Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқушылардың жауаптары Мұғалім

  • Оқушылар

  • Оқушылардың жауаптары

  • 1 тапсырма. Картадан өзендердің (көлдердің, теңіздердің) атауымен немесе "су" сөзімен байланысты қалаларды табыңдар.

  • 3 Тапсырма. Картадан елдің оңтүстігіндегі көне қалаларды табыңдар: Түркістан, Шымкент, Тараз Алматы. Неге олар осы өңірде пайда болған Мұғалімнің сыйлығы

  • «Ұлы Жібек жолы» Бейне тосын сый

  • «Сондықтан ...» стратегиясы ( Дәптермен жұмыс жеке)

  • ҚМЖ Адамзаттың алғашқы қоныстары. ыса мерзімді (саба) жоспары


    Скачать 27.61 Kb.
    Названиеыса мерзімді (саба) жоспары
    Дата04.05.2022
    Размер27.61 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚМЖ Адамзаттың алғашқы қоныстары.docx
    ТипДокументы
    #512250

    Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

    Бөлім:

    Су-тіршілік көзі

    Педагогтің Т.А.Ә.

    Сапарбай Аружан Дүйсенбекқызы

    Күні:

    11.04.2022ж

    Сынып: 3 Е

    Қатысушылар саны: 21

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Адамзаттың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары).

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар: табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететіндігін білетін болады; адамдар қоныстану үшін қандай жерлерді таңдағанын білетін болады.

    Көптеген оқушылар: картаға қарап, Қазақстан аумағында адамдардың қалай қоныстанғанына талдау жасайды; елді мекендердің атаулары мен табиғат жағдайлары арасындағы байланысты табады.

    Кейбір оқушылар: ғаламтор ресурстарын немесе қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өздері тұратын елді мекеннің қалай және неліктен пайда болғанын және қандай табиғат жағдайлары әсер еткендігін біледі.

          Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Ұйымдастыру кезені


    1.Сәлемдесу

    2.Сыныптың тазалығына мән беру

    3. Оқушыларды түгелдеу

    4.Оқушыларды топқа бөлу

    Оқушылар берілген сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлінеді.

    1) Табиғат

    2) Климат

    3) Су көздері


    Топбасшы жауап берген оқушыларды,стикер арқылы белгілеп отырады.





    Үй тапсырмасы


    Пікірталас әдісі арқылы «Азаттық үшін күрескендер» тақырыбын талқылау.Қосымша материал жинап келген оқушыларды тыңдау

    Сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топ өз ойын айтуға үйрету. Бір пікір оқулықтан алынса, келесісі бір оқушының ойы болады. Пікірталас кезінде оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, ортақ ойды айтады.







    Жаңа сабақ


     Мұғалім: Алғашқы адамдар Африкада пайда болды. Сосын бірнеше мыңжылдықтар ішінде адам бүкіл Жер шарына қоныстанды. Ежелгі адамдардың сүйектерін ғалымдар Еуразиядан да, басқа құрлықтардың аумағынан да тауып жатыр. Ал енді біздің еліміздің аумағында адамдар қалай қоныстанды, қоныстар қалай пайда болды және қалай дамыды, олардың атаулары қалай шықты деген сұрақтарды қарастырайық. Оқулықтағы суреттерге қарап шығыңдар. Осы жерлердің қайсысына адамдар көбірек қоныстанды, қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

    Оқушылардың жауаптары

    Мұғалім: Әрине, суы мол жерлерге қоныстанды. Су – ең
    басты табиғат байлығы. Барлық адамдардың өмірі суға байланысты. Ерте заманнан бері адамдардың ірі және шағын өзендердің, көлдер мен теңіздердің жағалауына қоныстануы тегіннен тегін емес. Су бар жерде, өмір бар, тіршілік бар. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери су туралы былай дейді: «Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қандай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің! Сен бізді қуанышқа бөлейсің, сен бізге күш бересің... »

    Су тек адамдарға ғана керек пе?

    Оқушылар: Су, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларға да керек.

    Мұғалім: Су егіс даласына, орман-тоғайларға да керек. Онсыз не аң, не құс, не адам өмір сүре алмайды.
    Жаңа тақырып бойынша « Алғашқы адамдардың өмірі. Тұрмыс тіршілігі» видеоролик тамашалаймыз.

    Видеоролик бойынша сұрақтар қойылады.

    - Алғашқы адамдар қайда тұрды? - Бұл табиғи жағдайларға байланысты болды ма?

    - Неге адамдар су жанында қоныстанды? - Неге адамдар таудың етегінде, төбенің жанында өмір сүрді?



    Оқушылардың жауаптары





    Оқулық,

    Интернет ресурстары


    https://www.youtube.com/watch?v=xhwz5fudH-U




    Сабақтың барысы


    Мұғалім: Бүгін біз Қазақстанның картасы бойынша саяхаттаймыз. Адамдар еліміздің аумағы бойынша қай жерлерге қоныстанды, олардың қоныстануына жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары қалай әсер етті, осы сұрақтардың жауабын білетін боламыз. Су көздерінен бастайық. Қазақстанда қандай ірі көлдер, өзендер, теңіздер бар? Карта бойынша анықтаңдар.

    Оқушылардың жауаптары Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсан, Алакөл көлдері, Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Торғай, Ырғыз өзендері және т.б

    Мұғалім: Жер бедері дегеніміз не?

    Оқушылар: Жер бедері дегеніміз – жер бетінің ойлы-қырлылығы. Жер бедерінің екі негізгі пішіні бар: таулар және жазықтар.

    Мұғалім: Қазақстанда қандай ірі таулар бар?

    Оқушылар: Алтай, Іле Алатауы (Тянь-Шань тауының сілемдері).

    Мұғалім: Адам өмірінде климаттың алатын рөлі өте зор. Климат дегеніміз – ауа райының жергілікті жердегі көп жылдық режимі.

    Сыныпқа тапсырма: Мына сұрақтар бойынша ойланыңдар: –адамдар ертеректе еліміздің қай аймағында қоныстанды: оңтүстікте ме, солтүстікте ме? –неліктен адамдар табиғаты бай, көп жануарлар тіршілік ететін жерлерді таңдады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

    1 тапсырма. Картадан өзендердің (көлдердің, теңіздердің) атауымен немесе "су" сөзімен байланысты қалаларды табыңдар.
    2 тапсырма. Картадан атаулары «тау», «төбе» сөздері кездесетін қала және ауылдарды көрсетіңдер.
    3 Тапсырма. Картадан елдің оңтүстігіндегі көне қалаларды табыңдар: Түркістан, Шымкент, Тараз Алматы. Неге олар осы өңірде пайда болған?

    Мұғалімнің сыйлығы

    «Ұлы Жібек жолы» Бейне тосын сый

    Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады

    -Не үшін Жібек жолы деп аталып кеткен екен?

    -Ұлы жібек жолы қай елден басталып қай жерден біткен екен?

    -Қытайдан не тасымалданған?

    -Ал түркілерден ше?


    Оқушылардың жауаптары

    .


    Оқушылар жұппен жұмыс істейді және таратпа материалда атауларды тауып белгілейді. Оқушылардың жауаптары ұжымда талқыланады және соңғы нұсқасы дәптерге жазылады.


    Бағалау критерийлері:

    -су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

    - тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді.


    Бағалау критерийлері:

    - Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі.




    Оқулық


    Карта(оқулық қосымшасы)

    Дәптер
    Оқулықтағы карта, жазуға арналған парақтар

    Электронды қосымша
    https://www.youtube.com/watch?v=xhwz5fudH-U

    Қазақстан картасы

    Оқулық картасы


    https://www.youtube.com/watch?v=6JCbt3_5ZoE



    Сабақты қорыту


    «Сондықтан ...» стратегиясы

    (Дәптермен жұмыс жеке)

    Оқушыларға 3 тұжырымды аяқтау ұсынылады:

    * Өзен-тіршілік көзі, сондықтан....

    * Адам ежелден таудың жанында қоныстанған, сондықтан қазір де ..

    . * Ежелде еліміздің Оңтүстігінде Ұлы Жібек жолы өтті, сондықтан...


    Бағалау критерийлері

    - адамдардың қоныстану себептерін анықтайды.




    Таратпа парақ


    Кері байланыс


    «Менің пікірім»

    Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Блогер ретінде сабаққа пікірлер жазу ұсынылады.

    Сабақ маған ұнады .....

    Тағы қалар едім......

    Рахмет айтқым келеді.......

    Стикерлерге жазып,тақтаға іледі.





    стикерлер


    Үй тапсырмасы


    Өзің тұратын елді мекеннің ,қаланың атауының шығу тарихы туралы ақпарат жинап келу.








    оқулық


    Тексерілді . ДОІЖО ------------------------------------


    написать администратору сайта