|
ыса мерзімді саба жоспары за мерзімді жоспарды тарауы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.1 А бөлім- Ақпаратпен жұмыс
| Мектеп:М.Атымов атындағы №6 орта мектеп
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Маркабаева Д
| Сынып: 9 сынып
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Желілік этикет
|
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 9.4.2.1. Желіде жұмыс жасау барысында этикалық және құқықтық стандарттардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту;
| Сабақтың мақсаты
| Желіде жұмыс жасау этикасын қолдану; Желіде құқықтық стандартты бұзудың салдарын түсіну; Желілік этикет ережелерін сақтау;
| Бағалау критерийі
| - Желілік чаттарда қолданылатын негізгі ұғымдарды қолданады ;
- желілік этикеттің нормативтік ережелерін түсінеді;
- Желіде жұмыс жасау этикасын сақтайды;
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика мен терминология:
Желілік этикет-сетовой этикет-Netiqueft.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
| Құндылықтарға баулу
| Топта бірлескен жұмыс орнату, бір-бірлерінің пікірін тыңдау, құрметтеу арқылы білім алу
| Пәнаралық байланыс
| Орыс тілі – сетовой этикет, ағылшын тілі – атаулары
| Алдыңғы білім
| Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау.
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
3 мин
2 мин 5 мин
| Ұйымдастыру, сәлемдесу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін сабақ «Сәлемдесу» әдісімен басталады –оқушылар шеңбер құрып тұруға барлығымен 4 тәсілмен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.
Оқушылар «кешірім сұрау» (кешіріңіз, өкінемін, кешірім өтінемін,т.б) және «алғыс айту» (рақмет, алғысым шексіз, ризамын, бақытты бол, көп жаса, т.б.) сөздері жазылған стикерлерді таңдау арқылы «Сыпайылық» және «Әдептілік» аталатын топтарға бөлінеді.
Өткен сабақты пысықтау:
Слайдта берілген сұрақтарға иа немесе жоқ деген қысқаша жауап береді.
Дұрыс жауаптары түрлі-түсті жүрекше арқылы бағаланады.
Жаңа сабақ тақырыбын ашу:
Миға шабуыл
- Этикет дегеніміз не?
- Этикет сөзінің информатика пәніне қатысы неде?
- Интернетте қандай сөздер дөрекілікке жатады?
-Жеке өмір және жекеменшік қағидаларының айырмашылығы неде?
деген сұрақтар арқылы оқушылармен бірге сабақ мақсаттары және оқу мақсаты анықталады.
| стикерлер
Слайд
| Сабақтың ортасы
5 мин
| «Бумеранг» әдісі
Оқушылыр жаңа тақырып бойынша кітаппен жұмыс жасайды. Әр топ қарсы топқа 4 сұрақ дайындайды, қарсы топ жауабын тексереді.
Топтар бірін-бірі мадақтау арқылы «өте жақсы», «жақсы», «орташа» деп бас бармақ әдісімен бағалайды.
1-тапсырма.(тж)
I –топқа
Желілік этикеттің ережелерімен таныстыр.
Адаммен сөйлесіп отырғаныңды ұмытпа Күнделікті өмірдегі тәртіп ережелерін ұстан Киберкеңістікте екеніңді ұмытпа Басқалардың уақытымен мүмкіндігін сыйла Абыройыңды сақта Шамаңа қарай басқа адамдарға көмектес Дау жан-жалдарға араласпа және оларды құптама Жеке жазба құқығын сыйла Өз мүмкіндігіңді теріс пайдаланба Басқалардың қатесін кешіруді үйрен.
II-топқа
Компьютерлік этика қағидаларымен таныстыр :
Жеке өмір құпиясы (privacy) - адамның жеке бас бостандығына және автономияға құқығы, оның органдар мен басқа да адамдардың жеке өміріне рұқсатсыз кіруден қорғану құқығы.
Қолжетімділік (accessibility) азаматтардың ақпаратқа құқығы, оның кез келген уақытта және кез келген жерде қолжетімді болуы
Дәлдік (aceuracy) - дәлжүйелер мен ақпараттық өңдеуді пайдалану бойынша тапсырмалардың орындалуы және әлеу меттік жауапты қарым қатынас көзқарас ережелерін ұстану
Жекеменшік (property) – жекеменшікке қол сұғылмаушылық экономикадағы меншік тәртібінің негізі. Осы қағидаа ақпарат пен авторлық құқықты құрметтеуді білдіреді
Дескрипторлар: Білім алушы
Желілік этикеттің ережелерін айқындайды; Компьютерлік этика қағидаларын айтады.
ҚБ: Дескриптор арқылы оқушылар көңіл-күй смайликтерімен бағаланады.
СТ: оқулықпен қоса электронды дереккөздер пайдалану мүмкіндігі беріліп саралаудың декреккөздер тәсілі қолданылды Тапсырма №2 (Ө)
«Ойлан тап» әдісі. Кестеде берілген сұрақтарға сәйкес жауаптарын жазып, кестені толтыру
Cұрақтар
| Жауаптар
| Форумға, телеконференцияға қатысу кезінде желілік этикетті қалай сақтауға болады?
|
| Cенің логинің мен құпия сөзіңді желідегі белгісіз қатысушыларға хабарлауға болады ма?
|
| Хатта үлкен файлдарды жіберуге болады ма?
|
| Hеге барлық хабарды үлкен әріптермен жазбаған жөн?
|
| Хабарларда грамматикалық қателер жасауға болады ма?
|
| Дескриптор:
Форумға, телеконференцияға қатысу кезінде желілік этикетті сақтау жолын анықтайды; Логин мен құпия сөзді желідегі белгісіз қатысушыларға хабарлауға болмайтынын көрсетеді; Хатта үлкен файлдарды жіберуге болатынын айқындайды; Хабарды толықтай үлкен әріптермен жазбау себебін көрсетеді; Хабарларда грамматикалық қателер болдырмау маңыздылығын айтады;
ҚБ: Дескриптор арқылы оқушылар «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.
СТ: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгенде отырып қорытынды тәсілі арқылы саралау жүреді
3-тапсырма.(Ж)
Оқулықта келтірілген электрондық хат алмасу ережелерін пайдаланып, мұғалімге және жұпта бір-біріне электрондық пошта арқылы хат жіберу.
Дескриптор: Білім алушы
Электронды хат жіберудегі ережелерді анықтайды.
Қосымша тапсырма:
Желіде мәтіндік хабарламаларда қолданылатын жағымды смайлдарға мысалдар келтіру
Дескриптор: Білім алушы
Жағымды смайлдарды анықтайды
ҚБ:Дескриптор арқылы оқушылар«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады
СТ: кейбір оқушылар басқаларына қарағанда тапсырманы жылдам орындайды ондай кезде ол оқушыға қарқын тәсілімен қосымша тапсырма беру арқылы сараланады.
| Оқулық
Қағаз
Маркерлер
Дәптер, қалам, интерактивті тақта
Электронды оқулық
Компьютер
| Сабақтың соңы
| Тест алуға арналған онлайн ресурс bilimland.kz сайты арқылы сабақты қорытындылау тесті алынады. Нәтиже интерактивті тақтаға шығарылады.
Оқушылар өздерін бағалайды.
Рефлексия
Оқушылар «3-2-1» тәсілі арқылы сабақтан алған маңызды 3-ақпарат, қиындық келтірген 2-мәселе және ұнаған 1-жағдай туралы кері байланыс береді
| https://bilimland.kz/kk
Плакат
Стикерлер
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың төмендегідей кезеңдерінде жүргізілді: топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы сабақты меңгерту. өткен сабақты пысықтау, миға шабуыл, «Бумеранг» әдісі, онлайн ресурсты https://bilimland.kz/kk
арқылы шағын тест, «Бас бармақ» рефлексиясын жасату Сабақ барысында әр оқушыға жеке қолдаулар көрсетіліп отырады. 1 тапсырмада топтық жұмыс орындау барысында оқулықпен қоса электронды дереккөздер пайдалану мүмкіндігі беріліп саралаудың декреккөздер сырмадатәсілі қолданылды. Жеке жұмыс болып табылатын 2 тапсырмада барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінуіне көз жеткізіліп, қорытынды тәсілі арқылы саралау жүреді. 3 тапсырма жұптаса орындалады кейбір оқушылар басқаларына қарағанда тапсырманы жылдам орындайдығы ескеріліп, ол оқушыға қарқын тәсілімен қосымша тапсырма беру арқылы сараланады.
| Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді: стикерлер арқылы, ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру
| Комптютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін қадағалау
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
| Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
| |
|
|