Главная страница
Навигация по странице:

  • Наградалары

  • №5 Өмірбаян Исламбек Искаков. Искаков исламбек


    Скачать 15 Kb.
    НазваниеИскаков исламбек
    Анкор№5 Өмірбаян Исламбек Искаков
    Дата23.09.2022
    Размер15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№5 Өмірбаян Исламбек Искаков.docx
    ТипДокументы
    #692077

    ИСКАКОВ ИСЛАМБЕК

    (1930-1982)

    Исламбек Искаков 1930 жылы 28 тамызда Қызылорда облысы, Тереңөзек кентіндегі, Қызылөзек қыстағында дүниеге келген.

    1947 жылы Тереңөзек ауданындағы «Калинин» атындағы орта мектепті бітіріп, 1952 жылы Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп шығады.

    1952 жылы институтты бітіріп шыққаннан кейін Қараөзектегі №128 сегіз жылдық мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Білім саласында оқу-тәрбие жұмысын, өмір талабына сай құруға ат салысып, домбырашылар оркестрін ұйымдастырып, өзі жетекшілік етеді. Осы жылдардан бастап өз жанынан күй шығара бастайды. Оқушыларға берілетін білім басты назарда болып, тұлғаның рухани қалыптасуына қазақтың дәстүрлі әншілік, күйшілік өнерін сіңіру жұмысымен айналысқан. Оқушылардан құрылған домбырашылар оркестрі аудандық, облыстық деңгейде өнер көрсетеді.

    Исламбек 1947 жылы Алматыда өткен өнерлі жастардың республикалық байқауына қатысады. 1948 жылы Нұрғиса Тілендиевтің басқаруымен 18 домбырашының бірі болып Москвада өткен бүкілодақтық олимпиадаға барады. Қазақтың дәулескер күйшісі Дина Нүрпейісова бала Исламбекке батасын береді.

    1978 жылы халық мұрасының жанашыры, фольклоршы Мардан Байділдаевтың қолдауымен «Құрақтың Досжаны мен Исламбек Искаковтың күйлері» атты гигант күйтабақ жазылып, жарыққа шығады.

    Осы 1978 жылы Алматыдағы республикалық қазақтелефильм иностудиясында «Играет Исламбек Искаков» деген айдармен телефильм түсіріліп, республикаға жарияланады.

    1982 жылы 52 жасында қайтыс болған.

    Қазіргі кезде Исламбек Искаковтың шығармашылығы қазақтың музыка тарихынан өз орнын алған. Күйшілік өнерінен кандидаттық диссертация, дипломдық жұмыстар және ЖОО мен музыкалық колледждердің домбыра класының оқу бағдарламасына туындылары енген. 2000 жылы Голивудта өткен дүниежүзілік орындаушылар олимпиадасында «Ұлытау» тобы гран при ұтып шығады. Орындаған шығармаларының бірі – Исламбектің «Күрішшілер биі» күйі. Күйші творчествосына арналған күй кештері өткізілді, түрлі деңгейдегі байқаулар мен концерттік бағдарламаларда оркестр және жеке орындаушылар репертуарынан күйлері берік орын алып, орындалып жүр.

    Наградалары: Облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет грамотасы» (1958), облыстық Совет атқару комитетінің «Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына» арналған ақындар айтысында «Құрмет грамотасы», Бүкілодақтық фестивальдың II турына қатысқаны үшін «Грамота» (1976 жыл), В.И.Лениннің 110 жылдығына және Қазақ ССР-і білімінің 60 жылдығына арналған байқауда №128 сегіз жылдық мектебінің домбырашылар оркестрінің жетекшісіне «Грамотамен» наградталған.


    написать администратору сайта