынша ең ірі дәрілік препараттар өндірістерін және 2020 жылғы фармацевтикалық заттар өндірісінің рейтингі жайлы айтылды. Қазақстан бойынша транснациональды компаниялар, Polpharmа, Kelun, Abdibrahim және Фармстандарт сиякты компаниялар бар екені жайлы айтты.

    13.01 күні Омирзаков М.Т., доцент , PhD директор ТОО GXP Company «Дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу саласындағы нормативтік актілерге шолу» бойынша лекция жүргізді.



    16.01.2023-20.01.2023 ж.

    «AntiGen» ғылыми өндірістік кәсіпорыны


    2-апта. 16.01-нен 20.01-не дейін біз «Дәрінің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практикасы бойынша «AntiGen» ғылыми өндірістік кәсіпорынына бардық. Кәсіпорыннан өндірістік тәжірибесінде бізге жауапты, ТОО «AntiGen»-де биомедицина және жасушалық биотехнология зертханасының меңгерушісі - Нурмухамбетова Анара Баубековна. «AntiGen» ғылыми-өндірістік кәсіпорны 1998 жылы негізі қаланған болатын. «AntiGen» кәсіпорны заманауи технологиялар мен жабдықтарға сәйкес биологиялық және дәрілік препараттарды және ветеринариялық препараттарды өндіруші болып табылады. Және де осы комапнияда сіріспеге қарсы жануарларға арналған вакциналар шығарылады. Дәрілік заттарды өндіруде «AntiGen» ғылыми өндірістік кәсіпорыны GLP (Good Laboratory Practice) және GMP (Good Manufacturing Practice) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны қамтамасыз етеді.



    23.01.2023-27.01.2023 ж.

    Мастер-класстар

    3-апта. 23.01-нен 27.01-не дейін мастер-класстар болды.

    24.01 күні phd, доцент Киекбаева Л.Н. «Дәрілік заттардың сапасын бақылау әдістерін таңдауды негіздеу» тақырыбы бойынша лекция өтті.

    25.01 күні Елекен Г.К. ЕАЭС,ҚР фармакапеялары бойыншы мастер-класс өткізді.

    26.01 күні лектор Тургумбаева А.А.«Сапа бақылау , стабильность стандартизация» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді.

    27.01 күні дипломдық жетекшімізбен бірге дипломдық жұмысымызға байланысты кәдімгі жебіршөп (Thýmus vulgáris L.) шикізатының сапа көрсеткіштері бойынша эксперименттік бөлімін жасадық.

    30.01.2023-03.02.2023 ж.

    Симуляциялық орталық

    4-апта. 30.01-нен 03.02-не дейін «Дәрінің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практика симуляциялық орталықта болды. Практика кезінде симуляциялық орталықтағы аппараттармен және олардың жұмыс жасау принциптерімен таныстық. Оның ішінде: капсула және таблетка жасау және олардың сапа көрсеткіштерін тексеруді үйрендік. Капсулаларды дайындау кезінде ең бірінші капсула жасағыш аппаратқа дайын желатинді капсулаларды екіге бөліп саламыз, кейіннен оның ішіне арнайы ұсақталған ұнтақты саламыз,престейміз сосын екінші капсуламен жауып, дайын капсулалар аламыз.



    06.02.2023-10.02.2023 ж.

    Мотивациялық кездесу

    5-апта. 06.02-нен 10.02-не дейін түрлі тақырыптарға арналған мотивациялық кездесулер болды .

    06.02 күні лектор Бакитжан Д. жетекшілгімен «Ұлттық рәсім және ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды тіркеу» тақырыбында мотивациялық кездесу болды.

    07.02 күні Алламбергенова З.Б. жетекшілігімен “Тиісті зертханалық практиканың негізгі принциптері” тақырыбында мотивациялық кездесу болды.

    08.02 күні Омаркулова Н.С. жетекшілігімен " Фармацевтикалық өнеркәсіпті жобалау мен жабдықтау " тақырыбында мотивациялық кездесу болды.

    09.02 күні "Вива Фарм" базасының өкілі Кадырбай А."Қатты дәрілік нысандар(таблеткалар мен капсулалар)" тақырыбында мотивациялық кездесу болды.

    10.02 күні Ордабаева М. жетекшілігімен "Фармакоэкономикалық талдау негіздері" тақырыбында мотивациялық кездесу болды.


    Дипломдық жұмыстың жетекшісі ­­ Жандабаева Мөлдір Алібекқызы PhD-доктор

    Студент Дүйсембаева Мөлдір Ержанқызы­­­­
    Тобы: ФӨТ 19-029


    написать администратору сайта