ишки аурулар Ф-31. Ішкі аурулар Маманды Емдеу ісі ф31 1
Скачать 46.14 Kb.
|
«Ішкі аурулар» Маманды? «Емдеу ісі» Ф-31 1. Біріншілік ревмокардиттің басталуы: p жұтқыншақ инфекциясымен байланыстылығы жоқ p аталғандардың бәрі дұрыс емес p жоғарғы тыныс жолдары инфекциясынан кейін бірден p жоғары тыныс жолдары инфекциясы кезінде x жұтқыншақ маңы инфекциясынан / баспадан / кейін 1 - 3 жұмадан соң 2. Митральды қақпақша жетіспеушілігінің ең жиі себебі: p қақпақшаның жарақатқа байланысты үзілуі p атеросклероз x ревматизм p біріктіргіш тіннің жайылмалы аурулары 3. Митральды жетіспеушілікте жүректің салыстырмалы шегінің кеңуі: p жоғары және оңға қарай p өзгермейді p оңға p жан-жаққа x солға және жоғары қарай 4. Митральды жетіспеушілікте жүрек шегінің кеңуі: p оң қарынша және сол жүрекше гипертрофиясынан p сол қарынша гипертрофиясынан p оң қарынша және оң жүрекше гипертрофиясынан p сол жүрекше гипертрофиясынан x сол қарынша және жүрекше гипертрофиясынан 5. Митральды қақпақша зақымдануының негізгі аускультативті белгісінің естілуі: p төстің оң қырында,2-і қабырға аралығында p жүрек негізінде,2- қабырға аралығында төстің сол қырында p төртінші тыңдау нүктесінде x жүрек ұшы тұсында /1-і тындау нүктесінде,өкпе артериясында p Боткин-Эрба нүктесінде 6. Бет ұшының көкшіл қызғылт тартуы / facies mitralis / қай жүрек ақауына тән? p үш жармалы қақпақша стенозына p өкпе артериясы сағағы стенозына p митральды стенозға p қолқа сағасы стенозына x жүрекше аралық перде жетіспеушілігіне 7. Митральды стенозда жүрек шектерінің ығысуы: p солға және оңға p жауаптардың бәрі дұрыс емес p жоғары, солға және оңға x жоғары және оңға p солға және жоғары 8. Митральды стенозды тыңдайтын негізгі нүктені атаңыз: p 2 - і нүкте p барлық аталған нүктелерде p 5 - і нүкте x 1 - і нүкте p 4 - і нүкте 9. Миокард инфарктісінің стенокардиядан негізгі патоморфологиялық айырмашылығы: p миокардтағы қабыну ошақтары p миокардтағы тыртықты өзгерістер p жүрек етінің ишемиясы x жүрек етіндегі ишемиялық некроздар ошағы не ошақтары p жүрек етіндегі дистрофиялық өзгерістер 10. Стенокардиядағы ауру сезіміннің миокард инфарктісінен айырмашылығы: p тарауымен p сипатымен p ауыртатын себептермен p орналасуымен x ұзақтығымен 11. Стенокардияға тән ауру сезімінің қайтуы: p нитроглицериннен 15 - 30 минут ішінде p қабынуға қарсы дәрілерден p валидолмен 30 минут ішінде p нитроглицериннен тарамайды x нитроглицериннен 3 - 5 минут ішінде 12. Инфарктіден кейінгі кезең белгілерін көрсетіңіз: p ST аралығы изосызықты p тыртық қалыптасқан соң 2 - 6 ай және одан да ұзаққа созылады x аталғандардың бәрі дұрыс p ЭКГ - да паталогиялық Qтісшесі сақталады p тығыз тыртық қалыптасуы 13. Науқастың салқын жабысқақ терге шомылуы, пульстің жіп тәрізділігі, систолалық қан қысымының төмендеуі, миокард инфарктісінің қандай асқынуына тән? p жүрек ырғағы бұзылуына x кардиогенді шокқа p өкпе шеменіне p аталғандардың бәрі дұрыс p үлкен қан айналымы жетіспеушілігіне 14. Науқаста ентігу, ортопноэық мәжбүрлі қалып, өкпесінде орта - ірі көпіршіктің ылғалды сырыл естіліуі миокард инфарктісінің қандай асқынуына тән? p кардиогенді шоққа p жүрек ырғағы бұзылуына x өкпе шеменіне p аталғандардың бәрі дұрыс p үлкен қан айналымы жетіспеушілігіне 15. Аспапты тексерулердің ішінде ЖИА - ы диагностикасына алдымен қолданылатыны: p ЭхоКГ x ЭКГ p тіке проекцияда жүрек рентгеноскопиясы p технециймен миокард сцинтографиясы p тәж артериясы ангиографиясы 16. Науқастың бауыры ұлғаюы, перифериялық ісіктер, мойын тамырлары білеуленуі пайда болуы жедел миокард инфарктісінің қандай асқынуына тән? p толық / тотальды / жүрек жетіспеушілігіне p сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігіне x үлкен қан айналу шеңберіндегі қан айналымы жетіспеушілігіне p кардиогенді шокқа p жауаптар дұрыс емес 17. Жедел миокард инфарктісінде тамырдың жіп тәрізділігі, әдетте: p қан қысымы тамыр соғуын сипаттамайды p жауаптардың бәрі дұрыс емес x қан қысымы төмендегенде p артериальды қан қысымы жоғарлағанда p қан қысымы қалыпты болғанда 18. Стенокардия ауырлығын анықтайтын жағдай: x стенокардия ұстамасына жеткізетін физикалық жүктеме деңгейі p науқас ұзақтығы p науқас жынысы p барлық аталғандар p науқастың жасы 19. Миокард инфарктісінде өзгеретіні: x жауаптардың бәрі дұрыс p Q Тісшесінің тереңдігі p R шесінің биіктігі p жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылады p ST сегментінің қалпы 20. ЖИА - ын операциямен / қолқа - тәж артериясы шунтын салу арқылы / емдеу қажеттілігін анықтайтын тексеру әдісі: p ЭхоКГ p рентгенокимография p ЭКГ p поликардиография x селективті коронарография 21. Миокард инфарктісіне күдік болса, бірінші көмек көрсету реті: p әуелі толық ауру және өмір анамнезін анықтаудан p ЭКГ тексеруінен p тіл астына нитроглицерин беруден p аталғандардың бәрі дұрыс емес x наркотикалық анальгетиктер арқылы ауру синдромын қайтарудан 22. Туберкулездің ерте белгілері: p жоғары температура, іріңді қақырықпен жөтел p ентігу, «тат түсті қақырық» x ұзақ уақытты субфебрилитет, жөтелу p жоғары температура, қан қақыру 23. Крупозды пневмонияның бастапқы сатысында естілетін тыныс: p күшейген везикулярлы тыныс x әлсіреген везикулярлы тыныс p бронхиалды тыныс p қатаң тыныс 24. Крупозды пневмонияның шешілу сатысында естілетін тыныс: p везикулярлы тыныс p қатаң тыныс x әлсіреген везикулярлы тыныс p бронхиалды тыныс 25. Ошақты пневмонияда естілетін тыныс: p күшейген везикулярлы тыныс x бронховезикулярлы тыныс p әлсіреген везикулярлы тыныс p везикулярлы тыныс 26. «Тат» түстес қақырық тән патология: x крупозды пневмония p бронхоэктазиялық ауру p өкпе рагі p өкпе инфарктісі 27. Өкпе абсцессінің жиі кездесуі: p жас ер адамдарда p жас әйелдерде x орта жастағы ерлерде p балаларда 28. Төмендегі белгілердің тыныс демікпесіне ең тәні: x іштен дем шығарудың қиындауы p жүрек соғуының жиілеуі p ентігу p ішке дем алудың қиындауы 29. Тыныс демікпесінің негізгі клиникалық белгісі: p жөтел p мұрыннан дем алудың қиындауы x тұншығу ұстамасы p жайылмалы цианоз 30. Тыныс демікпесіндегі қақырық: x әйнек тәрізді p үш қабатты p тат түстес p шірік иісті 31. Тыныс демікпесінде науқас қақырығындағы өзгеріс: p атипиялық клеткалыр p эритроциттер x Шарко - Лейден кристалдары, Куршман спиралі p туберкулез микобактериясы 32. Қай сырқатта тат түстес қақырық кездеседі? p өкпе инфарктісінде p өкпе рагінде x крупозды пневмонияда p бронэктазиялық аурулар 33. Жедел өкпе абсцесінің 1-і сатысына тән емес белгіні көрсетіңіз: p зақымданған жақта кеуденің ауруы p дене қызуының 39˚-қа көтерілуі p құрғақ жөтел x мол қақырық бөлу 34. Жедел өкпе абсцессінің алғашқы кезеңінің негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз: p жөтел x барлық аталғандар p ентігу p кеуденің ауруы 35. Жедел өкпе абсцессінің екінші кезеңінің негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз: p науқас жағдайы жақсаруы p қызудың төмендеуі x барлық аталғандар p кенеттен шірік иісті мол ( 50-ден 200 мл-ге дейін ) қақырық бөліну 36. Жедел өкпе абсцессінің екінші кезеңі белгілеріне жатпайтыны: p қақырықта кейде қан болуы p қызудың төмендеуі p науқас жағдайы жақсаруы x дене қызуының 40˚-қа дейін көтерілуі 37. Жедел өкпе абсцессінің инфильтрациялану фазасында тыныс: x бронхиалды p қатаң p амфоралық p везикулярлы 38. Жедел өкпе абсцессінде көбіне лейкоцитоз деңгейі: x 15 -20 х 109/л p 5 - 6 х 109/л p 3 - 4 х 109/л p 10 - 12 х 109/л 39. Өкпе гангренасының қоздырушысын атаңыз: p стафилококк p ішек таяқшалары p вирус x анаэробты инфекция 40. Өкпе гангренасына тән қақырық сипатын атаңыз: x шірік, сасық иісті p қоңыр - кір (шоколад) түстес p барлық аталғандар p көлемі мол 41. Жедел бронхитке себепші бола алмайтын ауруды атаңыз: p көк жөтел x туберкулез p грипп p соызылмалы гайморит 42. Жедел бронхиттен асқынбайтын науқасты көрсетіңіз: p салқын тию p барлық аталғандар p жұтқыншақ аурулары x ішімдікке салыну 43. Созылмалы бронхиттің негізгі клиникалық белгілері: x жөтел және ентігу p тершеңдік p шаршау p төс астының ауруы 44. Жедел бронхиттің негізгі симптомына жатпайтынын көрсетіңіз: p тұншығу p жөтел x төс артының ауруы p қақырық 45. Бронхоэктазиялық ауруға тән клиникалық симптомдар: x барлық аталғандар p қан қақыру p жалпы шаршау p анорексия 46. Бронхоэктаздарды диагностикалауда басты тексеру әдісі: x бронхография p бронхоскопия p томография p рентгенография 47. Бронхоэктазиялық аурудың рентгендік сипаты қандай? p гомогенді қараюмен қатар қуыстар пайда болуы p гомогенді қараю p өкпе суретінің айқындалуы x өкпе суретінің айқындалуымен қатар ұя тәрізділігі 48. Бронхоэктазиялық аурудың асқынуы: p бүйрек амилоидозы p өкпе абсцессі x барлық аталғандар p перифокальды пневмония 49. Плевриттердің клиникалық белгілері: p плевраның зақымдану синдромы p қабыну синдромы x барлық аталғандар p тыныс жетіспеушілік синдромы 50. Құрғақ плевриттегі басты шағым: x кеуденің ауруы p жөтел p тершеңдік p ентігу 51. Құрғақ плевриттің патогномикалық белгісі: p ылғалды сырылдар x плевраның үйкелу шуы p крепитация p перкуторлы дыбыстың қысқаруы 52. Өкпе абсцессіне тән емес қақырықтағы өзгеріс: p үш қабаттылығы p көлемі мол p жағымсыз иіс x Шарко - Лейден кристалдары, Куршман спиралі 53. Өкпенің жедел абсцессіндегі қақырықтың макроскопиялық көрінісінде осы сырқатқатән емес өзгеріс: p төменгі қабаты қою жасыл түсті іріңнен тұрады p қақырық үш қабатты p ортада көбіне сулы қабат x сұйық қақырық 54. Өкпенің обырында қақырықтың микроскопиялық көрінісінде осы сырқатқа тән өзгеріс: p қанның клеткалары p эластикалық талшықтар p тұнбасында кристалдар, тіндер қалдықтары x атипиялық клеткалар 55. Ішек ауруына тән ауру сезімін сипаттаңыз: p ауру астан кейін азаяды p астан кейін 2 сағаттан соң ауруы p астан кейін 15-20 минуттан соң ауруы p ауру құсқан соң азаяды x ауру ұстама тәрізді, жел және дәрет шықаннан соң азаяды 56. Энтероколитке байланысты терінің, кілегей қабаттардың құрғау себебі: x сіңіру бұзылғанда p іш диспепсиясынан p асқазан диспепсиясынан p қатты іш өткенде p іш қатқаннан 57. «Жедел іш» синдромы дамуы: p созылмалы колиттерде p спастикалық колиттерде p ішек қабырғасы тесілгенде p созылмалы энтериттерде x барлығы 58. Ішек диспепсиясына тән симтом: x іштегі ыңғайсыздық сезімі(ішек дискомфорты) p семіру p жүрек күюі p ұйқы бұзылу p эпигастрий аймағындағы салмақсу сезімі 59. Диарея себебін анықтаңыз: p ішек аурулары p тағам аллергиясы x барлығы p экзогенді интоксикация p эндогенді интоксикация 60. Іш қатуына тән емес белгіні атаңыз: x кілегей не қан аралас нәжіс p нәжіс көлемі азаюы p нәжіс тығыздығы өсуі p ұлы дәреттің сиреуі( 3-4 күнде 1 рет, не оданда сирек) p дәретке отырғаннан соң жеңілдену сезімі келмеуі 61. Тоқ ішекті биопсиялау мүмкіндігі: p ирригоскопияда p тік ішекті саусақпен тексергенде p фиброгастроскопияда p эзофагоскопияда x колоноскопияда 62. Іштің құрысып ауруы және ұлы дәретке жалған отыру сезімі қалай аталады? p аппендикулярлы колика p «қорғасын» коликасы x тенезмдер p ішек коликасы p бүйрек коликасы 63. Контрасты ертіндіні тік ішекке жіберу арқылы, тоқ ішекті тексеру әдісін атаңыз: p колоноскопия x ирригоскопия p эзофагоскопия p рентгеноскопия p ректороманоскопия 64. Ішектің эндоскопиялық тексеру әдісін көрсетіңіз: x колоноскопия p ирригоскопия p эзофагоскопия p рентгеноскопия p фиброгастроскопия 65. Ішек ауруларында іш кебудің (метеоризмнің) басты себебі: x ішектегі ашу және шіру салдарынан газдардың шамадан тыс түзілуінен p ішек ішінде тағам мен газдың өтуі баяулағаннан p барлығы p газдар сіңірілуі өскеннен p аэрофагия салдарынан 66. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға тән адамның сыртқы бейнесіндегі белгіні көрсетіңіз: p ісіну p гиперемия p сарғыштық p акроцианоз x жүдеу, күйі төмендеу 67. Ішек ауруларында іш көлемі өсу себебін атаңыз: x метеоризмнен p іш қатудан p асциттен p барлығы p тері асты май қабатыңың өсуінен 68. «Жедел іш» жағдайына сай емес симтомды атаңыз: x диарея p іш пальпациясының ауруы p іш дем алуға қатыспайды p ішек перестальтикасының әлсіреуі p іш бұлшық еттерінің қатаюы 69. Нәжіске жасырын қан араласу сынамасы оң мәнді сырқатты атаңыз: x ремиссия сатысындағы жара ауруы p созылмалы гастрит p ішек полипозы, дивертикулдары p геморрой p энтероколит 70. Қуырылған және майлы тағамнан соң, оң иыққа тарайтын оң қабырға доға тұсында ұстама тәрізді ауырғандық пайда болуы қай сырқатқа тән? x өт тас ауруы p созылмалы персистикалық гепатит p созылмалы холецистит p созылмалы гастрит p созылмалы панкреатит 71. Бауырдың қай патологиясына тері асты қанталауы, мұрыннан, қызыл иектен қан кетуі тән? x вирусты гепатит p жедел холецистит p өт жолдары дискинезиясы p холангит p өт тас ауруы 72. Кіші бауыр белгілерін көрсетіңіз: p сарғыштық p диспепсия, тері қышуы p асцит, коллатералдар x тамыр жұлдызшалары, бауырлық алақандар, гинекомастия, таңқурай түстес тіл p гепатомегалия, спленомегалия 73. Гепато-лиенальді синдром белгісін көрсетіңіз: p талақтың үлкеюі p асциттен іш көлемі өсуі x бауыр және талақтың үлкеюі p бауырдың үлкеюі p аталғандардың мәні бірдей 74. Тәбеттің болмауы, кез-келген тағамды көре алмай жиіркену кездесетін ауру: p асқазан рагі p дуоденит p панкреатит x гастрит p холецистит 75. Жедел гепатитті созылмалы түріне айналды деп есептеу мерзімін атаңыз: p бір жылдан әрі p бір ай шамасы p бір жылға дейін p 2-3 ай x 6 ай және одан әрі 76. Гепатит этиологиясы: x аталғандардың барлығы p алкоголизм p токсикоаллергиялық әсерлер p вирусты инфекция p токсикалық әсерлер 77. Созылмалы гепатит түрін көрсетіңіз: p белсенді x аталғандардың бәрі p холестаздық p люпоидты p персистикалық 78. Бауыр зақымдануының басты синдромын атаңыз: x бауыр-клеткалық жетіспеушілік p портальды гипертензия p диспепсиялық p астеновегетативті p ауыру синдромы 79. Келтірілген белгілердің қайсысы бауыр зақымдануының цитолитикалық синдромына жатады: p бауыр-клеткалық жетіспеушілігінің өсуі p қызба p сарғаюдың көбеюі p ферменттер деңгейі көтерілуі x барлық аталғандар 80. Келтірілген белгілердің қайсысы холестатикалық синдромға жатады: x тері қышуы p тұрақты қызба p гиперспленизм p гепатоспленомегалия p тұрақты ауыру сезімі 81. Бауыр циррозында перифериялық қанда қандай өзгеріс бола алады? p тромбоцитопения p анемия p панцитопения p ЭТЖ жоғарылауы x аталғандардың бәрі 82. Созылмалы гепатит пен бауыр циррозының диетасы: p № 2 стол p № 7 стол x № 5 стол p № 1 стол p № 15 стол 83. Бауыр циррозының ең жиі кездесетін себебін көрсетіңіз: x алкоголизм p біріктіргіш тін аурулары p алиментарлы әсерлер p зат алмасуының бұзылыстары p тұқым қуалаушылық 84. Бауыр циррозымен ауыратын науқастардың басты шағымдарын көрсетіңіз: p тері қышуы, қанталауға бейімділік p сарғаю, ұлы дәрет тұрақсыздығы p ұйқының бұзылуы, майлы, қуырылған асты көтере алмау p қызу көтерілу x шаршау, диспепсия, оң қабырға доға тұсының ауырлау сезімі 85. Аталған белгілердің қайсысы бауыр циррозымен ауырғандарды қарағанда табылады? p саусақтардың «дабыл таяқшалары» тәрізділігі x аталғандардың бәрі тән p көздің сарғыштығы, денені қасынған іздер p алақанның тенор және гипотенорының аз-кем көкшіл тартқан қызғылттығы p денедегі тамыр жұлдызшалары 86. Келтірілген белгілердің қайсысы созылмалы гепатитке тән? p геморрагийге бейімділік x аталғандардың бәрі бола алады p тері гиперпигментациясы, оның кейде құрғауы, түлеуі p дұрыс жауап келтірілмеген p көз сарғыштығы 87. Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен айырмашылығын көрсетіңіз: x аталғандардың бәрі p бауырдың бөліктік құрамы өзгеруі p спленомегалия p портальды гипертензия қосылуы p жалған бөліктер түзіліуі 88. Бауыр циррозына тән емес белгіні көрсетіңіз: p бауырдың үлкеюі, тығыздалуы p спленомегалия p бауыр тығыз, шеттері өткір x бауырдың үлкеюі, жұмсақтығы p портальды гипертензия 89. Гепатолиенальды синдром белгісін көрсетіңіз: p талақтың үлкеюі x бауыр мен талақтың үлкеюі p бауырдың үлкеюі p асциттен іштің үлкеюі p аталғандар маңызы бірдей 90. «Кіші бауыр белгілеріне» жатпайтын жауапты табыңыз: p алақандар гиперемиясы p тамыр жұлдызшалары p тіл түсінің алқызылдығы x іш веналарының кеңуі p ксантелазмдар 91. Бауыр циррозына тән емес белгіні көрсетіңіз: p диспепсиялық бұзылыстар x жүректің күюі p қатты шаршау p оң қабырға доға тұсы ауруы p дене қызуы көтерілуі 92. Бауыр циррозының ең жиі кездесетін клиникалық симптомы: p тершеңдік x сарғаю p тері гиперемиясы p қансырау p тері қышуы 93. Геморрагиялық синдром жиірек кездесетін цирроз түрі: x некроздан кейінгі циррозда p цирроз түрлерінде бірдей p портальды циррозда p биллиарлы циррозда p аралас циррозда 94. Қабырға доға тұсын қаққанда ауру сезімі пайда болуының аталуы: p Кэр симптомы x Ортнер симптомы p Мерфи симптомы p Шоффар симптомы p Мюсси симптомы 95. Дуоденалды зонд арқылы алынған өттің тексерілетін уақыты: p 30 минуттан кейін x алынған соң бірден p бір сағаттан кейін p екі сағаттан кейін p тексеру уақытының маңызы жоқ 96. Қанда аммиак деңгейі өсуі аталған патологияның қайсысына тән? p өңештен қан кеткенде x бауыр комасына p гиперспленизмге p сарғаюға p асцитке 97. Бауыр комасы патогенезін анықтайтын негізгі себеп: x бауырдың детоксикацилық функциясы бұзылуы p барлық аталғандар p қан ұюы бұзылуы p көмертегі алмасуы бұзылуы p пигмент түзеу функциясының бұзылуы 98. Іштің бетінде венозды тамыр торлары пайда болуы тән синдромды атаңыз: p гепатолиенальды синдром p бауыр жетіспеушілігі p сарғаю p аталған барлық жағдайларды x портальды гипертензия синдромы 99. Гемолитикалық сарғаю механизмін атаңыз: p гепатоциттер зақымданғаннан p холангиттен p өт жолдары бітелгеннен x эритроциттер ыдырағаннан p холециститтен 100. Паринхиматозды сарғаю механизмін атаңыз: p эритроциттер ыдырағаннан p холангиттен p өт жолдары бітелгеннен p холециститтен x гепатоциттер зақымданғаннан 101. Механикалық сарғаю механизмі: p токсикалық заттар әсерінен p эритроциттер ыдырағаннан x өт жолдары бітелгеннен p бауыр паренхимасы зақымдалғаннан p барлық аталғандар 102. «Медуза басы» түсінігінің сипаттамасы: x кіндік айналасындағы вена тармақтарының кеңеюі p петехиальды бөртпе p холестериннің тері астына жиналуы p алақандар гиперемиясы p тамыр жұлдызшалары 103. Телеангиоэктаздар даму механизмі: p холемия p азотемия x гиперэстрогенемия p қан ұюының бұзылуы p липидемия 104. Ксантомдар қандай өзгерістер белгісі? p көміртегі алмасуының бұзылуы x холестерин алмасуының бұзылуы p пигмент алмасуының бұзылуы p белок алмасуының бұзылуы p барлық аталғандар 105. Портальды гипертензияның алғашқы симптомы: p жүрек күюі p кофе тұнбасы түстес құсық x іш веналарының кеңеюі p метеоризм p сарғаю 106. «Медуза басы» симптомы қандай ауруда кездеседі? p гастритте p асқазан рагінде p кіндік жарығында p жара ауруында x бауыр циррозында 107. Бауыр циррозында қандағы өзгеріс: p гиперпротеинемия x гипербилирубинемия p тромбоцитоз p гипергликемия p эритроцитоз 108. Жедел гломерулонефрит белгісін көрсетіңіз: p қызу көтерілуі, лейкоцитурия, бактерийурия, дизурия p жас адамдардағы қауіпті гипертония, зәр тұнбасында өзгеріс жоқ p гипертония, гематурия, гипертермия x гематурия, протеинурия, цилиндрурия, ісіктер, гипертония 109. Жедел гломерулонефрит асқынуына жататыны: p бүйректік эклампсия p жедел бүйрек жетіспеушілігі x барлық аталғандар p жедел сол қарыншалық жетіспеушілік 110. Нефриттерге тән емес белгіні көрсетіңіз: p ісіктік синдром x гиперпротеинемия p бүйрек мөлшерлері қалыпты p нефротикалық синдром p артериальды гипертония 111. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде Зимницкий сынамасына не тән: p ісіктер, олигурия, салыстырмалы тығыздықтың жоғарлауы p ісіктер, лейкоцитурия, салыстырмалы тығыздық қалыпты p анурия, протеинурия, дизурия x полиурия, никтурия, салыстырмалы тығыздығының төмендеуі p аталғандардың барлығы 112. Дені сау адамның несебіндегі белоктың мөлшері: x 0,033 г/л дейін p 2,0 г/л дейін p 1,0 г/л дейін p 0,33 г/л дейін p 3,0 г/л дейін 113. Жедел гломерулонефрит соңы бола алатын жағдай: x аталғандардың бәрі бола алады p толық жауап жоқ p жазылу p созылмалы түріне айналу p ақаумен жазылу 114. Жедел бүйрек жетіспеушілік себебін көрсетіңіз: p сәйкессіз қан құю x аталғандардың бәрі бола алады p сепсис p ауыр металлдар тұздарымен улану p дұрыс жауап берілмеген 115. Созылмалы пиелонефрит қайталау белгілерін көрсетіңіз: p қанда лейкоцитоз, ЭТЖ сағатына 20мм-ге дейін тездеген p УДЗ қортындысында бір бүйрек мөлшері өскен p субфибрильді қызу, дизурия, бел көбіне оң жақтан аурады p зәрде лейкоцитурия, бактерийурия, Нечипоренко сынамасында лейкоциттер 4000, эритроциттер 1000 x аталғандардың бәрі біріге алады 116. Жедел пиелонефритте жалпы қан анализіндегі өзгерістер: p лейкопения, тромбоцитопения p барлығы дұрыс p жалпы қан анализі қалыпты p анемия x лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы 117. Шынайы лейкоцитуриямен сипатталатын патологияны көрсетіңіз: x пиелонефриттер p простатиттер p уретриттер p нефриттер p циститтер 118. Жедел өкпе шеменінде ќажетті дәрі: p науқасты жатқызып, жағын бекіту p кордиамин, ˝жүрек˝ тамшыларын беру x натрий нитропурссидін көк тамырға тамызу p фентанил, дроперидолды бұлшыќ етке, нитроглицеринді тіл астына беру p преднизолон, адреналин, антигистаминді дәрілер, кордиамин егу 119. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе шемені) белгілерін көрсетіңіз: p көбіне түнде не әртүрлі иістен пайда болатын сыртқа дем шығарудың қиындауымен өтетін тұншығу ұстамасы, қақырық түскен соң дем алудың жеңілдеуі x қатты ентігу, тұншығу, көпіршікті қызғылт түсті қақырық бөлінетін кеудедегі сырылды тыныс, салқын тер, шаршау p митральды стенозы бар науқастың қатты ентігуі, тұншығуы, жөтелуі, қан қақыруы, жүректің оң бөліктеріне жүктеме түсуінің ЭКГ-лық белгілері бар p қосарланған митральды ақауы бар науқастағы ентігу, жүрек соғуы жиілеуі, аяқтағы көлемді ісіктер, асцит, мойын тамырларының білеуленуі p қатты ентігу, тұншығу, тат түстес қақырықты жөтел, гипертермия, шаршау 120. Кардиогенді шок белгілерін көрсетіңіз: p брадикардиясы бар науқастағы ұзақтығы екі минутқа дейін созылатын, кенеттен пайда болатын, естен тану ұстамасы, дененің құрыстауы, еріксіз дәреті кетуі p пеницилинмен ем алып жүрген науқастағы қатты шаршау, дененің сығылуы, тұншығу, салқын тер, пульстің жіп тәрізділігі, гипотония пайда болуы p үдей түсетін әлсіздік, бас айналу, денені салқын тер басуы, пульстің жіп тәрізділігі, гемоглобин және гемотокрит деңгейлері төмендеуі p тұншығу, жүрек соғуының жиілеуі, дем шығарудың қиындауы, кеудедегі ысқырықты ќұрғақ сырылдар x төс асты сығып ауырған науқастағы қатты шаршау, тұншығу, бас айналуы, салқын терге шомылуы, тахикардия, гипотония болуы 121. Гемофилия бұл: p эритроциттердің бұзылуы p анемия p тромбоцитопения x қан ұюының бұзылуы 122. Геморрагиялық васкулит бұл ауру немен сипаталады: p тромбоцитопениямен p қанның ісік тәрізді ауруы p қан ұюдың бұзылуы x тамырлар өткізгіштігінің бұзылуымен 123. Тромбоцитопениялық пурпура дегеніміз: p лейкемия p анемия p қан ұюының бұзылуы x тромбоцитопения 124. Жедел лейкоз қай жасушалардан дамитын ісік: p тромбоциттерден p жетілген жасушалардан x пісіп жетілмеген жасушалардан p эритроциттерден 125. ”Жылтыр тегістелген” таңқурай түсті тіл қай анемияның түрінде кездеседі: x В-12 жетіспейтін p теміржетіспейтін p гемолитикалық p апластикалық 126. Жалпы қан анализінде Нв мөлшері 70 г/л,бұл анемияның қай сатысы: p сатыға жатпайды p ауыр сатысы p жеңіл сатысы x орташа ауыр сатысы 127. Дене массасының индексі қалыпты болуы керек: p 30,0 - 34,9 p 40,0 және одан аса p 25,0 - 29,9 x 18,5 - 24,9 128. І дәрежелі семіру қойылады, егер ДМИ көрсеткіші: p 30,0 - 34,9 x 25,0 - 29,9 p 18,5 - 24,9 p 40,0 және одан аса 129. Дерматомиозиттің ерте белгілеріне жатады: p беттің эритемасы x бұлшық ет әлсіздігі p миокардит p базалды пневмофиброз 130. Жүйелі қызыл жегінде цитостатиктерді қолдануға негізгі көрсеткіш: x кортикостероидтер терапиясына резистенттік дамуы p бүйректің зақымдалуы p гематологиялық бұзылыстар p ОЖЖ зақымдалуы |