Главная страница

Ислам діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу айм. Ислам діни ілімні негіздері, тарихы, тжірибесі жне таралу айматары


Скачать 15.71 Kb.
НазваниеИслам діни ілімні негіздері, тарихы, тжірибесі жне таралу айматары
Дата14.02.2022
Размер15.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИслам діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу айм.docx
ТипДокументы
#361752

Ислам: діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары.

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын толық ашты.

. Жаңа материалды меңгеру Жоспар:

1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

2. Ислам дінінің пайда болуы

3. Ислам дінінің таралу аймағы

Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:

- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;

- имансыздықтан тұншығуы;

- Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;

- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.

Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.

Ислам дінінің пайда болуы

Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.

Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.

Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.

Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.

Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).

Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).

Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.

(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).

Жаңа сабақты мұқият тыңдайды

Оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.

Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.

90%-ы Сунниттер.

Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.

120 –дан астам елде Ислам діні таралған. Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.

Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.

Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:

1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы

2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы

3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы

Тірек ұғымдары:

1. «Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию»,

«нану».

2. Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».

3. «Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші

4. «Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).

5. Алла – күреншит руының жеке құдайы.

6. Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.

7. «Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».

8. «Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.

9. «Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.

10. «Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед

(с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім.

11. «Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға

түскен ең соңғы кітап.


написать администратору сайта