Пән: Сауат ашу
Бөлім: №6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Күні:
Сынып: 1
| Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
| №127. Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
|
Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар:
үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу; берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау; сюжетті сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен шағын әңгіме құрап айту; жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
|
Оқушылардың көбі:
3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу; мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау; сюжетті сурет бойынша берілген сөз, сөз тіркестерін қолданып, шағын әңгіме құрап айту; жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
|
Оқушылардың кейбірі:
құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу; мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту; жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
|
Бағалау критерийлері
| оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады; мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау; берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады; жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
|
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер
Дыбыс, буын, сөз, сөйлем, дыбыстық талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу
Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:
Талқылау үшін сұрақтар
- «Қожанасыр телефонды иесіне береді деп ойлайсың ба?»...
- «Телефонды сен тауып алсаң не істер едің?»
- Алдаркөсе деген кім?
- Ол туралы не білесің?
- Оның саған қандай қасиеті ұнайды?(сөз тапқыштық...)
|
Құндылықтарды дарыту
| Ата-баба салт-дәстүрін дәріптеу. Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа насихаттау. Ауыз әдебиетінің мол мұраларымен таныстыру арқылы тапқырлыққа, батылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
| Дүниетану. Жаратылыстану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
| Дыбыс, буын түрлерін біледі. Әріптерді ажырата біледі. Сөз, сөйлемдер, шағын мәтіндерді оқиды.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері
| Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
| І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.2.1.2 (Ұ, Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
Ойын «Әріптер әлемінде»
Мақсаты: Берілген бірнеше әріптерді қатыстырып, сөз, сөйлем ойлап табу. Саралау
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу
| 4-слайд
|
Сабақтың ортасы 7 минут
3 минут
4 минут 8 минут
7 минут
| 1.2.1.2, 1.1.4.1 Оқулықпен жұмыс. «Егер ..., онда не болар еді?» әдісі
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз ойын толық жеткізе алу білігін бағалау.
«Егер ..., онда не болар еді?» әдісібойынша оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Топтағы оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады немесе дайын сұрақтар қояды. Қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Берілген ситуациялық сұрақтар бойынша мәселелерді шешіп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Осылайша топта талқылау жұмыстары жүреді.
Мысалы:
«Бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алды...»
«Телефонды сен тауып алсаң не істер едің?»
«Қожанасыр телефонды иесіне береді деп ойлайсың ба?»...
Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.
Дескриптор:
- сөздерді тұтас оқиды;
- мәтіннің мазмұнын болжайды;
- ойларын толық жеткізе алады;
(МК, Ө) Көркем жазу.
формула фанта факс фонтан Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету; Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
Сергіту сәті «Қамажай» биі
Бейнетаспадан би қимылдарын қайталату
1.2.1.2, 1.1.8.1 (Т,Ұ), (Ө, Қ)
Сюжетті сурет бойынша ұлттық кейіпкер Алдаркөсе туралы мәлімет беру.
Мұғалім оқушыларға «Алдаркөсе мен ұры» видеосын көрсетеді немесе оқушылар сюжетті суретке қарап, мультфильмді естеріне түсіреді және жетекші сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді ойша өрбітіп көр.
- Алдаркөсе деген кім?
- Ол туралы не білесің?
- Оның саған қандай қасиеті ұнайды?(сөз тапқыштық...)
Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, «Тізбек бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.
Дескриптор:
- сөздерді тұтас оқиды;
- сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады;
- ойын анық, дәл жеткізе біледі;
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Саралау: Шығармашылық тапсырма.
Өтірік өлең оқиық! Фабрикада азып жүр, Фонар жағып, шіл тершіп. Фантастика жазып жүр, Фонармен мың борсық.
Ф дыбысынан келетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жаса. Дәптерге қатесіз көшіріп жаз.
Дескриптор:
-сөздерді тұтас, түсініп оқиды;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен
мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
| 5-слайд
6-слайд
Ф әрпін бірге жазып үйренейік! Дәптермен жұмыс
7-слайд
8-слайд
Дәптермен жұмыс
|
Сабақтың соңы
8 минут
| Рефлексия
(МК;Ұ. Ж) «Неге? Неге? Неге?» әдісі
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
Үй тапсырмасы:Өтірік өлең жаттау
| Кері байланыс
|
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Ресурс арқылы саралау, дыбыстың айтылу, жазылу туралы мәліметтер ұсынылады.
| Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді, оқушылардың жетістіктері мен назар аударатын тұстарын есепке алу. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау дағдыларын жетілдіреді
| Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сергіту сәті.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|