қисымбай. исымбай мнайгазконденсат кен орны
Скачать 339.65 Kb.
|
Қисымбай мұнай-газконденсат кен орны — Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналсқан мұнай-газконденсат кен орны. Кен орны 1978 жылы ашылған. Геологиялық құрылымы Тектоникалық тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Тұз үстіндегі жыныстар кешенінің стратиграфиялық қимасында төменгі бор мен жоғарғы юраның шөгінділері мұнайлы. Өнімді қабаттың төменгі бор кезеңіндегі мұнайлы валанжин қабаты жоғарғы юра кезеңінде газды келловей ярусы және газды мұнайлы қабаттары бөлінген. Валанжин қабатының тереңдігі 1564 м, келловейдікі - 1710-1736 м. Иірімдер қабаттың дөңдік Валанжин иірімдерінің биіктігі 23,6 м, келловейдікі 5,18 м. Су мұнай жапсары - 1597,8-1756,1, газ-су жапсары 1740,1 м-лік белгіде жүргізілген. Өнімді қабаттар терригендік таужыныстардан құралған коллекторлы кеуекті. Мұнайға қаныққан қабатының қалыңдығы 2,7-10,5 м, газға қаныққан қабатының қалыңдығы 1,6-5,9 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 20,7-21%, өткізгіштігі 0,39-4,645 мкм2. Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,61. Бастапқы қысымы 15,99-19,88 МПа, температура 60-61°С. Құрамы Мұнайдың тығыздығы 871-881 кг/м3. Құрамында: Күкірт 0,89-0,94% Шайыр 11,86% парафин 0,51-3,84% Газ құрамында: Метан 61,68-72,34% Этан 5,77-7,45% Пропан 0,09-44,38% Азот 12,17% Тұрақты конденсаттың бастапқы мөлшері 96 г/м3, тығыздығы 871 кг/м3. Хлор-кальцийлі суының тығыздығы 1190-1120 кг/м3, минералдікі 182,0-277,5 аралығында. |