Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.2 Кинематика негіздері
|
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Нарметова Муножат
|
Сынып:9
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Қисықсызықты қозғалыс материалдық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.Сызықтық және бұрыштық жылдамдық
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
| 9.2.1.13-дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну, қолдану
|
Сабақ мақсаттары:
| Қисықсызықты қозғалыс, материялық нүктенің шеңбер
бойымен бірқалыпты қозғалысы туралы білу
Сызықтық және бұрыштық шамаларды пайдалана отырып, дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану
|
Бағалау критерийі:
| Қисықсызықты қозғалыс,материялық нүктенің шеңбер
бойымен бірқалыпты қозғалысы туралы біледі
Сызықтық және бұрыштық шамаларды пайдалана отырып, дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттайды Сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолданады
|
Тілдік мақсаттар:
| Пәндік лексика және терминология:
Сызықтық бұрыш,бұ рыштық бұрыш, бұрылу бұрышы, радиан және т.б. Бұрыштық жылдамдық-бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтамыз. Радиан-бұрылу бұрышының өлшем бірлігі.
|
Пәнаралық байланыс:
| Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарға есептер шығаруда математика, геометрия пәндерімен байланысады.
|
Алдыңғы білім:
| Шеңбер туралы 5-сынып математика пәнінен біледі
7-сыныптың физика курсынан жылдамдықты біледі
|
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
| Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері:
| Ресурстар
|
Сабақтың басы:
10 минут
Үй тапсырмасы
білу, түсіну
| Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Мақсаты:сыныптың қарым-қатынасын, сабаққа сенімділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Топтарға біріктіру:
Суреттер бойынша топтарға біріктіру.
«Зейінді шоғырландыру»
Үй тапсырмасын сұрау
1.Үдеу дегеніміз не?
2.Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және оның өлшем бірлігі қандай?
3.Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
4.Үдеумен қозғалатын дененің жылдамдығы нөлге тең бола алама?
Дескриптор:
Үдеуге анықтама береді Үдеудің формуласын және өлшем бірлігін жазады Үдемелі және баяулайтын қозғалыстың айырмашылығын жазады
| Геометриялық фигуралар
1-топ «төртбұрыш»
2-топ «Үшбұрыш»
|
Сабақтың ортасы
25 минут білу, түсіну, қолдану
| Жаңа сабақ:
Оқушылар негізгі тақырыппен танысады
«Денотатты граф» әдісі
Жылдамдық
Сызықтық Бұрыштық
жылдамдық жылдамдық
Анықтама Анықтама
формула формула
Сызба, сурет Сызба, сурет
Тапсырма№1 (топтық жұмыс)
Вилосипедші Айжан
Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен
жолдағы жылдамдықты көрсетеді.
Сұрақ39. Жолда Айжан алғашқы 10 минутта 4 км
жүрді жəне содан соң келесі 5 минутта 2 км жүрді.
Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс? А Айжанның алғашқы 10 минуттағы орташа жылдамдығы
келесі 5 минуттағыға қарағанда артығырақ болған.
В Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут пен
келесі 5 минутта бірдей болған.
С Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта
келесі 5 минуттағыдан азырақ болған.
D Берілген ақпараттан Айжанның жылдамдығы туралы
ештеңе айту мүмкін емес. Сұрақ 40. Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі жəне артқа қарай орташа
жылдамдығы (км/сағ) қандай?_________________________________________________ Орташа жылдамды________________________________________________ км/сағ.
Дескриптор
Дененің шеңбер бойымен қозғалысы кезінде сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарына анықтама береді Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың формуласын жазады Сызықтық және бұрыштық шамаларды байланыстыратын өрнекті жаза алады Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықтың және бұрыштық жылдамдықтың бағытын суреттеп көрсетеді
«Ойлан тап» әдісі (жұптық жұмыс) Сағаттың минуттық және сағаттық тілдері күндізгі сағат 12-де дәл беттеседі.
Сұрақ: Сағат
Қандай ең қысқа уақыт аралығында сағат тілдері қайта беттеседі?____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор:
Суретке қарап сызықтық және бұрыштық жылдамдықты ажырата алады. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың формуласын өрнектеп жазады Бұрылу бұрышының градустық өлшемдерін анықтайды Жылдамдықтардың сан мәнін анықтап, есептеп шығарады.
ҚБ: Мұғалімнің тиімді кері байланысы
3. «Кім жылдам» әдісі (жеке жұмыс)
1.Дененің айналу периодын 10 с-қа тең деп алып,оның 10 с ішіндегі бұрыштық жылдамдығы мен бұрылу бұрышын есептеңдер.
2.Дене радиусы 50м шеңбер доғасының бойымен қозғалады.Оның 10с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 рад-ға тең екені белгілі. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрген жолы.
3.Егер автокөліктің радиусы 30см доңғалағы 1 с ішінде 10 айналым жасаса, оның қозғалыс жылдамдығы қандай? ҚБ: Мұғалімнің тиімді кері байланысы
Дескриптор
-Өлшемдерді ХБЖ-не келтіреді
-Қажетті формуланы біледі
-Формуланы қолданып түрлендіре алады,есептер дұрыс жүргізеді
| Үлестірме материалдар, постер
Оқулық
Оқулық
|
Сабақтың соңы
5 минут
| кестені толтырады
Осы тақырыпты оқып үйренбес бұрын мен мыналарды білдім
| Мені,қызық-
тыратын ақпараттар
| Жаңа тақырыпты игеру барысында туындаған қиындықтар
| Болашақта маған қажет болатын білімдер
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: Қисық сызықты қозғалыс материалдық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.Сызықтық және бұрыштық жылдамдық
| Кестеге сызылған постер беріледі
|
Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Зейінді шоғырландыру» әдісін қолдану арқылы оқушының алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталай отырып тыңдалым,айтылым дағдыларын қалыптастырып диалогқа түседі.
«Денотатты граф»қою арқылы қолдау көрсетіп сабақты ашу мақсатында ой өрісін кеңейтіп ізденушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасаймын
«Ойлан таптап”оқушылар суретте берілген тапсырманың бұрылу бұрыштарын,бейімделу ерекшеліктерін оқулықтан оқып, танысып талқылайды.
Айтылым,тыңдалым,жазылым,ақпаратпен жұмыс дағдылары қалыптасады
«Кім жылдам» әдісін қолданып окушылар топпен жұмыс жасай отырып,тақырыпқа байланысты есептер шығарады
| Сабақтың өне бойында нақты кері байланыс бере отырып,қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын.Үй тапсырмасын сұрау арқылы оқушыларға «Зейінді шоғырландыру» бойынша сұрақтар қойылады себебі бұл бөлімде оқушылар топты және бірін-бірі бағалайды. Сабақ барысында
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін анықтап қиналған оқушының оқуын жақсарту үшін қадамдар жасаймыз
| Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|