Главная страница
Навигация по странице:

  • "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі

  • Сабақтың барысы Сабақтың басы Ұйымдастыру к езеңі

  • Оқушының әрекеті Сілтеме арқылы өтіп, сөзжұмбақты шешеді Бағалау

  • Сабақтың ортасы 3мин Жаңа сабақ 2 минут 10минут 7 минут 8 минут

  • Қосымша қызықтыру сұрақтары

  • Анықтаушы.

  • Қорытындылаушы.

  • Дескриптор

  • Сабақтың соңы Қорытынды 4мину Ой толғаныс. Рефлексия 3 минут Үй тапсырмасы

  • Кейіпкермен сұхбат» әдісі кейіпкермен кездесуге мүмкіндік берілді деп елестет. Оған қандай сұрақ қояр едің, ол қалай жауап берер еді деп ойлайсың Ұлпан бейнесі бойынша макет жасау

  • сабақ. менің сабағым (2). ыса мерзімді (саба) жоспары "лпан" романындаы лпан бейнесі


    Скачать 28.45 Kb.
    Названиеыса мерзімді (саба) жоспары "лпан" романындаы лпан бейнесі
    Анкорсаба
    Дата14.03.2023
    Размер28.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламенің сабағым (2).docx
    ТипДокументы
    #987324

    «Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп_» КММ

    (білім беру ұйымының атауы)
    Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
    "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі

    (сабақтың тақырыбы)

    Бөлім:

    3-бөлім: «Адам жанының құпиясы»



    Педагогтің Т.А.Ә.

    Уразова Назира Аметовна

    Күні:

    17.02.2023

    Сынып: 9 «А»

    Қатысушылар саны: 12

    Кеңашы НМ 3 оқушы

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы

    "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

    Сабақтың мақсаты

    • «Ұлпан» романының идеясын еске түсіреді

    • Идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды;




         

    Сабақтың барысы

    Сабақтың басы

    Ұйымдастыру кезеңі

    7 мин

    Педагогтің әрекеті

    Сыныпта «Ана» әні орындалып тұрады

    Психологиялық ахуал: Оң қолдарын жанында отырған жұбының оң иығына қойып «Сен мықтысың», сол қолдарымен сол иығына «Сен білімдісің», екі қолын жоғарыға көтеріп «Бірақ маған жетпейсің» деп айтады

    Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

    Ұйымдастыру: https://learningapps.org/view24175940

    сөзжұмбақты шешіп тақырыпты анықтау. Сөзжұмбақ жауабы

    1. Әйел, ана тақырыбы

    2. Есеней

    3. Кекшіл

    4. Жаңажол

    5. Бибижахан

    6. Артықбай

    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап алу. Бағалау критерийлерін түсіндіру


    Оқушының әрекеті

    Сілтеме арқылы өтіп, сөзжұмбақты шешеді

    Бағалау

    Смарт сағаттармен бағалау

    Әр ұпайды алған сайын сағаттың тілін 1 санға жоғары жылжытып отырады


    Ресурстар

    Сөзжұмбақ сілтемесі https://learningapps.org/view24175940

    Learningapps бағдарламасында жасалған сөзжұмбақ

    Сабақтың ортасы

    3мин

    Жаңа сабақ
    2 минут

    10минут

    7 минут


    8 минут


    3 минут



    https://www.youtube.com/watch?v=AUIidT3Gs_s

    1.Бейнематериалда берілген тұжырыммен келісесіңдер ме?

    2.Сендердің пікірлерің қандай?

    3. Әйел, ана бейнесін ашуда Ғабит Мүсіреповтың айтпақ болған ойы қандай еді? Ұлпан бейнесі бұл ойды жеткізуде қандай роль атқарды?
    1.Ғ.Мүсірепов"Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.

    Ұлпан-менің Джакондам»түсіндіру

    Джаконда кім?

    1-тасырма. Жеке жұмыс.Кейіпкер бейнесіне талдау жасау.

    Талдау

    Әке жанындағы Ұлпан

    Ұлпан-жар?

    Ұлпан-ана

    Ұлпан-ел анасы

    Сипаты













    Іс -әрекеті














    Қосымша қызықтыру сұрақтары:

    Ұлпанды Ұлпан еткен кім еді?

    Екеуінің қарым-қатынасы қандай болды?

    Қазіргі кезде отбасындағы қарым-қатынас қандай?
    Сол заманның ақындарының бірмашасының шығармасына арқау болған Ұлпан сияқты аналар жайында, әйел теңдігі жайында өздерің білетін қандай шығармаларды атай алар едіңдер?

    2-тапсырма. Өз таңдауы бойынша туындыны салыстыру негізінде тақтамен жұмыс. Тақтаға жазу. Бір сөзбен

    «Ұлпан» романындағы әйел бейнесі

    Мен таңдаған туындыдағы ана бейнесі









    3-тапсырма. Топтық тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Осы салыстырулар негізінде «Ұлпан» романы бойынша топтық тапсырмалар беремін. Ол үшін балаларды 3 шағын топқа бөлемін (смарт сағаттардың түсі арқылы).

    Анықтаушы. Ұлпанның кескін-келбеті, мінез –құлқы жазылған үзінділерді табады.

    Талқылаушы. Ұлпанның маңызды 3 әрекетін жазады

    Байланыстырушы. Ұлпан бейнесінің шығарма идеясын ашудағы маңыздылығын анықтайды, шығарма идеясы мен Ұлпанның байланысына пікір жазады (4 сөйлем)

    Қорытындылаушы. Топтық жұмыстарды қорытындылап, романдағы Ұлпан бейнесіне өз пікірін айтады

    4-тапсырма. Қазіргі заманда басшылық орындарда ел басқару ісін қолға алып отырған әйел адамдарды білесіңдер ме?

    Осындай басшылық орында отырған әйелдер мен Ұлпанның ел басқаруда әрекеттерін салыстырып көрейік. Қандай қиындықтар болуы мүмкін? Екі заманның әйел басшыларының ел басқару ісінде қандай қиындықтар болуы мүмкін?

    1.Денсаулық сақтау министрі – Ажар Ғиният

    2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

    3. Экология және табиғи ресурстар министрі – Зульфия Болатқызы Сүлейменова, ең жас министр

    4. Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары –Ахметова Орынбасар Теңдікқызы

    5. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ақкенже Төлеубайқызы Ақшалова

    Бейнетаспаны тамашалайды

    Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бейнетаспада берілген ақпаратты тұжырымдайды

    Шығармадағы Ұлпан бейнесін ашады.

    Өздері білетін шығармадағы әйел бейнесін алып, Ұлпанмен салыстырады

    QR код сканерлеу арқылы топпен жұмыс жасайды

    Қазіргі басшылық орындағы әйел адамдарды есіне түсіріп, Ұлпанмен салыстыра отырып жұмысына баға береді


    Дескриптор : *кейіпкерді түрлі қырынан сипаттайды – 2ұ.

    *кейіпкер іс-әрекетінен дәлелдер келтіреді-2ұ.


    Дескриптор : екі шығармадағы әйел бейнесіне талдау жасайды- 1ұ

    екі кейіпкерді салыстырады – 1ұ.
    топтық жұмыс - 2ұ.

    Дескриптор: -басшылық орындағы әйел адамдарды атайды-1ұ.

    -қазіргі заманмен салыстырады – 1ұ.


    Бейне ролик

    Кесте

    Тақта

    QR код

    Слайд

    Сабақтың соңы

    Қорытынды 4мину

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    3 минут

    Үй тапсырмасы

    https://wordwall.net/ru/resource/52637440/%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d0%bd сілтемеге өтіп, тапсырмаларды орындату арқылы сабақты қорытындылау

    кабинеттің әр жеріне «Ұлпан» деген сөз жазылған стикерлер жабыстырылады. Әр оқушы бір стикерді алып Ұлпан жайында бір ақпарат айтады

    «Ұлпан-ел анасы» тақырыбында «Ұлпан» романы желісімен әдеби эссе жазыңыз. Сөз саны 100

    Сілтемеге өтіп, викториналық тестке жауап береді



    Wordwall бағдарламасында жасалған тапсырма

    Жазбалары бар стикерлер

    Тест тапсырмалары


    Стикерлер, автордың ана, әйел тақырыбындағы шығармаларын үлкейтіп шығарып іліп қою

    Смарт сағаттар жасау, Ұлпан бейнесін жасау
    ҚОСЫМША ТАПСЫРМА: «Кейіпкермен сұхбат» әдісі кейіпкермен кездесуге мүмкіндік берілді деп елестет. Оған қандай сұрақ қояр едің, ол қалай жауап берер еді деп ойлайсың? Ұлпан бейнесі бойынша макет жасау

    Портреттер - шымыр денелі, сұңғақ бойлы, бұқа мойын, қисық жауырын, Мұртының жоғарғы жағы таңқита қырылған, екі миығы тышқан көрген мысықтың мұртындай дірілдеп қояды. Істік мұрын. Қара төбетей киген, шақша бас. Мақал-мәтелдер - "Сорлының зары арлыға кездескей", "Малым -жаным садағасы, жарым - арым садағасы", "Байлық - бір жұттық, батыр - бір оқтық", "Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар", "Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар", "Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын", "Баласыз әйел - панасыз әйел", "Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін".

    Ұлпан бейнесі

    Ұлпан – романтикалық характер. Тарихи адам өмірінің реалды шындығын жазушы оны сәл көтере түсер, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін танытар қаһармандық қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ қызының іс-қимылы да, сөзі де бір көргеннен ірі танылады. Батырдың ерке қызы шаңырақтың ошағы, үйдің ұстыны болып, яғни жоқтың өзі бар, аздың өзін көптей етіп отыратын, он саусағынан өнері тамған Несібелі ананың қызы.

    Ұлпан-сөзі куәлі, сөзі дуалы бәйбіше. Ол орта жүзді аузына қаратқан әулие ана. Ұлпан өмірден көп қиыншылық көрген адам. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпанның инабатты екенін романның мына тұстарынан байқаймыз: Бала жігіт бұл жолы да тез жауап қайтарды: - Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! – деп атынан түсе қалып ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жібереді.

    - Әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны жетелей жүр.

    Міне, осы тұстарынан еркекшора киінген Ұлпанның Есеней мен оның жанындағы төрт адамдарға осылай жауап қайтарып кетті.

    Сонымен қоса, Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі. - Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын айдап әкелсе де бір қыс асырап шығуға «Қаршығалының» шұбары жетер еді. Жалғыз Есенейдің жылқысын асырап шығуға жеріміз жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба?

    Ұлпан кейде әкесіне ақыл-кеңесін беріп отыратындығын осыдан байқауымызға болады.

    Романның екінші бөлімінде Ұлпанның ақылы мен адалдық қасиеттері, ерік-жігері мен батылдығы, парасаттылығы мен кішіпейілділігі молынан суреттеледі. Ұлпанның акылдылығымен қатал, қатыгез болған Есеней бірте -бірте жұмсақ, көңілді бола бастайды. Ұлпан Есенейді әрі билей, әрі еркелете сөйлейді. "Бозбалам", "Жолбарысым" деп те атайды. Есенейдің ақылдасары да, әйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол Ұлпан ғана болады.

    - Келін! - деді Ұлпан Айтолқынға, - шымылдығыңызды әрі әкетіңізші! Мен өз ауылыма өзім шымылдық бүркеніп барғым келмейді. Өзін үлкен бәйбішелер қатарында ұстап келген Айтолқынға Ұлпанның "келін" дегені Еменалының қамшысынан да қатты тиді. Еменалы оны қамшылап - қамшылап алатын. - Не дейді!? "Ойбай - ай, көргенсізін - ай!"

    Ұлпан келінінің жасынан кіші болғанына қарамастан, өзін келіндердің үлкені ретінде биік ұстады. Ұлпан өз бойындағы өрлікке барып, атақты бай би адамның ауылындағы көріксіз халге қатты намыстанды. Өзі кедей ауылдан шыққандықтан, жарлы-жақыбайға жаны ашыды.

    Ұлпан кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел. " Бұл күндері Ұлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы күзеліп жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді. - Қарағым - ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса

    бір - екеуіне күпті тігіп беретін жабағы берші. - Ала ғой, шеше... төртеуіне де жететін етіп ал... Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан соң екі кемпір, екі жастау әйел келе берді, көбейе берді, келе берді..."


    написать администратору сайта