Информатика ҚМЖ. Интеллектуалды ойынны таырыбы Информатика лемінде Масаттары Білімділік
Скачать 38.61 Kb.
|
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде» Мақсаттары: 1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. 2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар. Ойынның барысы: Информатика болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып 21-ші ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды. Good afternoon dear teachers and students! Welcome to our intellectual game "in the world of computer science". Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! бүгінгі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Көңілді тапқыштар, білгіштер Бар өнерін салады, Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер. This game will be in the following sections: Part 1 "Acquaintance". Part 2 "Secret field". Part 3 "Who is faster?" Part 4 "Baiga". Part 5 "Polyglot". Part 6 "A kind word is the key to revealing the mood." Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады: 1- бөлім «Таныстыру». 2- бөлім «Құпия алаң». 3- бөлім «Кім жылдам?». 4- бөлім «Бәйге». 5- бөлім «Полиглот». 6- бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт». Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады. Асып әсте саспайық, Сайыс қызығын ей достар. Осылайша шабытпен, Қане енді бастайық Жиналған ылғи дарындар, Жүрегі от боп жалындар. Топтардың бәрін халайық, Қол соғып қарсы алайық. And now let's meet the groups: Group 1 group "Computer" Group 2 Internet Group бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. In this section, the leaders of each group represent their group. 1-топ «Компьютер» Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі! Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар. Девизі:«Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз» 2-топ «Интернет» Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз мектепте алған білімді» Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді. ( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады) Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап, жым отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп 2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз. 1. Компьютер миі? (жүйелік блок) 2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?(модем) 3. Мәлімет енгізу құрылғысы?(пернетақта) 4. Ақпаратты шығару құрылғысы(принтер) 5. Графикалық редактор? (Paint) 6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор) 7. Дауыс жазуға арналған құрылғы?(микрофон) 8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина) 9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер) 10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word) 11. Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы) 12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы) 13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан?(латын) 14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) 15. Келесі жүріс.(жүріс келесі топқа беріледі) 16. Қатқыл диск қайда орналасқан?(жүйелік блоктың ішінде) 17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады) 18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді(тышқан) 19. « Microsoft» фирмасының президенті(Билл Гейтс) 20. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт) Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп 3 бөлімді бастайық «Кім жылдам?» Бұл кезеңде екі топқа М, Д, П әріптері таңдау беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық сөздер жазу керек. Қайсы топ көп, әрі жылдам жазса сол жеңіске жетеді. М - Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, мирофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б. Д - Диск, дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма, документтер, дерекетер т.б. П - Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, павкаль, процедура, пайдаланушы т.б. Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен! Уақыт деген зымыран, зулап жатыр, Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп 4 – бөлімді бастайық «Бәйге»бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі. Сары конверт сұрақтары: Yellow Envelope (Questions in a Yellow Envelope) 1. Баспа құрылғысы(принтер) 2. Компьютер теледидары (монитор) 3. Үлкен темір қорап(жүйелік блок) 4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін) 5. Зиянкес бағдарлама (вирус) 6. Файлдар жиыны (бума) 7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат) 8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым(информатика) 9. Информатика өлшем бірлігі(бит, байт) 10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint) Қызылконверт сұрақтары: Questions in a red envelope 1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс) 2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок) 3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия) 4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан) 5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 6. Дыбыс естілетін қорап (колонка) 7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта) 8. Компьютердің маманы (программист) 9. Бүкіләлемдік желі (интернет) 10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус) Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ тапсырма болса-деп 5-бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. Жүйелік блок - Системный блок - System unit Монитор - Монитор – Monitor – Screen(Экран) Құлаққап – Наушники – Headphones Бума – Папка – Folder Іздеу – Поиск – Search Терезе – Окно – Window Маус (Тышқан) – Мышка - The mouse Пернетақта – Клавиатура – Keyboard Қоқыс жәшігі – Корзина – Basket Принтер - Принтер - Printer Осымен 5-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді Жеңістің мынау шыңына.-деп 6-бөлімді бастайық «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт» бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады. Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ! ---------------------------------------- Жетпесіңе жеткізген, Қызықты уақыт өткізген. Бар ғылымды сыйдырып, Білетіні көп бізден. Жаңалықтың жаршысы, Жұртты елең еткізген Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. ( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі). Today our intellectual game is over. I think our game today was fun and interesting. Very educated and talented students took part in today's game. Many thanks to the participants! Congratulations to everyone! (Конгратулейшнс евириуане) Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады: 1- бөлім «Таныстыру». 2- бөлім «Құпия алаң». 3- бөлім «Кім жылдам?». 4- бөлім «Бәйге». 5- бөлім «Полиглот». 6- бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт». ТАНЫСТЫРУ 1-топ «Компьютер» Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі! Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар. Девизі:«Тапқырлықтанытумақсатымыз, Білімменшықсынтекжақсыатымыз» ТАНЫСТЫРУ 2-топ «Интернет» Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз мектепте алған білімді» 3 бөлім «Кім жылдам?» Бұл кезеңде екі топқа М, Д, П әріптері таңдау беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық сөздер жазу керек. Қайсы топ көп, әрі жылдам жазса сол жеңіске жетеді. М - Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, мирофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б. Д - Диск, дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма, документтер, дерекетер т.б. П - Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, павкаль, процедура, пайдаланушы т.б. бөлім «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. 1. Компьютер миі? (жүйелік блок) 2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?(модем) 3. Мәлімет енгізу құрылғысы?(пернетақта) 4. Ақпаратты шығару құрылғысы(принтер) 5. Графикалық редактор? (Paint) 6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор) 7. Дауыс жазуға арналған құрылғы?(микрофон) 8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина) 9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер) 10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word) 11. Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы) 12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы) 13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан?(латын) 14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) 15. Келесі жүріс.(жүріс келесі топқа беріледі) 16. Қатқыл диск қайда орналасқан?(жүйелік блоктың ішінде) 17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады) 18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді(тышқан) 19. « Microsoft» фирмасының президенті(Билл Гейтс) 20. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт) 4 – бөлім «Бәйге» Сары конверт сұрақтары: 1. Баспа құрылғысы(принтер) 2. Компьютер теледидары (монитор) 3. Үлкен темір қорап(жүйелік блок) 4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін) 5. Зиянкес бағдарлама (вирус) 6. Файлдар жиыны (бума) 7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат) 8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым(информатика) 9. Информатика өлшем бірлігі(бит, байт) 10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint) Қызылконверт сұрақтары: 1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс) 2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок) 3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия) 4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан) 5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 6. Дыбыс естілетін қорап (колонка) 7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта) 8. Компьютердің маманы (программист) 9. Бүкіләлемдік желі (интернет) 10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус) 5-бөлім «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. Жүйелік блок - Системный блок - System unit Монитор - Монитор – Monitor – Screen(Экран) Құлаққап – Наушники – Headphones Бума – Папка – Folder Іздеу – Поиск – Search Терезе – Окно – Window Маус (Тышқан) – Мышка - The mouse Пернетақта – Клавиатура – Keyboard Қоқыс жәшігі – Корзина – Basket Принтер - Принтер - Printer 6-бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт» бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады. |