Жаңа сабақ
| Оқулықпен жұмыс істеу. «Данышпан үкілер» әдісі
1. Әрқашан қайталау циклі программада жұмысын
өздігінен аяқтай алмайды. Нәтижесінде Әрқашан
циклінің денесіне жазылған командалар тоқтау сыз
орындала береді. Әрқашан циклі бар прог рамманың
жұмысы сыртқы қызыл сегізбұрышты басу арқылы
тоқтатылады.
2. Қайталау циклі алдын ала белгіленген сандағы
циклдің жұмысын қайталайды. Мысалы, 10 рет,
15 рет. Циклдің бұл түрімен 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын табуға болады.
Дейін қайталау – повторять пока не –repeatuntil
Әрқашан – всегда – forever
| 3. Дейін қайталау циклі белгілі бір шарт орындалғанға
дейін, цикл денесінде орналасқан командаларды
қайталайды (1-кесте).
|
|
|
|
|
|
|
| Сабақтың ортасы
Практикалық жұмыс
|
Жоба жасау.
|
|
|
|
оқулық
компьютер
| Сабақтың ортасы
(26 мин)
| Топтық жұмыс.
«Венн диаграммасы»
әдісі
Бір-бірімен
айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың
сипаттамалары
жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
|
|
|
| 1-тапсырма Циклдік командалардың 3 түрін салыстырыңдар. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атаңдар. Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіріңдер. Дескриптор
Циклдік командалардың 3 түрін салыстырады. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атайды. Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіреді.
| Қалыптастырушы
бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірін
«Қошеметтеу»
әдісімен бағалайды.
| Плакат Түрлі-түсті маркерлер
|
|
| Жұптық жұмыс.
«Суреттер сөйлейді» әдісі Интерактивті тақтадан төрт түрлі сурет көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап жұмыс жасайды.
| 2-тапсырма
Суреттегі оқиғаларды 1-кестедегі (10-бет) цикл түрлеріне жіктеңдер. Не себептен таңдағандарыңды түсіндіріңдер. Мысалы, суреттегілердің қайсысы «әрқашан» цикліне мысал бола алады?
Дескриптор
Суреттегі оқиғаларды 1кестедегі цикл түрлеріне жіктейді. Таңдау себептерін түсіндіреді.
| Қалыптастырушы бағалау
Жұптасқан оқушылар бір-бірін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс дәптері
|
| Жеке жұмыс. 3тапсырма
Робот әр қадамда 10 см түзу сызық сызады. Роботтың ұзындығы 40 см, ені 30 см болатын тіктөртбұрышты неше қадамда салады? Циклдің денесі неше рет қайталанады?
| Дескриптор
Роботтың ұзындығы 40 см, ені
30 см болғанда тіктөртбұрышты
неше қадамда салатынын анықтайды.
Циклдік алгоритмнің қайталану санын анықта.
| Қалыптастырушы бағалау
Жұптасқан оқушылар бір-бірін
«Қошеметтеу»
әдісімен бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
|
| Жеке жұмыс. «Еркін микрофон»
әдісі
4-тапсырма
Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін қандай кедергілер бар? Программаны орындау кезінде цикл өз жұмысын тоқтатпаса не істеу керек?
| Дескриптор
1-сұраққа жауап береді. 2-сұраққа толық жауап береді.
| Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты өзін-өзі «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
| Сабақтың соңы
7 мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
| ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім. бүгінбі сабақта қуантқаны ...
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|
| мен өзімді ... үшін мақтар едім. маған ерекше ұнағаны ... сабақтан соң маған ... келді. бүгін маған ... сәті түсті. қызықты болғаны ... ... қиындық тудырды. менің түсінгенім ... енді мен ... аламын.
|
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Қошеметтеу» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1: 2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|
3-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кейіпкердің қозғалысы
Бөлімі:
| Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)
| Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Кейіпкердің қозғалысы
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушы үшін:
Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тимділігін біледі. Оқушылардың көбі үшін:
Кейіпкер қозғалысын іске қосатын командалар туралы түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch ортасында кейіпкерлердің қозғалысын ұйымдастыруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
| Педагогтің ісәрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| (Ұ)
Ұйымдастыру
кезеңі
1-7 мин
| Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім сап соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.
| 4. Топтастыру
| Топтастыру. «Социометрия» әдісі
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: Ақ түс
ІІ топ: Қызыл түс
ІІІ топ: Жасыл түс
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.
| (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
| Кейіпкерлерді қозғалысқа келтіретін қандай командалық блоктарды айта аласың? Есіңе түсір. 1-суретке назар аудар. Не бейнеленген? Осы суреттер бойынша қандай оқиға желісін немесе ойын идеясын ұсынған болар едің?
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
| Жаңа сабаққа дайындық
| Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
| |