Главная страница
Навигация по странице:

  • Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі: 1). Оқжатарды алу.

  • Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинақтау кері тәртіпте жүргізіледі

  • ыса мерзімді жоспар10, 11


    Скачать 0.93 Mb.
    Названиеыса мерзімді жоспар10, 11
    Дата05.10.2022
    Размер0.93 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdocx1617789964.docx
    ТипДокументы
    #714520

    Қысқа мерзімді жоспар10, 11

        

     Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау.Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау.

    _______________________

          (сабақтың тақырыбы)



    Бөлім:

    Атыс дайындығы

    Педагогтің аты-жөні



    Күні:



    Сынып: 10 а,б

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы

    Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау. Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау.

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтауға; Калашников автоматының атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің, патронының құрылысын білуге үйрету. Автоматтың керек жарақтары, автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі, автоматты сақтау, автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау және ату кезіндегі кідірістер және оны жою амалдарына үйрету.

    Сабақтың мақсаты

    Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтаудың тізбекті ретін білу .







          Сабақтың барысы


    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 мин.

    Ұйымдастыру сәті

    Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.










    Сабақтың ортасы

    20 мин.

    Ескертпе: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

    Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинақтау кері тәртіпте жүргізіледі (қабылдағыштың қақпағын қосқаннан кейін, тартқышты (курок) басып , автоматты сақтандырғышқа қойыңыз).

    Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

    1). Оқжатарды алу. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.





    2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу
    3) Сүмбіні алу.

    4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш - компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу

    5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.

    6) Қайтармалы механизмді бөліп алу.

    7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.

    8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу

    9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.


    Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинақтау кері тәртіпте жүргізіледі

    Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтаудың нормативтері:

    Жартылай бөлшектеу: 13сек.- үздік; 14сек. - жақсы; 17сек.– қанағат.

    Жинақтау толық емес бөлшектеу кейін:

    23сек. - өте жақсы; 25сек. - жақсы; 30сек. - қанағаттанарлық.








    https://youtu.be/QVnwKYjVQO4


    https://youtu.be/ucaPNahRpwI

    Сабақтың соңы

    5 мин.

    Үйге тапсырма 61- 86 бет

    1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу қандай мақсат пен жағдайда жүргізіледі?

    2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу және жинау тәртібін айтыныз?

    3. Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?











          Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. Педагог пәннің ерекшілігі мен оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша элементтер енгізуге құқылы.


    написать администратору сайта