Главная страница

Сор. Информатика 3-тоқсан 7-сынып-1. ысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау


Скачать 0.54 Mb.
Названиеысамерзімді жоспар Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
Дата21.02.2023
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИнформатика 3-тоқсан 7-сынып-1.docx
ТипПрограмма
#949164
страница6 из 7
1   2   3   4   5   6   7



Дескриптор:

*Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны құрастыруда қиындық туындайды.

*Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны жартылай құрастырады.

*Деректерді пайдаланып еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны дұрыс құрастырады.

Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


7-сынып оқулығы

Компьютер





(Ж) 3-тапсырма

Даладағы қуғын. Қасқыр мен түлкі бір сәтте қоянды көріп қалып, оны қуа жөнелді (2-сурет). Қоянның жылдамдығы v, қасқырдың жылдамдығы m, ал түлкінің жылдамдығы k ға тең.

  1. Қоян қасқырға да, түлкіге де жеткізбеуі үшін, орындалуы керек шарттарды тауып, жаз.

  2. 2-суреттегі оқиғаның программасын құрастыр. Тапсырмада қоян екеуіне де жеткізбей кетсе, экранға «0», егер қоянға бірінші қасқыр жетсе, онда «1», ал түлкі бірінші жетсе, «2» жауаптары экранға шықсын. Енгізу деректерінің реті: v-қоянның, m-қасқырдың, k-түлкінің жылдамдығы.

Мысал

Нәтиже

15 12 14

0





Дескриптор:

  • Қоян қасқырға да түлкіге де жеткізбеу үшін орындалуы керек шарттарды тауып, жазады.

  • 2-суреттегі оқиғаның программасын құрастырады.




Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Сабақтың соңы



7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін бояйды. Таратылған парақтарды толтырып береді. Сол бойынша алдағы сабақты жоспарлаймын.



Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі

арқылы бағалайды.

Мақсаты:

Сабақты

қорытындылау.








Үй тапсырмасы

Өткен бөлім тақырыптарын қайталау.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.




Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.8. Таңдауды ұйымдастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.

Оқушылардың көбі үшін: таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар үшін: күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.

Күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?

  • Заттар қандай параметрлермен сипатталады?

  • Заттардың параметрлеріне қарап таңдау үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

  • Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың ?

  • Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі дегеніміз не?

  • Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалда келтіре аласың?

  • Сөздікті пайдаланып, таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?

  • if - elif - else құрылымының шарт тексерудің басқа құрылымдарымен қандай айырмашылық жасайды?

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Алдыңғы білім

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Топтастыру Оқушылар үш түсті кәмпитті қалауына қарай таңдау арқылы бірігеді.

І топ, ІІ топ, ІІІ топ.








5 мин.



Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?

  • Заттар қандай параметрлермен сипатталады?

  • Заттардың параметрлеріне қарап таңдау үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

  • Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың?

Бағалау: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. Өте жақсы! Жақсы!

Талпын!


7-сынып оқулығы.

Компьютер




Жаңа сабаққа кіріспе.

Оқушыларға жаңа ақпаратпен танысу үшін мәтінді оқуға және арнайы жасалғалған үлгілік есептен программаны құрастыру жолын үйренуге тапсырма беріледі.

Сабақтың ортасы

31 мин.






Топтық жұмыс. Талдау

Python программалау тілінде таңдауды ұйымдастыруда if - elif-else құрылымы мен сөздікті пайдалануды салыстырыңдар. Таңдауды ұйымдастыруда осы екеуінің қайсы тиімдірек? Себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  • if-elif-else құрылымы мен сөздікті пайдалануды салыстырады.

  • Таңдауды ұйымдастыруда осы екеуінің қайсы тиімдірек екенін түсіндіреді.

Бағалау: Топтағы оқушылар бір-біріне «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізеді. Өте жақсы! Жақсы!

Талпын!







Практикалық жұмыс

(Ж) 1-тапсырма

Айдың нөміріне қарап, айдың атын табатын программа және блок-схема құрастыр.

Мысалы

Нәтиже

3

Наурыз




Дескриптор:

  • Айдың нөміріне қарап, айдың атын табатын программа құрастырады.

  • Айдың нөміріне қарап, айдың атын табатын блок-схема құрастырады.

Бағалау: Жұптағы оқушылар бір-біріне «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалау жүргізеді. Өте жақсы! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы.

Компьютер.





(Д) 2-тапсырма

0-9 арасындағы цифрларды енгізгенде, олардың атын көрсететін жоба дайындаңдар.

Мысалы

Нәтиже

3

Үш




Дескриптор:

- 0-9 сандары арасындағы цифрларды енгізгенде, олардың атын көрсететін жоба дайындайды.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. Өте жақсы! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы.

Компьютер


Сабақтың соңы



7 мин.

Рефлексия



Сабақты бекіту

(Ұ) «Өрмекші торы» әдісі

Бұл әдіс арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, білгендерін бір-біріне жіпті ұзатып беру арқылы, сұрақ қойып, келесі оқушы жауап беріп, ары қарай өзі қалаған оқушыға сұрақ қоя отырып, өрмекші торы тоқылады.

  • Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі дегеніміз не?

  • Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалда келтіре аласың?

  • Сөздікті пайдаланып, таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?

  • if - elif - else құрылымының шарт тексерудің басқа құрылымдарымен қандай айырмашылық жасайды?

Бағалау: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. Өте жақсы! Жақсы! Талпын!


Оралған тоқыма жіп




Үй тапсырмасы

Математикада 2n дәрежесінің соңғы цифрын табуға арналған есеп бар. Мысалы, 28 дәрежесінің соңғы цифры 6–ға тең. Бірақ есепті орындаудың қиындығы сол, n (010) санының шегі өте үлкен. Есептің математикалық шешімі оңай. 2 санының дәрежелерінің соңғы цифры белгілі заңдылықпен қайталанып отырады (3-сурет). Осы заңдылықты ескере отырып, таңдау алгоритмін қолданып, есептің программа кодын құрастыр. Төмендегі (3-сурет)



1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта