Главная страница

Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Жалпы білі. Инклюзивті білім беру


Скачать 105.06 Kb.
НазваниеИнклюзивті білім беру
Дата06.07.2022
Размер105.06 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаИнклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Жалпы білі.doc
ТипДокументы
#625518

Инклюзивті білім беру

Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді:

- әр адам білім алуға құқылы;

- білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;

- барлық балалар білім алуы керек;

- әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;

8 - әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;

Егер ата-аналарда өз баласына қатысты төмендегідей қиыншылықтар туындаса: -психикалық дамуы мен сөйлеу тіліндегі тежелістер; -сөйлеу тілі, зейін және есте сақтау қабілеттеріндегі бұзылыстар; -психикалық дамуы және сөйлеу тіліндегі ауытқулармен қатар көру, есту қабілеттері,тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар; -мектептегі үлгермеу; мінез-құлық мәселелері мен қарым-қатынас қиындықтары; -

Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беружүйесінің дамуына тоқтап атап өтейін. «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білімберуді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: -мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады; — мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; — түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; -мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Қазақстан Республикасының Заңдары:

«Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы».

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.

Ал қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады. Олар:

1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;

2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);

3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;

4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;

5) оқыту формасын таңдау;

6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;

7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;

И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді

Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып,өркендеуіне педагогтар қауымы зорьь үлес қосуы қажет деп ойлаймын.

 


написать администратору сайта