Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану
| Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Аяшева Г.О., Бектасова Н.А.
|
Сынып: 6
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
| Рационал сандармен берілген аралас мәтіндік есептер шығару
|
Сабақтың түрі
| Оқылған материалды жалпылау
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
| 6.5.1.4 рационал сандармен мәтіндік есептер шығару
|
Сабақ мақсаттары
| Оқушылар:
Берілген қатынаста бөлуге арналған есептерді шығарады;
|
Бағалау критерийлері
| Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса оқу мақсатына жетеді
- қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығару
- қатынас пен пропорцияға берілген мәтіндік есептер шығару
- есептеулерді дұрыс орындау
- есептің сұрағына дұрыс жауап беру
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды.
Тапсырмаларды орындау барысында келесі терминдерді қолдана алатын болады:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Жылдамдық, қатынас, бөлік, пропорция
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Есептің жауабы ретінде...
Есептің шартына сәйкес ....
Белгісіз х айнымалысы ретінде ....
|
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.
|
Мультикультурализм
| Өзін-өзі және басқаларды құрметтеу; Қоршаған адамдардың мәселелерін көре және түсіне білу; сынды қабылдай білу; топта жұмыс істей білу қабілеттері.
|
Пәнаралық байланыстар
| Рационал сандарға амалдар қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.
|
Бастапқы білім
| Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу; Сабақтың мақсатын анықтау.
Мұғалім оқу мақсатына жету үшін жалпылау сабағы «Сапер» ойыны түрінде өтетінін хабарлайды.
|
|
Сабақтың ортасы
3 мин
32 мин
1 мин
|
Starter.
Ойын командалық болғандықтан оқушыларды топқа бөлу қажет болады. Ол үшін оқушыларға қиықшалар таратылады.. Ол үшін бір командаға бөлшектің эквивалент жазылуы бар алты қиықша жиналуы керек. Осылайша алты мүшеден құралған бес топ құрылады. Топтық жұмыс.
Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.
Топтар құрылғаннан кейін мұғалім ойын ережелерін түсіндіреді:
1.Топтарға бөліну. 2. Дұрыс жауап берген команда, ұпайларды алады. 3. Егер команда бомбаға түссе, жиналған ұпайларынан айырылады. 4. Ойынның соңында ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Сұрақты таңдау мүмкіндігі әрбір топқа кезек-кезек беріледі. Сұраққа таңдау жасаған топ жауап бермесе, жауап беру мүмкіндігі қолын бірінші болып көтерген командаға беріледі.
Ойынды келесі сұраққа жауап берген топ бастайды: «Ұлы Отан соғысының әйгілі сапер иті Джульбарстың тұқымын атаңыз?»
(Шығыс-еуропалық қасқыр ит)
Қорытынды жасау.
Жеңімпаздарды құттықтау.
Критерийлерге сай ауызша бағалау жүргізу.
| Қосымша 1, стартер
Қосымша 2, презентация Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Математика 6, 2011 В.В.Выговская, Сборник практических задач по математике, 6 класс, 2012
|
Сабақтың соңы 2 мин
| Сабақ бойынша рефлексия жүргізу.
«Жас психолог» рөлі
Психолог болып таңдалған оқушы сабақ атмосферасын, ынтымақтастық деңгейін бағалайды немесе қажет болған жағдайда керісінше, кейбір оқушыларға немесе мұғалімге де сыпайы түрде ескертулер жасайды.
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.
| өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы
| Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану
|