Қысқа мерзімді жоспар
Мұғалімнің аты-жөні
| Әбілқайырова Самал Егінбайқызы
№15 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
|
| Пән/сынып
| Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2), 6-сынып
|
| Бөлім/ тарау атауы
| Отан отбасынан басталады. М.Әуезов «Абай жолы» «Қайтқанда» тарауы (үзінді)
|
| Сабақ тақырыбы
| Ана көрген тон пішер
6 сабақ
|
| Осы мақсатқа қол жеткізетін оқу мақсаттары
| 6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
6.5.1.1 мәтіндерден көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
|
| Бағалау критерийлері
| Сенің білетінің:
көптік мәнді есімдерді ажырату.
Сенің меңгеретінің :
мәтінді түсіну;
сұрақтар көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
|
|
| Сабақ барысы
|
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Дереккөздер
|
| Сабақтың басы
| -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерий-лері түсіндіріледі.
| Слайд№ 1,2,3
|
|
| Сабақтың ортасы\сабақ-тың негізгі бөлімі
| Жаңа сабақ
Жаңа сөздер
-Сүйіспеншілік – бұл сезім. Ананың балаға деген немесе баланың анаға деген махаббаты.
Шырақ
Жалын
Аңыз- әңгімені түсініп оқыңыздар.
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай, анасына келіп сұрақ қояды:
-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
-Мынау- шырақ, ол — мен!
Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
— Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
—Жоқ!
-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонда анасы қанша баласы болса, сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1)Мәтін не туралы?
Жауабы: Мәтін ананың балаларына сүйіспеншілігін білдіруі туралы
2) Балалар не себепті бір келісімге келе алмай дауласты?
Жауабы: Себебі әр бала анасын ерекше жақсы көреді. Ал балалары анасының қай баласын ерекше жақсы көретіндігін білмеді, сондықтан балалар өзара бір келісімге келе алмай дауласты.
3)Ана балаларына сүйіспеншілігін қалай білдірді?
Жауабы: Ана балаларына сүйіспеншілігін шырақтың жалыны арқылы білдірді.
4) Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?
Жауабы: «Ананың махаббаты», «Ананың сүйіспеншілігі» Дескриптор: Білім алушы
мәтінді түсініп оқиды;
мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. 2-тапсырма. Қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырыңыз.
Балалары бір келе алмай, анасына келіп сұрақ қояды. Сіз біздердің қайсысымызды қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен,
шырақты жақты. Екінші шырақты жаққанымен ананың жылуы, азайған жоқ. Анасы қанша
болса, сонша шырақ жақты.
Қажетті сөздер: айрықша, сүйіспеншілігі, шырақты, шешімге, баласы. Дескриптор: Білім алушы
қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырады. 3-тапсырма. Мәтін бойынша көптік мәнді есімдерді тауып жазыңыз.
Жауабы: Жалын, сүйіспеншілік, жылу Дескриптор: Білім алушы
мәтіннен көптік мәнді есімдерді тауып жазады.
4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жалған ақпараты бар сөйлемдерді тауып, қатесін түзеңіз. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді табыңыз.
Балалар анасының қай баласын ерекше жақсы көретіндігін білмеді. Анасы тұңғыш ұлын жақсы көретіндігін айтты. Екінші шырақтың жалыны азайды. Анасы қанша баласы болса, сонша шырақ жақты. Шырақтың жылуы одан сайын көбейді, яғни ана әр баласын бірдей жақсы көретіндігін білдірді.
Жауабы: 2.Анасы барлық баласын бірдей жақсы көреді.
3.Екінші шырақтың жалыны азаймайды.
Төртінші сөйлем мәтіннің негізгі ойын білдіреді. Себебі әр ана қанша баласы болса да, бәрін ерекше жақсы көреді.
Дескриптор: Білім алушы
мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін ақпаратты табады;
қатесін түзейді;
негізгі ойды білдретін сөйлемді анықтайды, дәлелдейді.
| Слайд №4
Слайд №5
Слайд №6,7
Слайд .8,9
Слайд 10,11
Слайд №12,13
|
|
| Сабақтың соңы
| Сабақты қорытындылайық
Ана- әр бала үшін ең қымбат, әлемдегі асыл жан. Ана қанша баласы болса, барлығын бірдей жақсы көреді.
«Ана», «сүйіспеншілік» сөздерін қатыстырып, бес жолды өлең құрастырыңыз.
Зат есім _________ Сын есім _________, __________ Етістік _________, __________, ___________ Сөз тіркестері _________, __________, ___________,______________ Синоним _________
Өзіңді тексер!
Ана Мейірімді, ақылды Жақсы көреді, еркелетеді, тәрбиелейді Маңдайымнан сүйеді, басымнан сипайды, тәрбие береді, ақыл айтады. Шеше
Аңыз-әңгіменің мазмұнын түсінесің;
сұрақтар көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайсың;
мәтіннен көптік мәнді есімдерді таба аласың;
жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдана аласың.
| Слайд №14, 15,16
|
|
| Қосымша тапсырма
| Сілтеме бойынша өтіп, қосымша тапсырманы орындап көріңіз. «Біз анамызды қалай сыйлаймыз?» тақырыбына ойтолғау жазыңыз.
https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/baysheshek61
13-бет, 12-тапсырма.
| Слайд №17
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |