Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: 18.02.2021ж. Сынып: 6

  • Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала елі (1-сабақ) Оқу мақсаттары

  • Сабақтың жоспары Сабақ кезеңдері/уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

  • Жаңа білім 5 мин Ой шақыру Суреттер бойынша Қазақстанның табиғатын сипатта.

  • Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныс бол. Жаңа сөздер

  • Дескриптор

  • Ортасы мин Аяқталуы 10 минут 1- тапсырма.

  • 2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні. Тыңдалым мәтінінен негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.

  • Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат

  • Өзіңді тексер Негізгі ақпарат

  • Тілдік бағдар Мөлшер үстеуі

  • 3-тапсырма. Берілген сөйлемнен мөлшер үстеуді сұрақ қою арқылы тап.

  • Қорытынды

  • Дескриптор: -сұрақтардың мағынасын түсінеді;-берілген сұрақтарға жауап береді. Дескриптор

  • Кері байланыс 5 минут Кері байланыс

  • Оқу тапсырмасы: 2 минут

  • разработка урока. 28-сабақ. Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!. ыса мерзімді саба жоспары Мектеп


    Скачать 309.66 Kb.
    Названиеыса мерзімді саба жоспары Мектеп
    Анкорразработка урока
    Дата06.02.2023
    Размер309.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла28-сабақ. Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!.docx
    ТипДокументы
    #922855

    Қысқа мерзімді сабақ жоспары

    Мектеп.

    Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектеп

    Бөлім:

    Жер байлығына аяулы көзкарас

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Бесжанова Сагадат Сансызбаевна

    Күні:

    18.02.2021ж.

    Сынып: 6

    Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ұлы дала елі (1-сабақ)

    Оқу мақсаттары:

    6.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

    6.5.1.6 – сын-қимыл және мөлшер үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.

    Сабақ мақсаттары:

    -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

    -сын-қимыл және мөлшер үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.

    Бағалау критерийлері:


    -тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгереді;

    -мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады;

    - мәтін мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді;

    -мөлшер үстеулерін меңгеріп, ауызша,жазбаша жұмыстарда қолданады

    Сабақтың жоспары

    Сабақ кезеңдері/уақыт

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Ұйымдастыру кезеңі

    3 мин

    Амандасу.

    Оқушыларддың сабаққа қатысуы мен белсенділігіне назар аудару.

    Амандасады, сабаққа дайын екендерін білдіреді.



    Слайд



    Жаңа білім
    5 мин


    Ой шақыру

    Суреттер бойынша Қазақстанның табиғатын сипатта.





    Қажетті сөздер:биік таулар, жазық дала, көк аспан, шексіз дала, шөлейт және шөлді аймақ, табиғаты сұлу.

    Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныс бол.

    Жаңа сөздер:

    Баба - арғы ата
    Шөл – жауын-шашын аз түсетін, суы жоқ жер
    Қоңыржай – жылдың төрт мезгілі болатын белдеу
    Аймақ –ауыл, облыс
    Бидай – егін, дәнді дақыл
    Арпа – дәнді дақыл
    Күріш - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік
    Топырақ - жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты
    Бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы
    Сарғыш – түс атауы

    Сурет бойынша қажетті сөздерді пайдаланып, табиғатты сиптаттайды

    Жаңа сөздермен танысады, дәптерлеріне түртіп алады.

    Дескриптор:

    -сипаттау сөздерін түсінеді;

    -сурет бойынша табиғатты сипаттайды;

    -берілген сөздерді қолданады.


    Слайд


    Ортасы

    1. мин


    Аяқталуы

    10 минут

    1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырмасы

    Сұрақтарға жауап бер.

    1. Сен тұратын жерде жауын-шашын жиі жауа ма, сирек жауа ма?

    2. Сен тұратын жерде орманды аймақ бар ма?

    3. Қандай шөл және шөлейт жерлерді білесің?

    4. Өсіп тұрған бидайды, арпа, күрішті көрдің бе?
    Өзіңді тексер

    1. Мен тұратын жерде жауын-шашын жиі жауады. Қар, жаңбыр, бұршақ жауады.
    2. Мен тұратын жерде орманды аймақ жоқ.
    3. Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін шөлейт жерлер бар, Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін шөлді жерлер бар.
    4. Өсіп тұрған бидайды, арпаны, күрішті көрдім.


    2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні.

    Тыңдалым мәтінінен негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.

    Негізгі ақпарат

    Қосымша ақпарат








    Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біз – көк аспан мен шексіз даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар.
    Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан – далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26 пайызын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі.
    Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4 пайызын алады. Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай жақсы өсіріледі.
    Шөлейт жер көлемінің 10 пайызын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендерінің көбінің суы құрғайды.
    Шөл дала жер көлемінің 44 пайызын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені – Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі.





    Өзіңді тексер


    Негізгі ақпарат

    Қосымша ақпарат

    Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан – далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26 пайызын алады.

    Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар. Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4 пайызын алады. Шөлейт жер көлемінің 10 пайызын алады. Шөл дала жер көлемінің 44 пайызын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені – Қызылқұм.


    Тілдік бағдар

    Мөлшер үстеуі:
    Мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қанша? қалай?
    Онша, сонша, мұнша, анағұрлым, бірталай, әжептәуір, бірен-саран. Біз бірталай (қанша?) бидай өсірдік. Мен күрішті онша (қаншалық?) жақсы көрмеймін.
    3-тапсырма. Берілген сөйлемнен мөлшер үстеуді сұрақ қою арқылы тап.

    Біздің ата-балаларымыз сонша жерді біз үшін сақтап қалған. Мұншама байлықты сақтау — бізге парыз. Менің әкем көктемде далаға бидай екті. Ол әжептәуір өсіп, бірталай өнім алдық.



    Өзіңді тексер

    Біздің ата-балаларымыз сонша (қанша?) жерді біз үшін сақтап қалған. Мұншама (қанша?) байлықты сақтау — бізге парыз. Менің әкем көктемде далаға бидай екті. Ол әжептәуір (қанша?) өсіп, бірталай (қанша?) өнім алдық.
    Қорытынды

    -берілген сұрақтарға жауап бердің;

    -тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтадың;

    -мөлшер үстеуді таба алдың;

    -мөлшер үстеудің сұрақтарын білдің.

    Берілген сұраққа жауап береді.


    Оқушылар өз жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады.

    Берілген мәтінді тыңдайды.

    Өтілген материалды еске түсіреді.

    Мөлшер үстеуін түсінеді, сол бойынша тапсырмалар орындайды.


    Дескриптор:

    -сұрақтардың мағынасын түсінеді;

    -берілген сұрақтарға жауап береді.


    Дескриптор:

    -мәтінді тыңдайды;

    -мәтіннің мазмұнын түсінеді;
    -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды

    .

    Дескриптор:

    -сөйлемнен мөлшер үстеуді табады;
    -мөлшер үстеулерін меңгеріп, сұрақ қоя алады.


    Слайд 7,8

    Слайд 9,10

    Кері байланыс

    5 минут

    Кері байланыс

    “Интервью” тәсілі
    1. Бүгінгі сабақтан өзіңе қандай ақпарат алдың?
    2. Өз пікіріңізді дәлелдеңіз ...
    3. Бүгінгі тақырыптың сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?
    4. Бүгінгі үйренгеніңіз ...
    5. Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді?

    Бүгінгі сабаққа кері байланыс береді. Өз ойларын еркін жеткізеді.




    Слайд

    Оқу тапсырмасы:
    2 минут

    Оқулықтың 50-бетіндегі 5-тапсырма. Мәтіннен құрамында антонимі бар сөйлемдерді теріп жаз. Оларға сұрақ қойыңдар. Қандай сөз табына жататынын анықтаңдар.











    написать администратору сайта