Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қазақ тілі Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

  • Ұлы Отан соғысы. Қазақ жауынгерлері.

  • Әр бөлімнің негізгі ойын жазыңыз

  • 2 -тапсырма. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

  • 3 -тапсырма. «ПОПС»формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңізді дәлелдеңіз.

  • ІІІ. Жазылым Таңдау бойынша тақырыбы (задание на выбор)

  • Бағалау критерий

  • Барлығы 15

  • соч 4 четв. Инструкция соч должен быть выполнен в тетради и отправлен на проверку учителю


    Скачать 20.3 Kb.
    НазваниеИнструкция соч должен быть выполнен в тетради и отправлен на проверку учителю
    Дата21.10.2022
    Размер20.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласоч 4 четв.docx
    ТипИнструкция
    #746085

    Инструкция:

    СОЧ должен быть выполнен в тетради и отправлен на проверку учителю на электронную почту или Whatsapp. Данные электронной почты:

    • Кизатулина Гульшат Амангельдиновнаkizatulina74@inbox.ru

    Все задания выполняются в строгом порядке, аккуратно! Время выполнения – 45 минут!



    «Қазақ тілі Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша

    жиынтық бағалау тапсырмалары
    І. Оқылым.

    Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
    Ұлы Отан соғысы. Қазақ жауынгерлері.

    1941 – 1945 жылдары орын алған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыс болып тарихқа енді. Биыл бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына жетпіс алты жыл болды. Дегенмен, бұл соғыстың ешқашан ұмытылмайтыны анық. Себебі жеңіс оңай келген жоқ.

    Қазақ халқы өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық. Небір қиын – қыстау жаугерлік заманында елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымыз, батырларымыз аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Бұл соғыста батыр әпкелеріміз Әлия мен Мәншүк те ерлермен қатар ерлік көрсетіп, Отанын қасық қандары қалғанша қорғауға тырысты.

    Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

    Мәншүк Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

    Біз қазір "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі - қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы. Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз!
    1-тапсыма. Кестені толтырыңыз: Выпишите из каждого абзаца главное по смыслу предложение



    Әр бөлімнің негізгі ойын жазыңыз

    1.




    2.




    3.




    4.






    [2]


    2 -тапсырма. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

    Батыр – қаһарман

    Қайтыс болды – қаза тапты

    Туған - дүниеге келген

    Өлтірген –

    [2]

    3 -тапсырма. «ПОПС»формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңізді дәлелдеңіз. Используя формулу «ПОПС» сформулируйте свои мысли, приведите пример и напишите доказательство по тексту.

    Бірінші сөйлем - «Менің ойымша .........».

    Екінші сөйлем – «Себебі мен оны ........... деп түсінемін».

    Үшінші сөйлем – «Оны мен ........... деген фактілермен дәлелдеймін».

    Төртінші сөйлем – «Осыған байланысты мен ............ деген шешімге келдім».

    Роботтар адам орнын алмастырады.
    Менің ойымша 21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Оны мен Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол – адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.

    Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты. Деген фактілермен дәлелдеймін [3]

    Қортындылай келе.Робот – техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады.

    ІІІ. Жазылым

    Таңдау бойынша тақырыбы (задание на выбор):

    1. «Роботтар адам орнын алмастырады» тақырыбы бойынша эссе жазу, көлемі - 120-140

    сөзден тұратын.
    немесе (или)

    2. „Жас өнертапқыштар“ тақырыбы бойынша әңгіме жазу, көлемі - 120-140 сөзден тұратын.


    [8]


    Бағалау критерийі

    тапсырма

    Дескриптор

    Балл

    Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу, синоним сыңарын таба алады.



    Оқылым

    1-2




    2

    2

    Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, салыстырады,

    автор берген

    мінездемені

    анықтайды, дәлелдейді

    Оқылым 3

    Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, салыстырады

    берілген автор мінездемесін аңықтайды, дәлелдейді

    3

    Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазу


    Жазылым

    Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды, тақырып бойынша жазады


    8

    Барлығы







    15


    написать администратору сайта