срс 4. Интерференция, дифракция жне геометриялы оптика
Скачать 14.21 Kb.
|
Интерференция, дифракция және геометриялық оптика 1. Егер фазалар айырымы 0,6π болса, заттағы екі когерентті монохромат толқындардың оптикалық жол айырымы қандай болады? Жауабы: 0,3λ 2.Қалыңдығы 2 мм болатын су қабатынан өтетін жарық толқынының оптикалық жол айырымы 2,66 мм. Судың сыну көрсеткішін табыңыз. Жауабы: 1,33 3. Юнг тәжірибесінде толқын ұзындығы 0,6 мкм монохромат жарықпен бірбірінен 0,3 мм қашықтықта тұрған екі саңылау жарықтандырылған. Интерференциялық жолақтың ені 1 мм-ге тең болғандағы саңылаудан экранға дейінгі қашықтықты анықтаңыз. Жауабы: 0,5 м 4. Толқын ұзындығы λ1 және λ2=486 нм болатын екі жарық сәулесі дифракциялық торға тік түседі. Егер λ1‐дің үшінші жарық жолағы мен λ2‐нің төртінші жарық жолағы өзара беттесетін болса, λ1-дің толқын ұзындығын есептеңіз. Жауабы: 648 нм. 5. Толқын ұзындығы 589 нм болатын жарық сәулесі дифракциялық торға тік түседі. Дифракция тордың 1 мм аралығында 500 саңылау орналасқан болса, экранда ең көп болғанда нешінші жолаққа дейін көруге болады? және жалпы дифракция жолақтарының саны қанша болады? Жауабы: 3 және 7. 6.Сыну көрсеткіші n= 1,5 қос дөнес линзаның қисық беттерінің радиусы бірдей, 10 см тен. Осы линзаға көмегімен алынған нәрседен 5 есе улкен. Нәрседен кескін дейінгі арақашықтықты анықтаныз. Жаубы : (а+в)= 0,72 7. Жарық сәулесі екі ортаның шекарасында 300 бұрыш жасай туседі. Бірінші ортаның сыну көрсеткіші 2,4. Егер шағылған және сынған сауленің арасындағы 900болса, онда екінші ортаның сыну көрсеткіші қандай жауабы: n= 1,4 8.Оптикалық куш 6 дптр жинағыш линзадан нарсені қандай қашықтықта орналастыру керек, егер оның шын кескіні нәрседен 5 есе улкен болса жауабы: 0,2м 9. Нүктелік жарық көзінен 0,5 м қашықтықта сфералық толқын фронты орналасқан, бақылау нүктесі - толқын фронтынан 0,5 м қашықтықта. Егер толқын ұзындығы 0,49 мкм болса, онда Френельдің төртінші зонасының радиусы неге тең? Жауабы: 0,7 мм . 10. Ауада тұрған жұқа шыны жазық-дөңес линзаның оптикалық күшін анықтаңыз. Линзаның қисықтық радиусы R=0,4 м, сыну көрсеткіші n=1,5. |