Терапия тест. Ішкі Аурулар Бронх демікпесіндегі аырыты микроскопиялы зерттеуінде аныталады Куршман спиралі, ШаркоЛейден кристалы
Скачать 38.68 Kb.
|
Ішкі Аурулар 1.Бронх демікпесіндегі қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде анықталады: Куршман спиралі, Шарко-Лейден кристалы 2.Крупозды пневмониямен ауырған науқасты рентгендік тексергенде анықталатын өзгеріс: өкпеден инфильтратты ошақ 3.Өкпе туберкулезінің емдеу принципі: ДОTS – терапия 4.Артериалды гипертензияда электрокардиограммада анықталатын өзгеріс: жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы 5.Жедел миокард инфарктындағы шынайы кардиогенді шоктың себебі: трансмуралды миокард инфаркты 6.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы рН-87 , байланымды қышқылдығы рН -54 , еркін қышқылдығы рН 38 – бұл көрсеткіш тән: жоғарғы қышқылды гастритке 7.«Белдік тәріздес» ауырсыну қандай ауруға тән: панкреатитке 8.Сарғаю, алақан эритемасы, тамыр жұлдызшалары, терінің қышу симптомдары тән: бауыр циррозына 9.Ісіктердің пайда болуы, олигурия, протеинурия, зәрде эритроциттердің көбеюі қайдай ауруға тән: созылмалы гломерулонефритке 10.Пиелонефрит ауруында жүргізілетін диагностикалық симптомы: Пастернацкий 11.Дене қызуының көтерілуі, жиі және ашып ауырсынып зәр бөлу белгілері қандай патологиялық жағдайға тән: Циститке 12.Гемолитикалық анемиямен ауырған науқасты жалпы қарағанда анықталады: геморрагиялық бөртпелер 13.Лейкоз диагнозын нақтылау үшін жүргізілетін диагностикалық тексеру: сүйек майы тексеру 14.Тромбоцитопениялық пурпурамен ауырған науқастардың терісіндегі өзгеріс : әр түрлі-түсті « көк, сары жасыл»геморрагиялық бөртпелер 15. Науқас 15 жаста иісті 200 мл дейінгі кілегейлі-іріңді қақырықты жөтел, қан қақыру, дене температурасының 38,2 С- қа дейін көтерілу, әлсіздік, ентігуге шағымданады. Бала кезде жиі жөтел мазалайтын. Соңғы 5 жылда – жыл сайынғы асқынулар болып тұрған. Болжам диагнозыныз қандай? туберкулез 16. Науқас А., 48 жаста, бронхиалды астмамен зардап шегеді, созылмалы гастрит көрінісінің фоны бар. Қандай ем тағайынданыз? интал,сальбутамол 17.Тыныс жетіспеушілігінің айқын көрінісін анықтауда көбінесе ақпарат беретін әдіс? Артериалды қанның газдық құрамын тексеру 18.Бронх демікпесі бар науқас сыртқы тыныстың жағдайын бақылау үшін жеке өзінде қандай аспап болуы керек? пикфлоуметр 19. Науқас М. 60 жаста соңғы жылда кезеңдік бас ауырсынуы, бас айналуына шағымданады. Әсіресе бас ауырсынуы күшейген кезде АҚ 170/100 мм с.б. дейін көтерілгені анықталған. Сұрастыру кезінде анасында АҚ жоғары болған, 57 жасында инсульттан кейін қайтыс болған анықталды. Науқас толық денелі, көп темекі шегеді, майлы тағам және сыраны жақсы көреді. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? Артериалды гипертензия, II дәрежесі, III қауіпті топ 20. 55 жастағы науқаста нақты физикалық күштемеге байланыссыз, нитроглицериннен кейін басылатын жүрек аймағында қысып ауырсыну мазалады. Ол тағыда төменгі аяқтардың веналардың варикозды кеңейуімен ауырады. АҚ 160/90 мм.с.б. дейін көтеріледі. ЭКГ да 12 стандартты тіркемеде спецификалық өзгеріс жоқ. Ары қарай жүргізілетін диагностикалық тексеру? тәуліктік мониторлау 21. Науқас С.45 жаста, соңғы 2 ай бойы оң жақ қабырға асты ауырсынған, ал екі апта бұрын денесі сарғайған. 15 жыл бойы ішімдік қолданған. Обьективті: тері мен көзі сары түстес, телеангиэктазия байқалады. Бауыр 3 см ұлғайған, тығыз, ауырсынады. Нақты диагнозды негіздеу үшін қай зерттеу әдістерін жүргіземіз? Бауыр пункционалды биопсиясы 22.Бауыр циррозы кезіндегі өңеш веналарының ұлғаюының патогенезі қай синдроммен байланысты? порталды гипертензия 23. Науқас К., 46 жаста жанұялық дәрігердің қабылдауына қышқыл құрамды құсуға, тамақтан кейінгі ауа кекіруге, эпигастри аумағын жайсыз сезінуіне, ішінің кебінуіне шағымданып келді. Пальпация кезінде эпигастри тұсы ауырсынады. Науқасқа қандай тексеру қажет? ФГДС 24.Тамақтанғаннан соң басылатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну қай патологияға тән? гастритке 25.Өт жолдарының дискинезиясы кезiндегi клиникалық көрiнiс қандай? оң қабырға астындағы ауырсыну 26. Науқас 15 жылдан бері созылмалы панкреатитпен ауырады. Ұйқы безінің кальцинозын (тас) анықтаудың ең қарапайым әдісі қандай? рентгенография 27. Науқас 22 жаста, үйге жалпы тәжірибедегі дәрігерге дене температурасының 38 градустан жоғары көтерілуіне, қалтырап дірілдеуіне, әлсіздікке, тәбеттің бұзылуына, бас ауырсынуына шағымданды. Өзін бір аптадан бері ауру санайды, дәрігерге қаралмаған, ыстық түсіретін дәрі қабылдаған. Жиі зәр шығуы, бел аймағының ауырсынуы мазалайды. Ауырғанын суықтаумен байланыстырады. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? жіті пиелонефрит 28.Жіті гломерулонефриттің классикалық триада симптомына не кіреді? ісік, гипертония, гематурия 29.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі емдәмінде нені шектейді? ақуыздарды 30.Қансыраудың мегалобласты типі, қанда ферритин деңгейі жоғары, неврологиялық симптом ... тән. В12- тапшылықты анемияға 31.Өкпелік көп қан жоғалтқанда қандай анемия дамиды? Жедел геморрагиядан кейінгі 32.Ревматизм кезiнде ауырсынудың тез тоқтауы қандай препараттарды қолданғанда байқалады? қабынуға қарсы стероидты емес 33.Туберкулездің ерте белгілеріне не жатады? кешке қарай субфебрильді дене қызуы 34.Қандай қақырық өкпе ісінуіне тән болады? алқызыл көбікті 35. 40 жастағы ер адам, шылымқұмар, көптеген айлар бойы құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы төрт апта ішінде 4кг арықтаған. Қарағанда: мойыны мен беті ісіңген, еріндері көкшіл түсті, қолмен басып қарағанда қолтығындағы лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалады. Қанда - ЭТЖ 70мм/сағ. Қандай ауру деп ойлауға болады? өкпе обыры 36.Бициллинмен профилактика қай ауруда жүргізіледі? ревматизм 37.Стенокардияның ұстамасы кезінде қандай жедел жәрдем көрсетіледі? тілдің астына нитроглицерин салу 38.Жүрек демікпесінің қандай негізгі симптомын білесіз? тұншығу 39.Секрециясы жоғары созылмалы гастритті емдеу кезінде қандай препараттар қолданылады? алмагель, викалин 40.Созылмалы гепатит диагностикасы үшін қандай зерттеу жүргізіледі? УДЗ 41.Созылмалы пиелонефриттің асқынуы қандай? созылмалы бүйрек жетіспеушілігі 42."Ет жуындылары" түсті зәр қандай ауруда байқалады? гломерулонефрит 43.Зәрде қан пайда болуы қалай аталады? гематурия 44.Постгеморрагиялық анемияның қандай себептерін білесіз? кансырау 45.Лейкоздың емінде қандай препараттар қолданылады? цитостатиктер, глюкокортикостероидтар 46.Геморрагиялық диатезге қандай тән белгісін білесіз? қансырағыштық 47.Науқас 20 жаста, жөтел, тұншығу ұстамасына және кеудесінде сырыл мен ысқырық сезетіне шағымданады. Ұстама көбінесе түнде басталады да, өзінен-өзі қойып кетеді. Бала кезінен аллергиялық мұрын қабығынын қабынуынан зардап шегеді. Бұл қандай күй? бронх демікпесінің ұстамасы 48.Бауырдың шаншуы кезіндегі шұғыл жәрдем атропин, баралгин, ношпа 49.Емханаға келген Б. атты 28 жастағы науқастың шағымдары : құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, дене қызуының 38,2°С дейін көтерілуі . Ауырғанын суықтаумен байланыстырады. Объективті тексергенде: өкпеде везикулярлық дыбыс қатайған, құрғақ сырылдар. Науқаста анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән? Жедел бронхит 50.Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы науқас мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін шырышты қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет , өкпеде әртүрлі құрғақ сырылдар естіледі. Науқаста анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән? Бронх демікпесі 51. 55 жастағы науқас сол жақ кеуде тұсында ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,2 дейін жоғарылауына, көп мөлшерде сасық иісті іріңді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті тексергенде: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық дыбыс, тынысы жиі. Науқаста анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән? Өкпе абсцессі 52. 25 жастағы науқас шағымдары: жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 дейін жоғарылауын, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз? Өкпе туберкулезі 53. 15 жастағы науқас шағымдары: жүрек тұсында ауырсыну, ірі буындардың көшпелі ауырсынуы, ісінуі, әлсіздік. Объективтік тексергенде: Тізе буындары ісінген, терісі қызарған, қимылы шектелген. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия 90 рет 1 мин. Науқаста анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән? Ревматизм 54. 33 жастағы науқаста кенеттен ентігу дамыды, мойын көк тамырлары керіле толуы, беті мен мойындары ісінген,терісі мұздай термен қапталған, акроцианоз, дауыстың қарлығуы, жіп тәрізді пульс. Болжамалы диагнозы: Экссудативті перикардит. Тиімді тактиканы таңдау. Перикардтың пункциясы 55.Науқастың шағымдары: басының қатты ауыруы, бас айналу, көз алдының қарауытуы, ентігу,жүректің жиі соғуы,қолдардың жансыздануы. А/Қ жоғары.Қай ауруды белгілеріне тән.? Артериялық гипертензия. 56. 49 жастағы науқасты төс артында кенеттен пайда болған күшті күйдіріп ауырсыну мазалады ауырсыну 30 минуттан артық созылады, нитроглицерин әсер етпеді, денесін суық тер басты. А/Қ төмен.Қай аурудың белгісі? Миокард инфаркты 57. 24 жастағы науқас тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпигастрий аймағында ауырсынуға, қыжылдауға, шағымданады. Диагнозды анықтау үшін қолданатын аспаптық тексерулер? ЭФГДС 58. 40 жастағы науқас « Асқазан ойық жарасы» диагнозымен «Д»есепте тұрады. Тиімді ем тактикасын таңда? Де-нол + тетрациклин + метронидозол 59. Асқазан ойық жарасы тесілуінің белгілері? Эпигастрий аймағында «семсер сұққандай»ауырсыну, іші тақтай тәрізді 60.Семіздікпен ауыратын 48 жастағы әйелді, оң қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Ауырсыну оң жауырынға, қолға, оң жақ мойынға берілді. Сонымен қатар жүрек айну, құсу байқалады. Қандай ауру деп ойлайсыз? созылмалы холецистит 61.Науқасты объективті тексергенде анықталған мынадай өзгерістер: терінің кір тәрізді түсі, пальмарлық эритема, «тамыр жұлдызшалары» , петехия, қанталау дақтары қандай ауруда болатын белгілер? бауыр циррозы 62.Науқастың бел тұсында ауырсыну, қалтырау, дене қызуының көтерілуі зәр бөлудің жиіленуі.Қай аурудың белгісі? Пиелонефрит 63.Диффузды гломерулонефриттің үш симптомын атаңыз? ісіктер, гипертония, олигурия 64.Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия, геморрагиялық синдром, нейролейкемия қай ауруға тән белгілер? Лейкоздар 65. Науқасты қарап тексергенде: терілері боз, құрғақ,тырнақтарының ортасы ойықталған,сынғыш. Науқаста қандай патология деп ойлайсыз? теміржетіспеушілік анемия 66. Бронх демiкпесi ұстамасындағы шұғыл көмек сальбутамол 67. Өкпеден қан кеткендегi қанның сипаты қызғылт көпiршiктi 68. Гипертониялық криз кезiнде науқаста тұншығу және көпiршiктi алқызыл түстi қақырық бөлiндi. өкпе iсiнуi 69. Бiрiншi күннен дене қызуының көтерiлуi,лейкоцитоз,5-10 күндерден бастап ЭТЖның ұлғаюы байқалады .Бұл белгiлер қандай ауруда болады? миокард инфарктында 70. Каротид биi, яғни ұйқы артерияларының пулсациясы қай кезде анықталады қолқа қақпақшасының жеткiлiксiздiгiнде 71. Эпигастрий аймағының қанжар сұққандай өте қатты ауыруы, iш қуысының тақтай тәрiздi болуы келесi ауруға тән: асқазан ойық жарасының тесiлуiне 72. Науқастың кеуде қуысы ауырып, жұтынуы қиындаған, сiлекей ағу, қан аралас құсу, жүдеген, әлсiздiк.Қандай ауру туралы ойлайсыз? өңештiң қатерлi iсiгi 73. Төмендегiлердiң қайсысында белдеме тәрiздi ауру сезiмi байқалады панкреатитте 74. Бүйрек шаншуы кезiндегi жедел жәрдем атропин, баралгин 75. Жедел гломерулонефриттегi симптомдар триадасы гематурия, iсiну, гипертония 76. Гемофилияға тән клиникалық симптомдар: қанағыштық, гемартроздар 77. Қан аққыштықпен сипатталатын аурулар тобы: геморрагиялық диатездер 78. Қызыл "лакталған" тiл қай анемияда бақыланады? В12-тапшылықты 79. Миокард инфарктысында көрсетілетін шұғыл жәрдем шаралары: физикалық ж/е психикалық тыныштық, бірнеше рет нитроглицерин, аналгетиктер беру, тез арада ауруханаға зембілмен жеткізу 80. Тек асқазаннан қан кетуге тән негiзгi белгiлер кофе тұнбасы тәрiздiқ ұсық, қара нәжiс 81. Туберкулездiң алғашқы белгiлерi: құрғақ жөтел,әлсiздiк, түнде терлеу, жүдеу 82. Науқастың асқазанын зондтауға дайындау: кешке - жеңіл ас, таңертең - аш қарынға 83. Колонофиброскопия - бұл тексеру: тоқ ішектің 84. Өкпе туберкулезінің емдеу принципі: ДОTS – терапия 85. Ревматизмді қоздырушы: β - гемолизді стрептококк А – тобы 86. Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде аускультацияда естіледі: жүрек ұшынан систолдық сырыл 87. Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер: каптоприл, атенолол, гипотиазид 88. Жоғарғы қышқылдық гастритте тағайындалатын дәрілер тобы: антацидтер 89. Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек: мұзды мұйықты асқазан тұсына қою 90. Энтероколиттің «ауырсыну» симптомының сипаттамасы: ішек бойымен, тамақ ішкеннен 3-4 сағ өткенен кейін бүріп, толғақ тәріздес ауырады 91. Бауыр циррозымен ауыратын науқастың биохимиялық қан талдауындағы өзгеріс: билирубин 92. Пиелонефриттің негізгі симптомы бел тұсының шаншуы 93. Теміртапшылық анемиямен ауыратын науқастарға тағайындалатын препарат: сорбифер дурулекс 94.Ойық жара ауруының рентгенологиялық белгiсi: «ниша» симптомы 95. Жедел қан тамыр жетіспеушілігінің түрлерін таңдаңыз? естен тану, коллапс, шок 96. Дуоденальдi зондылауға дайындық үшiн тазалау клизмасын қойылмайды 97. Бронхоэктаз ауруының клиникалық көрінісі Таңертеңгі ауыз тола іріңді қақырық болуы 98. Ойық жарасы бар науқаста эпигастрийда ауырлық сезімі, жүрек айну, «шіріген иісті» кекіру, таңғы уақытта мол құсу, құсық массасында кешегі жеген тамағы. Науқаста не болуы мүмкін? Қақпа (привратник) стенозы 99. Пациенттің мәселелері: стрепкоккты инфекциядан соң 11-3 аптадан кейін дамыған қабақтың ісінуі, артериалды қан қысымының жоғарылауы, олигурия, гематурия, протеинурия –тән: Жедел гломерулонефритке 100. Пациенттің өзекті мәселесі психо-эмоционалдық күйзелістен соң 20 минуттан артық төс артының қарқынды батып ауырсынуы, оның сол жауырынға берілуі байқалады: Миокард инфарктысында |