Главная страница

Бектурова Компьютериада. Интеллектуалды ойынны таырыбы компьютериада Армысыздар, стаздар мен оушылар! Таланттылар терін тгіп, толансын, Тлпарлары топ жарысында, жлде алсын


Скачать 24.6 Kb.
НазваниеИнтеллектуалды ойынны таырыбы компьютериада Армысыздар, стаздар мен оушылар! Таланттылар терін тгіп, толансын, Тлпарлары топ жарысында, жлде алсын
Дата24.05.2023
Размер24.6 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБектурова Компьютериада.docx
ТипДокументы
#1155472

Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:   «КОМПЬЮТЕРИАДА»

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын»,деп бүгінгі  «КОМПЬЮТЕРИАДА» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1-бөлім «Таныстыру».

2-бөлім «Құпия алаң».

3-бөлім  «Жұмбақ шешу».

4-бөлім  «Бәйге».

5-бөлім  «Өлеңім-өнерім».

6-бөлім « Мақал –сөз мәйегі».

7-бөлім «Полиглот».

8 бөлім Капитандар сайысы

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын жазады

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Компьютер»

2-топ «Антивирус»

3-топ «Интернет»
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2- бөлімді бастайық  «Құпия алаң»Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. ЭКРАН 2 БӨЛІМ

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
3 бөлімді бастайық « Жұмбақ шешу» топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және  дұрыс шешетін болса алға шығады.

Quzziz ойыны телефон арқылы қолсылымыз ЭКРАН

Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп
4 – бөлімді бастайық  «Бәйге»бұл бөлімде  компьютерді бұзып жинау.

Әр топтың шеберлерін аланға шақырамыз

 Осымен 4-бөлім аяқталды

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп
5-бөлімді бастайық  «Өлеңім-өнерім»

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп
6-бөлімді бастайық  «Мақал–сөз мәйегі»бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі. ЭКРАН

1.    Жігітті компьютеріне қарап, бағала(Жігітті досына қарап, бағала)

2.    Байт биттен құралады(Теңге тиыннан құралады)

3.    Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.    Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім(Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.    Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.    Білмесең, «анықтама»-дан сұра(Білмесең білгеннен сұра)

7.    Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.    Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды(Досы күштіні – жау алмайды)

9.    Күлсең ескірген компьютерлерге күл(Күлсең кәріге күл)

10.Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп
7-бөлімді бастайық  «Полиглот»  топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. ЭКРАН 7 БӨЛІМ

1.   Полиглот кезеңінде:

1. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы ( мұғалім – учитель – teacher )

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп кішкентай күн көзін ( шам – лампочка – lamp )

3. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш – линейка – ruller )

4. Төрт қырлы өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ ( бор – мель – chalk )

5. Үй ішін аралап, түнде көп жортады,

Қаптарды тесіп, мысықтан қорқады ( тышқан – мышь – mouse )

6. Қағазды басып шығару құрылғысы? (баспа – принтер – print)

7. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен адао

Жазып алам көшіріп,

Сүртемін сосын өшіріп ( тақта – доска - )

9. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

12. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

Осымен 7-бөлім аяқталды

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына.-деп
8-бөлімді бастайық  «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»  бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді(Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

----------------------------------------

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс!– деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).



написать администратору сайта