ышылдынегізді индикаторлар
Скачать 19.61 Kb.
|
Қышқылды-негізді индикаторлар? Индикатор деген – қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертетін зат. Химияның ерте кезеңдерінде лакмус секілді өсімдік түстері (қынаның бір түрінен жасалады) индикатор ретінде қолданылған. Лакмус қышқылдарда қызыл, ал сілтілерде көк түсті. Қызыл орамжапырақ та жақсы индикатор бола алады, бірақ өсімдік түстерінің бір кемшілігі, олар ауа мен Күннің әсерінен бұзылуы мүмкін. Кейіннен фенолфталеин мен метилоранж секілді күштірек жасанды индикаторлар ойлап табылды. Әмбебап индикатор – бояғыштардың қоспасы, ол әртүрлі түстер қатарын көрсетіп, күшті қышқылдық ерітінділерді әлсіз қышқылдық ерітінділерден немесе күшті сілтілік ерітінділерді әлсіз сілтілік ерітінділерден айыруға көмектеседі.
рН мәнін есептеу? рН шкаласы әдетте 1 мен 14 арасында болады, алайда рН деңгейі бұл шектен асып кетуі де мүмкін. рН сутек иондарының концентрациясын көрсетеді: төмен рН деңгейі сутек иондарының концентрациясы көп, ал жоғары рН деңгейі сутек иондарының концентрациясы аз дегенді білдіреді. рН мәні 7,00-ден төмен кез-келген ерітінді қышқылдық, ал рН мәні 7,00-ден артық ерітінді сілтілік болады, ал рН мәні тура 7,00-ге болса, ерітінді бейтарап болады (мысалы, таза су). Ерітінділерінің рН мәні төмен затты күшті қышқыл деп атаймыз. Күшті қышқылдар сұйылтылған ерітінділерде 100%-ға диссоцияцияланады: барлық қышқыл молекулалары ыдырағанда, сутек иондарын түзеді. Күшті қышқылдың мысалы ретінде азот қышқылын айтуға болады, ол толығымен сутегі иондары мен нитрат иондарына ыдырайды: HNO3 H+(с.ер) + NO3-(с.ер) - (с.ер) Қышқылды-негізді теория маңызы? Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.Бұл теория қышқылдық-негіздік қасиеттерді жоғарыда келтірілген теориялардың бәрінен кеңірек қамтиды. Оның ең басты сипаттамасы - қышқылдық-негіздік әрекеттесудің нәтижесінде тұз түзілуі тиіс деп санайды. Тұз - қышқыл мен негіздің өзара бейтараптануынан шығатын өнім. Бұл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзінен катиондар (оған протон да кіреді) бөле алатын немесе аниондар (оған электрон да кіреді) қосып ала алатын бөлшек. Бұл анықтамаға бұрынғы теорияларға сай келетін сутекті, сутексіз қышқылдардың бәрі де бағынады. Негіздер - керісінше аниондар (электрондар) беруге немесе катиондар (протондар) қосып алуға бейім бөлшектер. Теория тұз түзе жүретін барлық реакцияларды бейтараптау үдерісі ретінде қарайды. Тұздың өзі қышқыл - катион мен негіз анионнан тұрады. Тұз ретінде кез келген электролит (тіпті әлсіздері де) қабылданады. Бұл күрделі теорияға бағынатын қышқылдық - негіздік әрекеттесулерге бірнеше мысалдар келтірейік. Су мен күкірт (VI) оксиді әрекеттескенде: 2H2O + SO3 = H3O+ + SO су өзінен анион О2- бөліп негіздік қасиет көрсетсе, күкірт (VI) оксиді осы анионды қосып алып, қышқылдық қабілетін танытады. Егер судың орнына натрий оксиді алынса да тұз түзіледі: Na2O + SO3 = 2Na+ + SO Мұндағы натрий сульфаты басқа тұздар сияқты қышқыл (Na+) мен негізден (SO42-) құралғанымен бұл реакция бейтараптану реакциясына жатады, өйткені бастапқы күшті негіз Na2O мен күшті қышқыл SO3 әрекеттескенде әлсіз негіз SO42- және әлсіз қышқыл Na+ шығады. |