|
Математика 1 сынып 1 А бөлім Сандар туралы ұғым Сандарды жазу «8. ыса мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар Пән: математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім: Сандар туралы ұғым
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып: 1А
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
| Сабақтың тақырыбы
| Сандарды цифрлармен белгілеу. «8 саны және цифры»
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау
1.1.1.5 Сан түзуі туралы білу
| Сабақ мақсаттары
| 100 ге дейін ауызша санауды, натурал сандар қатарында санның орнын анықтауды үйренеді
| Жетістік критерийлері
| Оқушылар натурал сандар қатарында 8 санының орнын таба алады; 8 санын басқа сандармен салыстыра алады; 8 санының құрамын анықтай алады; 8 цифрын жаза алады.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар сөзінде төмендегі сөз және сөз тіркестерін қолдана алады:
сегіз, сан, цифр, сан түзуі, натурал сан, алдыңғы сан, кейінгі сан, тура, кері.
| Құндылықтарды дарыту
| Жауапкершілік, өзара сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
| Пәнаралық байланыстар
| Киімдерінің түймелерін, сынып бөлмесіндегі гүлсауыттарды санау барысында Дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады.
| АКТ қолдану дағдылары
| Санды пернетақта жазып көреді
| Бастапқы білім
| Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру;
2.Оқушылармен бірге анықтап алу.
(Ұ) Сабақты заттарды санауға жаттықтырудан бастау. Сыныптағы терезе, парта, шкаф, орындықтарды санату. Сынып ішінен ұнататын түстегі заттарды тауып, оларды санап шығуын сұрау. Киімдегі түймелерді, сынып бөлмесіндегі гүлсауыттарды санап шығуларын сұрау.
| Сан тізбегі, слайд.
Сергіту сәті
| Сабақтың ортасы
| «Санды тап» ойыны. 1-ден 7-ге дейінгі сандар жазылған кеспеқағаздарды бет жағын тақтаға қаратып орналастыру. Оқушыларға кеспеқағаздардың солдан оңға қарай реті бойынша орналасқанын айту. Кеспеқағаздардың санын санап беруді сұрау. - 5 санын ашу үшін неше кеспеқағаз санау керек? (Ашып, тексерту). Тағы да бірнеше сандармен жұмыс істеу.
Тақтаға 7 оқушыны шығару. Сыныптағы оқушылардан тақтаға шыққан оқушылар санын дауыстап санауды сұрау. Сосын тағы бір оқушыны тақтаға шақыру. Енді тақтада неше оқушы болғанын сұрау. Тақтадағы оқушылар саны кеміді ме, әлде артты ма деп сұрау.
Сан түзуінде 8 саны қай саннан кейін тұратынын сұрау. 8 саны бар кеспеқағазды сан түзуіне орналастыруды тапсыру. Оқушылар алдарына сызғыштарын қойып, одан 8 санын табуы керек.
8 санының сол жағында қандай сандар тұр?
Оқушылар оқулықтағы суретті қарастырады.
Керуенде неше түйе бар?
Керуенге неше түйе жақындап келеді?
8 саны қалай шықты?
(ЖЖ) Кұмтөбелер тізбегі бойында сан қатары көрсетілген суретті тақтадан көрсету. 2-слайд Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Олар сегізге дейінгі сандар тізбегін қалпына келтіреді. Қиналатын оқушыларға сан қатары ретінде сызғышты қолдануға болатынын ескерту.
(ЖЖ) Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды.Оқулықтың 31-бетінде 8 санын алудың төрт тәсілі көрсетілген. Әрбір тәсілде қосылғыштарды көрсететін шаршылар әр түрлі түспен көрсетілген. Оқушылар 8 санын алудың жолдарын жұпта айтады. Содан соң 3-4 жұп ортаға шығып, дауыстап айтып береді.
(Ұ) 4-слайд «Үйшіктерді толтыр» ойынын ойнату арқылы 8 санының құрамын бекіту.
«Кім бірінші болып 8 түсті атап шығады» сайысын өткізу. (8 түсті қайталауды болдырмай атаған бала көңілді смайлик алады)
(Ө) Оқушыларға 8 санын белгілі бір заттың санымен байланыстыруды және заттың осы санын елестеуді үйрету мақсатында 8 жапырақтың суретін салуға ұсыну.
(МК,Ө) Оқушыларға 8 цифрының жазу үлгісін көрсету, ол қандай бөліктерден тұратынын, неге ұқсайтынын сұрау (5-слайд) 8 цифрының жазылу үлгісін тақтада көрсету. Цифрдың жазылу кезеңдеріне көңіл бөлу. Алдымен 8 цифрының элементтерін, содан соң 8 цифрын жазып шығуды ұсыну.
«Суреттегі заттарды 8-ге дейін толықтырып сал» тапсырмасын ұсыну. Оқушылар бұрын оқыған сандары арқылы 8 санын алуға жаттығады. Бірінші қатардағы 5 кактустың суретін толықтырып 3 кактус салу керек. Екінші қатардағы 8 тасбақадан тұратын қатарды тағы бір тасбақамен толықтыру керек.
|
| Сабақтың соңы
| Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қою:
Сан қатарында 8 саны қай жерде орналасқан?
8 санын әр түрлі тәсілдермен қалай алуға болады?
Рефлексия
Бәрін түсіндім
Кейбір нәрселерді толық түсінбедім
Мен қиналдым, түсінбедім
|
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Ауызша санауға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Материалды толық меңгерген қабілеті жоғары оқушыларды сандарды құмтөбелер тізбегін қалпына келтіретін жұмысты орындауда қабілеті төмендеу оқушылармен жұптастырып, көшбасшылық қасиеттерінің ашылуына септесу.
| Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы, смайлик беру арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу.
| Сергіту сәттерін өткізу.
|
Ескерту:
Ұ = бүкіл сыныптық жұмыс
Т= топтық жұмыс
Ж = жұптық жұмыс
Д = дербес жұмыс
Тәж = оқушылардың тәжірибесі
М = ұстаздың көрсетуі
қ = қалыптастырушы бағалау
|
|
|