Главная страница
Навигация по странице:

  • Бөлім: Координация және реттелу

  • Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

  • Барлық оқушылар үшін

  • Кейбір оқушылар үшін

  • І.Ұйымдастыру кезеңі: а)

  • Тиімділігі

  • Жаңа сабаққа кіріспе (Ұ) «Миға шабуыл»

  • Мақсаты

  • Саралау

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Қысқамерзімді жоспар №19-сабақ Сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.».

  • Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.

  • (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Мақсаты

  • «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты

  • лд. Биология. 7-сынып. 3-токсан. ысамерзімді жоспар 15саба Сабаты таырыбы Мінезлыты рефлекторлы табиыты шартсыз жне шартты рефлекстер. Шартты рефлекстерді снуі.


    Скачать 1.23 Mb.
    Названиеысамерзімді жоспар 15саба Сабаты таырыбы Мінезлыты рефлекторлы табиыты шартсыз жне шартты рефлекстер. Шартты рефлекстерді снуі.
    Дата10.04.2023
    Размер1.23 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБиология. 7-сынып. 3-токсан.docx
    ТипДокументы
    #1049628



    Қысқамерзімді жоспар

    15-сабақ

    Сабақтың тақырыбы: «Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.»

    Бөлім:

    Координация және реттелу

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:

    09.03.22

    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    7.1.7.6 - мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Мінез-құлық рефлекторын түсіндіріп бере алады.

    Көпшілік оқушылар үшін:

    Білім алушылар шартты және шартсыз рефлекстерді біледі.

    Кейбір оқушылар үшін:

    Шартты рефлекстің сөнуін сипаттап бере алады.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    7 мин.

    І.Ұйымдастыру кезеңі:

    а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    Жаңа сабаққа кіріспе


    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Жаттығу жасайды.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1. Рефлексті кім ашқан?

    2. Сендер қандай шартсыз рефлексті білесіңдер?
    3.Қорғаныштық рефлексті атаңдар.

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    26 мин.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

    Дескриптор:

    Жалпы балл-3

    1. Мінез-құлық рефлексін сипаттайды.

    Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып мінез-құлық рефлексіне байланысты видеоролик көреді.




    Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады

    1-Тапсырма

    Шартты және шарсыз рефлекстің айырмашылқтарын талдайды.



    Дескриптор:

    Жалпы балл-3

    1.Тапсырмадағы айырмашылықтарын тадап, кестені дәптерге сызады.

    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.




    Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады

    2-Тапсырма

    Суретте қандай рефлекстер көрсетілген сипаттайды.



    Дескриптор:

    Жалпы балл-3

    1.Тапсырмаларды сипаттайды

    2.Дайындалған тест сұрақтарын орындайды.

    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.

    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


    Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





    Қысқамерзімді жоспар

    19-сабақ

    Сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.».

    Бөлім:

    Координация және реттелу

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:

    16.03

    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    7.1.7.10 - жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Жүйке жүйесінің қызметін бұзатын заттарды біледі

    Көпшілік оқушылар үшін:

    Шылым шегумен және спиртті сусындарды ішумен күресу шараларын айта алады.

    Кейбір оқушылар үшін:

    Шылым құрамындағы зиянды заттарды біледі.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту.

    7 мин.

    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    ДК экраны

    Жаңа сабаққа кіріспе


    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Жаттығу жасайды.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1.Никотин дегеніміз не?

    2.Шылым шегуден болатын ауруларды ата?

    3. Нарколог-дәрігер кімдерді емдейді?

    4. Маскүнемдік ұғымына сипаттама бер?



    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    26 мин.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

    Дескриптор:

    1.Оқулықта берілген тсұрақтарға жауап береді.

    Денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланғанан болатын ауруларды интернет ресурстарын пайдаланып видеороликтер көреді




    Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады

    1-Тапсырма

    Шылым құрамындағы зиянды заттармен танысып, талдайды.



    Дескриптор:

    1.Тапсырманы орындайды

    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.




    Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады

    2-Тапсырма

    1.Мына белгілер нені білдіретінін түсіндіреді.



    2.Шылым шегудің зардабы туралы презентация дайындайды.

    Дескриптор:

    1.Тапсырманы орындайды.

    2.Презентация дайындайды.

    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.

    «Бір ауыз сөз» әдісі.

    Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Жеке жұмыс:

    Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

    Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

    «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






    написать администратору сайта