Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
3 минут
| «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді.
| Оқушылар бір-бірін синонимдер арқылы сипаттайды.
Мысалы: Әсет көңілді
| «Үш шапалақ» әдісімен бағалау
|
|
5 минут
| Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
| Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
| «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте жақсы», «Жақсы» мадақтау сөздерімен бағалау
|
|
2 минут
| «Миға шабуыл» әдісі Жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпты ашады
- Біздің қаламызда қандай базарлар бар?
-Базарлар қай уақытта жұмыс жасайды?
- Соңғы рет базарға қашан бардыңдар?
- Ендеше, кеттік базарға! Бүгінгі тақырыбымыз - «Базарға барамын»
| Мүғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді Дәптерлеріне күннің жадын, тақырыпты жазады
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
| Базардың суреті
|
5 минут
| Айтылым. Жазылым. Жаңа сөздермен жұмыс жасатады
Таразы
Азын-аулақ
Жарамдылық
Ұрлау
Тәуекел
| Сөздерді аударады. Әрбір сөзге сұрақ қояды.
Таразы – весы / не?
Азын-аулақ – немного / қанша?
Жарамдылық- годность / не?
Ұрла-воровать, красть / не істеу?
Тәуекел – риск / не
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
| Оқулық
сөздік
|
15 минут
| Мәтіналды жұмыс.
1-тапсырманы орындатады
1) Сатушы мен сатып алушы
2) Екі сатып алушы
3) Екі сатушы
| ЖЖ. Айтылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, көршісімен диалог құрады
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
|
|
7 минут
| Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.
А) Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Мәтін бойынша ой қозғаушы сұрақтар береді
1) Базарды аралап жүрген кім?
2) Аптаның нешінші күні барды?
3) Базарда неліктен аяқ алып жүре алмайсың?
4) Біздің базарлардың мына базардан айырмашылығы бар ма?
| Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, рөлге бөліп оқиды. Сұрақтарға ойланып жауап береді
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
| Оқулық
|
5 минут
| Жазылым. 4-тапсырманы орындатады
| Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазады
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
| Оқулық
|
5 минут
| Сабақты бекіту. «Базар қандай?» деген сұрақ төңірегінде ассоциация жасатады
Базар
| ТЖ. Жазылым. Мәтіннен базарды сипаттайтын сөздерді тауып, ассоциация құрады
Базар
| Жетондар арқылы бағалау (Әр жетон 2 балл)
| Плакат маркер
|
2 минут
| Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
|
| Алған балдар есептеліп, күнделікке қойылады
|
|