Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.3. Тармақталған алгоритмдерді программалау

  • Сабақтың мақсаты Барлық оқушы үшін

  • Кейбір оқушылар үшін

  • Тілдік мақсаттар Пәндік лексика

  • Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері

  • Пәнаралық байланыстар Ағылшын тілі, орыс тілі, математика. Алдыңғы білім

  • Топтастыру «Екілікке саналу» әдісі

  • Бағалау

  • (Т) Талқылау Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық талқылау жұмысы жүргізіледі. 1-тапсырма

  • Мақсаты

  • Дербес жұмыс Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала. Дескриптор

  • Рефлексия Сабақты бекіту

  • Үй тапсырмасы Кестеде берілген х

  • Берілгені Өрнек Нәтижесі

  • 6сынып 23.01. ысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау


    Скачать 59.6 Kb.
    Названиеысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
    Дата25.04.2023
    Размер59.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6сынып 23.01.docx
    ТипПрограмма
    #1087634

    Қысқамерзімді жоспар

    Бөлімі:

    4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

    Педагогтің аты-жөні:

    Ризабекова Іңкәр

    Күні:

    24.01.23

    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    4.3. Тармақталған алгоритмдерді программалау

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушы үшін:алгоритмнің түрлерін біледі.

    Оқушылардың көбі үшін: тармақталған алгоритмдерді құрастыру жолдарын біледі.

    Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерге мысалдар келтіреді.

    Бағалау критерийлері

    • Алгоритмдердің түрлерін біледі.

    • Шартты алгоритмдерге мысалдар келтіреді.

    • Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерге мысалдар келтіреді.

    Тілдік мақсаттар


    Пәндік лексика мен терминология:

    Егер → Если → If

    Немесе → Или → Or

    Енгізу → Ввод → Input

    Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

    • Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?

    • Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.

    • Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.

    • Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы: егер таңертең күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма?

    • Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?

    Құндылықтарға баулу

    “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

    Пәнаралық байланыстар

    Ағылшын тілі, орыс тілі, математика.

    Алдыңғы білім

    Алгоритм және оның түрлерін біледі.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    2 мин.


    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

    1. Сәлемдесу.

    2. Оқушыларды түгелдеу.

    3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

    4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

    Топтастыру

    «Екілікке саналу» әдісі арқылы І, ІІ топтарға бірігеді.

    «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып,

    І топ - сабақтың тақырыбын,

    ІІ топ - сабақтың мақсаты мен критерийлерін жариялайды.

    Бағалау: Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі

    арқылы бағалайды.

    Қағаз қиындылары.





    5 мин.


    (Ұ) Миға шабуыл әдісі

    Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

    • Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?

    • Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.

    • Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.

    • Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы, егер таңертен күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма?

    Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?




    7-сынып оқулығы.




    Жаңа сабаққа кіріспе

    Мұғалімнің кіріспе сөзі

    Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

    (Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі




    7-сынып оқулығы.

    Сабақтың ортасы


    31 мин.


    (Т) Талқылау

    Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық талқылау жұмысы жүргізіледі.


    1-тапсырма

    Берілген a, b және c сандарының үлкенін табуға арналған программа кодына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізіңдер:

    Программа коды:

    a=int (input () )

    b=int (input () )

    c=int (input () )

    max=a

    if max < b:

    max=b

    if max < c:

    max=c

    print (max)




    7-сынып оқулығы.





    І топ: Программада үш санның үлкенін табу үшін қандай алгоритмге сүйенеді?

    ІІ топ: Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымы қандай?

    ІІІ топ: Программа кодын талдап, блок­схемасын құрастырыңдар.

    Дескриптор:

    • Программада үш санның үлкенін табу үшін, қандай алгоритмге сүйенетінін айтады.

    • Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымын түсіндіреді.

    • Программа кодын талдап, блок­схемасын құрастырады.

    Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.

    Бағалау: Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі

    арқылы бағалайды.








    (Ж) Жинақтау

    Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құраңдар. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын көрсетіңдер.

    Дескриптор:

    - Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құрайды.

    - Құрастырған тапсырманың шешу жолын көрсетеді.


    Бағалау: Жұптар бір-бірін

    «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.








    Дербес жұмыс

    Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.


    Дескриптор:

    - Шарт тексеру операторларын біледі.

    - Шарт тексеру операторларының программалаудағы маңызын бағалайды.

    Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Отшашу» әдісі

    арқылы бағалайды.




    Сабақтың соңы

    7 мин.

    Рефлексия


    Сабақты бекіту

    Төменде берілген қорытындылау сұрақтарына жауап береді.

    1. Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?

    2. Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?

    3. Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білдің?

    4. Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.

    Мақсаты: Сабақты қорытындылау.

    Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы. «Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асады.


    Интерактивті тақта




    Үй тапсырмасы

    Кестеде берілген х және y айнымалыларының мәндеріне қарап, өрнек мәнінің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

    Берілгені

    Өрнек

    Нәтижесі

    x=74; y=14

    x == y




    x=0; y=0

    x != y




    x=590; y=590

    x > y




    x=243; y=243

    x < y




    x=740; y=740

    x >= y




    x=29; y=30

    x <= y




    Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.


    написать администратору сайта