Сталин. Иосиф Виссарионович Сталин
Скачать 42.57 Kb.
|
Иосиф Виссарионович Сталин (1878-1953) кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы (1941 жылдан бастап КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, 1946 жылдан бастап КСРО министрлер кеңесінің төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945). Балалық шағы (Революцияға дейінгі өмірбаяны) Иосиф Виссарионович Джугашвили грузияның Гори қаласында 1878 жылы 6 желтоқсанда Юлиан күнтізбесі бойынша дүниеге келді; Ол 1878 жылғы 18 желтоқсанға өзгертілетін қазіргі күнтізбені қолдана отырып, ол өзінің «ресми туған күнін» 1879 жылы 21 желтоқсан деп жариялады. Ол Екатерина Георгиевна Геадзе (Кеке) және Виссарион (Бесо) Джугашвили, төрт баланың үшінші ұлы болды, бірақ ол нәресте кезінен аман қалды. Анасы Екатерина Георгиевна Джугашвили – қара жұмыс атқарды, ұлының діни қызметкері болуын қалаған. Деректерде баласын шамадан тыс еркелеткені, сонымен қатар арасында ұрып соғып тәрбие бергені туралы айтылады. Ә кесі- Виссарион Иванович Джугашвили – етікші болып жұмыс істеген. 2 алғашқы баласы қаза болғаннан соң, ішімдікке құмар болып әйелін және тірі қалған жалғыз баласын жиі ұратын. Сталиннің 11 жасында әкесі мас болып, ұрысқа қатысқанда қаза табады. Ол нақты дәлелденбеген мағлұмат болып табылады. Сталиннің өзі ата-анасының оны ұрып жүргені туралы айтпаған болатын. Сталиннің туа біткен дене кемшіліктері болған: сол аяғындағы 2 мен 3 саусақтары қосулы, бетінде шешек ауыруы көрініс табады. Жол апатында жараланып, өмірінің соңына дейін сол қолы оң қолына қарағанда қысқа болды. Соңымен қатар бойы небәрі 160 (170) см болған. БІЛІМ: Анасы оны туған қаладағы діни білім беретін училищеге түсіргісі келді, алайда Сосо орыс тілін білмегендіктен оны қабылдамады. Анасының өтініші бойынша діни қызметкерлерінің балалары Сталинге орыс тілін үйретті. Нәтижесінде, Сосо училищенің бірден екінші сыныбына өтті. 1894 жылыТбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Озат оқушы ретінде бастап, 3 сыныптан кейін 2 және 3 деген балдар алып жүрген. Макрксизммен 15 жасында таныса бастаған. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, 1898 ж “Месамедаси” (үшінші топ) атты грузин социал-демокр. Ұйымына мүше болып кірді. Саясат жолында Месамедасиға мүше болып, оқуын толықтай тастап кеткен Сосо одан «емтиханға себепсіз келмегені үшін» шығарылады. Дәл сол училищеде оқып жүргені оның революционер, марксизмнің қолдаушысы болуына әкеліп соқты (Сталин айтуынша) Алғаншы митинг 1900 жылы 23 сәуірде өтті. Ол Вано Стуруа ж/е Закро Чодришвилимен бірге 400-500дей жұмысшыларды жинап митинг ұйымдастырды.Ол Сталиннің алғашқы елге шығуы болған. Сталин премиясы (Сталин атындағы премия) — тамыры 1940-1954 жылдары тереңге жайыла бастаған КСРО тұлғаларын техника, әскери, әдебиет, өнер және ғылым салаларындағы жеткен жетістіктері үшін мадақтаудың формасы. 1966 жылы КСРО-ның Мемлекеттік премиясымен теңесті. Билік[өңдеу | қайнарын өңдеу]1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде “автономияландыру” (бүкіл республикалардың РКФСР-ге автономия құрастурықығында енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне (1922 жылы желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П-ның 13-съезі (1924 жылы мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды (қ. Кәмпескелеу). Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін “халық жаулары” ретінде қуғындауды күшейтті. “Халық жаулары” жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО-ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20-съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет “Жеңіс” орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.[1] Сталин жолдас «ұлы ғалым» болған ба? Ең үлкен миф – Сталин жолдастың «өте білімді» болғандығы туралы. Ол шындығына келсек, кезінде өзі оқыған Гори діни семинариясын аяқтаған да емес. Оның кейіннен білім алуға уақыты болмады. Барлық уақытын Коба революциялық күштермен қарсыласуға арнады. Ең күлкілісі, өзінің діннен толық хабары бола тұра, ол дінге қарсы күрес жүргізді. Жолдас Сталин билікте отырып, адамды екі топқа бөлді. «Жақсы адамдар» коммунизмнің дара жолымен жүретіндер, ал «жаман адамдарды» ол жою керек немесе тозаққа жіберу керек» деп есептеді. Жалпы адамзат қоғамының дамуы туралы Сталиннің ақыл-ойы, білімі жеткіліксіз болды. Ол 1930 - жылдары пайда болған Годельдің аяқталмаған теоремасын түсіне қойған жоқ. Егер ең болмағанда онда не жазылғанын түсінсе, «марксизм-ленинизмнің» ұзаққа бармайтынын және оның елес екенін сезінер еді. «Кеңес Одағының кейбір әлемнің дамыған елдерінен артта қалып қойғанын» айтқан ғалымдар оған жаққан жоқ. Көзқарасы келіспеген зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігінің 1920-1937 жылдары көзі жойылды. Оның маңайындағы жандайшаптар «білімді Сталиннің» бейнесін қолдан жасауға тырысты. Кремльдің бір терезесінде электр жарығы түні бойы жанып тұрды. Сталин жолдастың көз ілмей кітап оқитыны айтылды. «Тіпті ол барлық кітапты оқып болған кезеңде, КСРО бірден коммунизмнің жоғары сатысына жетеді» деген пікірлер де жарияланды. «Сталиннің арқасында біз соғысты жеңдік» Егер КСРО шын мәнінде қорғаныстық сипатта соғысқа дайындалса, 1941 жылдың жазында неміс әскерлері бірден шекарадан өтіп, Кеңес Одағына 300 шақырымға дейін кірмес еді. Сталин 1930 - жылдары Қызыл Армияның командирлерін қуғын-сүргінге ұшыратты. КСРО –ның соғысқа дайын еместігіне кінәлі болғандар жауапқа тартылды. Соғыстың алғашқы айларында кеңестік армия үлкен шығынға ұшырады. Соғыстың алғашқы жылдарында әскери іс-қимылдар әлсіз болды. Сталин жолдас соғыстағы әскерлердің өліміне жайбарақат қарады. «Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 27 миллион адам опат болды» деп жарияланды. Бірақ шығын саны 41 миллион адам екені кейіннен айтылды. Бұдан шығатын тұжырым, кеңес әскерін ауыр шығынға ұшыратқан Сталин «ұлы әскери тұлға» емес. Кеңес Одағының халықаралық беделі туралы пікір – миф «Сталин Кеңес Одағын басқарған тұста елдің халықаралық беделі жоғары болды» деген әңгіме жаңсақ. Идеологтар «Кеңес Одағы әлемдік социалистік революция идеясын дамыта отырып, жер бетіндегі ең әділ мемлекет орнатты» деген пікірді халық санасына таңуға тырысты. КСРО әскери жағынан қауіпті мемлекет ретінде қарастырылды. 1920 - жылдардың соңы 1930- жылдардың басында Батыс елдері КСРО-да болып жатқан оқиғаларды бақылап отырды. Жаппай басталған қуғын-сүргін және тазарту саясаты және ашаршылық сталиндік КСРО-да шын мәнінде не болып жатқанын анық көрсетті. Уинстон Черчилльдің 1959 жылғы 21 желтоқсанда Англия парламентінде «Сталин ең күрделі сынақтар кезінде Ресейді басқарған ұлы тұлға» деген сөзі де жалған болып шықты. Черчилль мұндай сөзді мүлдем айтпаған. Демек, мұның барлығы да Кеңес Одағының халқын сендіру үшін қолдан жасалынған болып шығады. Тұтастай алғанда, «Сталиндік КСРО-ның халықаралық беделі» болған жоқ! Одан кейін Хрущев, Брежнев, Андропов пен Черненко басқарған Кеңес Одағында қарапайым халыққа еркіндік берілмеді. Кеңес Одағы әміршілдік-әкімшілік, әскери-тоталитарлық режимге айналды. Қаржының басым бөлігі әскери салаға жұмсалды. Сталиннің бай болғаны – жалған Сталиннің артында қанша байлығы қалды? Оның жеке заттарының саны аз болды және ешқандай байлығы да болған жоқ. Неге? Сталинге бұл қажет те емес еді. Ол қалағанының бәрін алды, бәрі қолында болды және оның айтқанын орындағысы келмегендер ату жазасына кесілді. Сталин сәулетті үйлерде тұрды. Оның жеке саябақтары мен «лимузиндері» жеткілікті болды. Сталин жақсы, сапалы, дәмді, құнарлы тамақ жеді. «Жезді мұртты» бірнеше НКВД-ның батальоны қорғап жүрді. Жолдас Сталин миллиондаған кеңестік ақшаны өз пайдасына жұмсады. Ол қазіргі бағам бойынша миллиардтаған доллар екені түсінікті. Кеңес Одағының қазынасынан бөлінген ақшаға ол бар жағдайын жасады. Ішкені алдында, ішпегені артында болды. Сталиннің реформаторлығы жайлы миф КСРО-да пайда болған атом қаруының кеңестік азаматтардың өмірін жақсартуға ешқандай қатысы болған жоқ. Қалаларда жаңа үйлер тұрғызылды, ал ауылда халық кедейшілікте өмір сүрді. Шаруалардың 1960 жылға дейін еш төлқұжаты болмады, олар кеңестік жүйенің құлына айналды. Кеңестік фабрикада жұмысшылардың да құқы тапталды. Еркін кәсіподақ өмір сүрген жоқ. Сталин шаруалардан мүлікті тартып алып, кең ауқымды ұжымдастыру саясатын жүргізді. Украина, Қазақстан секілді республикалық аймақтарда жергілікті халық аштықты бастан кешірді. Сталиндік жүйенің қателігі мынада: бұл әдіс елде шаруа қожалығын толық жоюға әкелді. Кеңестік ауыл шаруашылығы бүкіл халықты астықпен, етпен, сүтпен қамтамасыз етуге дәрменсіз болды. Америкалық бір фермер мен кеңестік шаруаның жұмыс нәтижесі әртүрлі екені көзге көрініп тұрды. «Сталин шынайы интернационалист» пе? Бұл да жалған, өйткені Сталин КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатында ресейлік патшалардың империалистік саясатын одан ары жалғастырды. «Сталинмен әңгімелесу» атты кітабында Югославияның саяси қайраткері, Броз Титоның қарсыластарының бірі, югослав диссиденті Милован Джиластың былай дегені бар. «Сталин Кеңес Одағы туралы сұрақ қойды. Мен: «Біз өте қуаныштымыз», - деп жауап бердім. –Біз де қуаныштымыз, бірақ Ресейдегі жағдайды жақсарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз!, –деді Сталин, Сталин Кеңес Одағы емес, Ресей деген сөзді қолданғанда, шабыттанып, өзін-өзі танытқандай көңілі көтеріліп кетті». «Сталиннің ұлы даналығы» туралы миф Ресейдің «Русская семерка» интернет-сайты Сталин туралы былай деп жазды. «Сталин өмірінің соңында тағы бір қателік жасады. Ол өзінің орнына мұрагерді қалдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мысалға, оның көптеген әріптестері сталиндік саясатты жалғастырушы ретінде аты аталып жүрген Вячеслав Молотовқа үнемі сын айтты. Сөйтіп, бірте-бірте оның беделін түсірді. Сталин сырқаттанып жүрген кезде және өмірден өтер сәтте «халықтар көсемінің» қасында ешкім болған жоқ. Сталин қайтыс болғанда КСРО-да билік үшін күрес күшейді. Бұл күрестің нәтижесінде, Хрущев билік басына келіп, Сталинді және оның саясатын біржола жоққа шығарды!». |