Главная страница

Интерактивті оытуды заманауи дістері


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеИнтерактивті оытуды заманауи дістері
Дата18.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлаinteraktivti-okytudyn.pptx
ТипЛекция
#250345

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

Даркенов Құрманғали Газезұлы «Аймақтану» кафедрасының профессоры, Халықаралық қатынастар факультеті

Интерактивті оқыту дегеніміз не?

  • Интерактивті оқу (оқыту) – әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену (үйрету).
  • нақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жол деп есептеледі, себебі адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны қалады.
  • Ағылшын тілінен келген «interaktiv» сөзіндегі «inter» «өзара» мағынасын, ал «akt» «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
  • интерактивті әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа ықпал жасайтын әдістер.
  • Конфуций 2500 жыл бұрын «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін» деген екен

Білім берудің кейбір тәсілдерін қолданғанда ақпараттың 24 сағат ішінде есте сақталуы




Тәсілдер

Есте сақталу деңгейі

1

Лекция

5%

2

Кітапты, мәтінді оқу

10%

3

Аудио және видео құралдарды қолдану, жазу

15%

4

Кесте, сурет, жоба басқа да көрнекіліктерді көрсету

30%

5

Пікірталас, талқылау

50%

6

Практикалық іс әрекеттер

75%

7

Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету

90%

Интерактивті оқыту

Білім беруде оқытудың бірнеше моделі қолданыста: пассивті – білім алушы оқытудың “нысаны” ретінде ғана (Білім алушы тыңдайды және көреді)


Оқытушы

Білім алушы

Білім алушы

Білім алушы

Интерактивті оқыту

  • Білім беруде оқытудың бірнеше моделі қолданыста: активті не белсенді моделде – оқытудың білім алушы дербес субъектісі ролінде болады (шығармашылықпен тапсырма орындайды, өзі дербес жұмыс жасайды)

Оқытушы

Білім алушы

Білім алушы

Білім алушы

Интерактивті оқыту

  • Білім беруде оқытудың бірнеше моделі қолданыста: интерактивті – inter (бірге, өзара), akt (жасау, әрекет ету) Оқыту үрдісі барлық білім алушылардың үнемі, белсенді өзара қимыл, іс әрекетімен жүзеге асырылады. Студент пен оқытушы оқытудың тең құқықты субъектілері. Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірдегі жағдайларды моделмен, үлгімен жеткізу, рөлдік ойындарды пайдалану, проблеманы бірге шешуді қарастырады. Оқу үрдісінде қандай да бір идеяның немесе қатысушының басымдылығына жол берілмейді.

Оқытушы

Білім алушы

Білім алушы

Білім алушы

Оқытудың интерактивті технологиясы

– бұл ұжымдық, бірін бірі толықтыратын , білім алушының оған қатыспай қалуы мүмкін емес оқытуды ұйымдастыру үрдісі, ол таным процесінде оқып үйренуде оған барлық қатысушылардың өзара бірлесіп әрекет жасауына негізделген.

Дәстүрлі оқыту мен интерактивті оқудың айырмашылықтары




 Дәстүрлі білім беру

(білімді жинақтауға негізделген)

 Интерактивті оқу

(білімді өздігімен игеруге негізделеді)

 Оқытушы

ның

ролі

Білім көзі, белсенді үйретуші «біліммен бос ыдыстарды» толтырушы, білім алушылардан анағұрлым көп білуші, «солист», «жалғыз актерлі театр» актері

Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, бағыт-бағдар сілтеуші, проблемалық түрде білім алушылар түйсінетін және талдайтын болмысты құрастырушы

Білім алушының ролі

Ырықсыз, бәсең, айтқанды орындаушы, қайталаушы, тыңдаушы

Белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігінен үйренуші, өз қажеттіліктерін айқындаушы

Оқытушы әрекеттері
  • Мәліметтер мен ақпараттар береді;
  • Өзі жасаған қорытындылар мен тұжырымдарды келтіреді;
  • Тапсырмалар береді;
  • Оқушылардың білімін тексереді;

  •  

Білім алушыларда мынадай қабілеттерді дамытуға ұмтылуға:

- Өзіндік әрекеттер мен көзқарас қалыптастыру мен дамыту;

- Ақпаратты өздігінен игеру, талдау шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру;

- Проблеманы айқындау және оны шешу жолдарын қарастыра білу;

- Келіссөздер және пікірталас жүргізе білу

- Өз сөзіне иландыру және бітімге келе білу

Білім алушы әрекеттері

- Бастамашылық пен ынта көрсетпейді, олардың есіне өз міндеттерін жиі салып әрекеттерін қадағалап, бақылап отыру керек;

- Сабақта енжарлық пен ықтиярсыздықты байқатады;

- Бәсеңдік пен ынтасыздыққа беріліп, қорытынды нәтижеге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі жоқ;

- Білімді өзідігімен игереді. Олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, идеялар, көзқарас деп түсінеді.

- Өз біліміне деген жауапкершілігі жоғары, оларға еш қысым жасаудың қажеттілігі жоқ.

- Бастамашыл, белсенді.

Әдістемелік ұстаным

Білім дайын күйінде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді. Оқу не оқыту есте сақтау деп түсініледі.

Білім дайын түрде берілмейді, білімді күмәнданып қабылдау. Бұл ұстаным диалогтық қарым-қатынас, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді.

Әдістемелік тәсілдер

Монолог, авторитаризм, қысым жасау, жасандылық, ұрандар, «мәдени жаншу» (диктат)

Диалог, еркіндік, қысымнан арылу, өзінділік, мәдени ықпал.

Проблема

ларға қатынасы

Проблемалардың пайда болуы сәтсіздік, жеңіліс деп түсініледі

Проблемалардың пайда болғаны оларды шешу жолдарын іздестіруге бастайды.

Негізгі мақсаты

Адамдардың күнделікті талапқа бейімделуі, «біліктілік» тұжырымы бойынша білім, білік дағды беру

Күнделікті болмысты адам қажеттілігіне сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзыреттілік» тұжырымы бойынша терең білім алу үшін тиімді орта мен жағдай жасау

Интерактивті оқыту әдістері

1. Жұптасып жұмыс жүргізу - Работа в парах

2. Айналым – карусель

3. Аквариум

4. Броундық қозғалыс - Броуновское движение

5. Шешім ағашы – Дерево решений

6. Позиция таңдау - Займи позицию

7. Кейс-стади (нақты жағдайды талдау)

8. Рөлдік ойын – Ролевая игра

9. Зерттеу (жобалар) - Исследования (проекты)

10. Семинар – пікірталас – Семинар-дискуссия

11. Ой қозғау – Мозговой штурм

12. Дөңгелек стол - Круглый стол

13. Іскерлік ойын - Деловая игра

2. Айналым - екі шеңбер құрылады: ішкі және сыртқы Ішкі шеңберде студенттер қозғалыссыз отырады, ал сыртқы студенттер 3 минут сайын ауысады. Осылай, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпта пікір алсып әңгімелесушіні өз пікірі дұрыстығына сендіруге тырысады. Карусель - образуется два кольца: внутреннее и внешнее. Внутреннее кольцо-это сидящие неподвижно студенты, а внешнее - студенты через каждые 3 минут меняются. Таким образом, они успевают проговорить за несколько минут несколько тем и постараться убедить в своей правоте собеседника. 4. Броундық қозғалыс – берілген тапсырма бойынша студенттердің мәлімет жинау мақсатында дәрісханада еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Броуновское движение предполагает движение студентов по всей аудитории с целью сбора информации по предложенной теме. 7) Сase-study немесе нақты жағдайды талдау – білім алушының танымдық қызыметін ұйымдастыруда тиімді және неғұрлым кең тараған әдістердің бірі. Нақты жағдайды талдау әдісі күмәні көп өмірлік және өндірістік міндеттерді талдау қабілетін дамытады Нақты жағдайға тап болғанда, студент, онда мәселе бар ма, ол неден тұрады, жағдайға өзінің көзқарасын анықтау керек. Сase-study (анализ конкретных ситуаций) один из наиболее эффективных и распространенных методов организации активной познавательной деятельности обучающихся. Метод анализа конкретных ситуаций развивает способность к анализу нерафинированных жизненных и производственных задач. Сталкиваясь с конкретной ситуацией, студент должен определить: есть ли в ней проблема, в чем она состоит, определить свое отношение к ситуации. 8) Рөлдерді ойнау – мынадай басты белгілерімен сипатталатын оқытудың белсенді әдістерінің бірі: - пайда болған міндеттер мен проблемаларды шешуде қатысушылар арасында рөлдерді бөлу арқылы шешім қабылданады. Мысалы, рөлдерді ойнау әдісі көмегімен өндірістік кеңесті немесе саяси процесті имитациялау мүмкіндігі туады. Разыгрывание ролей игровой метод активного обучения, характеризующийся следующими основными признаками: - наличие задачи и проблемы и распределение ролей между участниками их решения. Например, с помощью метода разыгрывания ролей может быть имитировано производственное совещание или политический процесс. 11) Ой қозғау (ми шабуылы, брейнсторминг) – ғылыми және практикалық проблемаларды шешуде жаңа идеяларды іске асыруда кең қолданылатын әдіс. Оның мақсаты – проблеманы шешуде дәстүрлі емес жолдарды іздестіру бойынша ұжымдық ойлау қызметін ұйымдастыру. Оқу процесінде ой қозғау әдісін қолдану келесі міндеттерді шешеді: - студенттердің оқу материалын шығармашылықпен меңгеру; - теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру; - білім алушылардың оқу-танымдық қызметін белсендіру; - өзекті міндеттерді шешуде Мозговой штурм (мозговая атака, брейнсторминг) - широко применяемый способ продуцирования новых идей для решения научных и практических проблем. Его цель — организация коллективной мыслительной деятельности по поиску нетрадиционных путей решения проблем. Использование метода мозгового штурма в учебном процессе позволяет решить следующие задачи: • творческое усвоение студентами учебного материала; • связь теоретических знаний с практикой; • активизация учебно-познавательной деятельности обучаемых; • формирование способности концентрировать внимание и мыслительные усилия на решении актуальной задачи; • формирование опыта коллективной мыслительной деятельности

Интерактивті оқыту тараптар арасындағы контакт, қарым қатынас, бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырылады

  • Бір бірімізді, тыңдай білейік
  • Бірлескен жұмыста актерлер мен көрермендер жоқ, бәрі де қатысушылар!.
  • Әрбір қатысушы өз пікірін білдіруі керек.
  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
  • Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады.
  • Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда.
  • Басқалардың пікірлерін сыйлайық!
  • Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!
  • Бір мәмілеге келуге атсалысайық!
  • Жанжалдарды болдырмауға ұмытылайық!

Герберт Грайстың максималары яғни этикалық қағидалары

1. Ақпараттың толықтығы максимасы (Бар білгеніңді айту)

2. Сапа максимасы (Шындықты айту)

3. Релеванттық максимасы (Тақырыптан ауытқымау)

4. Мәнер максимасы (Анық, қысқа, нақты және жүйелі сөйлеу)

5. Әдеп максимасы (Басқаларды сыйлау)

6. Кішіпейілдік максимасы. (Мақтаншақтықтан, өркөкіректіктен ада болу)

Интерактивті оқыту әдісінің түрлері

  • Интерактивті оқытуда проблемалық лекция, семинар, топтық тақырыптық пікірталас, нақты ситуацияны талдау әдісі, инцидент әдістері, блиц-ойындар, мини-ойындар, компьютерлік ойындар т.б. кеңінен қолданылады.
  • Пікірталас – аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өзекті проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен танысып, тиімді шешім қабылдау әрекеті.
  • Пікірталас – оқу және оқытудың тиімді тәсілдерінің бір. Себебі, білім алушылар қандай да бір өзекті мәселені немесе проблеманы талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарастарын жеткізуге, шешім қабылдауға, өзге пікірлерді ескеруге және оларды айналымға түсіруге үйренеді.
  • Пікірталастың басты мақсаты - әрбір білім алушының қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікірін, көзқарасын, тиімді шешім қабылдауын қалыптастыру.
  • Пікірталаста мынадай ереже сақталуы керек:
  • 1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек көзқарас, пікір, пайымдау ғана сыналу керек.
  • 2. Пікірталаста басты мақсат жеңу мес, ақиқатқа жету.
  • 3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.
  • 4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды.
  • 5. Пікірталас – ақиқатқа жетудің тиімді жолы.

SWOT анализ матрицасы Матрица SWOT анализа


Қазақстан

Қытай

АҚШ

Ресей

Мүмкіндік

Возможности

1.

2.

3.

Қауіп

Угрозы

1.

2.

3.

Күшті жақтары

Сильные стороны

1.

2.

3.

КЖМ/ СИВ

1

2

3

4

КЖҚ/СИУ

1.

2.

3.

4.

Әлсіз жақтары

Слабые стороны

1.

2.

3.

ӘЖМ/ СЛВ

1

2

3

4

ӘЖҚ/СЛУ

1

2

3

4

Ситуацияны талдау әдісі

Ситуацияны талдау әдісі

  • Мысалы, Украин дағдарысы немесе Ресейге батыс елдерінің санкциясы нақты мәліметтер, деректер, көрсеткіштер арқылы талданады. Бұл талдау әдісінде алдын ала екі немесе үш топ құрып оларға оқиғаның өрбуіне қатысты болжам, сценарий ұсынылады. Мысалы, Ресей батыстың санкциясынан құтылу мақсатында Донбасс пен Луганскіге қатысымыз жоқ, Қырымнан бас тартамыз деп мәлімдей ме, әлде аңдысын аңдып уақыт созуға мүделі ме, әлде ядролық потенциалын, қару жарақ арсеналын күшейтеді ме. Осындай үш бағытты талдайды және өз көзқарастарын ұсынады.

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері


Көрсеткіштер

2014

2015

2016

Қырғызстан

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

7,4 млрд долл

6,6 млрд долл

6,6 млрд долл

Жан басына шаққанда ЖІӨ

1 мың 331 долл

1 мың 163 долл

1 мың 133 долл

Армения

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

11,6 млрд долл

10,8 млрд долл

10,5 млрд долл

Жан басына шаққанда ЖІӨ

3 мың 852 долл

3 мың 568 долл

3 мың 512 долл

Беларусь

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

78,5 млрд долл

55,3 млрд долл

48,1 млрд долл

Жан басына шаққанда ЖІӨ

8 мың 289 долл

5 мың 829 долл

5 мың 092 долл

Қазақстан

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

221 млрд долл

184 млрд долл

135 млрд долл

Жан басына шаққанда ЖІӨ

12 мың 806 долл

10 мың 509 долл

7 мың 585 долл

Ресей Федерациясы

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

2 трлн 85 млрд долл

1 трлн 372 млрд долл

1трлн 284 млрд долл

Жан басына шаққанда ЖІӨ

14 мың 278 долл

9 мың 372 долл

8 мың 058 долл

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің импорты

Қазақстанның 1992-2017 жылдардағы шикі мұнай экспорты

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



написать администратору сайта