Главная страница

жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар. ыста лаым ісіп кетті


Скачать 14.53 Kb.
Названиеыста лаым ісіп кетті
Анкоржаңылтпаштар
Дата10.01.2022
Размер14.53 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖаңылтпаштар.docx
ТипДокументы
#326979

* * * Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.
* * *

Қыста құлағым ісіп кетті, Үсіп, ісіп кетті.
* * *

Талғат, балға тап, Он шақты жаңғақ шақ,

Шақсаң, сақ шақ.
* * *

Киген тоны – Оңды тон, Өңді тон.

* * *

Асан бақша жақтан Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.
* * *

Өңеші кем емес, Өңешті кең өңеш. Өмеште өңеш кең.

* * * Омар ора алар,

Омар ора алмаса,

Орал ора алар.
* * *

Сен сел емес, Сел сең емес. Мен сен емес, Сен мен емес.

* * *

Лағыл тасын көрдің бе?

Лала гүлін тердің бе?

Үйде ойыншық үлегім, Үлегімді үремін.

Үремін де үнемі, Үстіне өзім мінемін.

* * * Дәуреннің Дутары бар, Дағарадай.
* * *

Ықылас пен Жасыбай, Ыдыстарын тасымай, Ырыскүлден үлгі алмай, Ынтасыз жүр тілді алмай.

* * * Ыңғайсызы, Ыңғайсыз -ақ,

Амал жоқ, Тыңдаудай,

Тыңдайсыз -ақ.
* * *

Сызық сызып, Қызық сызды. Қызық сызып, Бұзып сызды.
* * *

Ісшіл іссізбен келіспейді, Істі іссізден тез істейді.

Іске іскер,

Істі іскер істер.

* * *

Әпендіше Әкімнің, Әкелді де әлгінде.

Әпкесінің әтірін Әлек шашып әркімге.

* * *

Бұтап, бұтап бұтақты, Бұтақты тұтатты.

Тұтатты бұтақты, Бұтақты тұтатты.

Гауһар жеңін түрінді, Газға балық қуырды. Гүлзарға су себелеп, Газетке де үңілді.

* * *

Гүлжамила - бақташы, Гүлге толы бақшасы.
* * *

-Жұмаш

Көзіңді жұм, аш- деді Күләш.
* * *

- Кім сызғышсыз?

-Біз сызғышсызбыз.

- Сызғышсыздарға Сызғышсыз сызғыз.

* * *

Баланың жаман баға алмағаны.

Мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.

* * *

Қоғабай қомағай ма?

Жоқ, ағай

Қоғабай қомағай емес, Зор ағай.

* * *

Ғажап бояу жағады, Ғани сурет салады.
* * *

Далада Дана да ойнап жүр, Далада Сана да ойнап жүр.
* * *

Досым маған еліктеп Домбырамен ән салды,

Дән риза болып көп, Дуылдады, тамсанды.

* * *

Ескермес те, Естемес те, Есіл сөздерді ескермес пе?
* * *

Елеусіздің елеуіші елегіш емес,

Елеместің елеуіші елегіш.

* * * Жағажай,

Жағажайда - Қамажай

Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.

* * *

Жомартта бар әліппе, Жомарт жетік әріпке.

* * *

Жамал Жаңылды,

Жалындырмақшы болды, Жаңыл Жамалды,

Жаңылдырмақшы болды. Жаңылдырғаны дұрыс па?

Жаңылдырмағаны дұрыс па?

* * *

Иса шиша жуса, Мұса - шиша жуса.
* * *

Көк көйлек, көк көйлек, Тек өзіме дөп көйлек.
* * * Қырық кұлып,

Қырык құрық.

Құлып та қырық. Құрық та қырық.
* * *

Қырсық қисықты. Қисық қырсықты

Қырсық құр қырсықты.

* * * Өкшелеп қуып, Көшкен ауылды.

Өкпем өшіп, Өкшем ауырды.

* * *

Өнері оның алуан, Өміртай - боксер палуан.

* * *

Біздің Ығылман Қымыран ішті, Қымыран ішкен

Ығылман Зымыран жайлы шымыр ән айтты...

* * * Тойболды тойға барады.

Тоқтарбай тоқталмай ол да

барады.

Қойгелді жолда қалады...
* * *
Шаш ал, Қас алма.

Ас ал!

Қасарма!
* * *

Бұл қай арал? Қарғалы арал.

Қамыс басын қайырып,

Қарға ұялар.

* * *

Үш кісі ішік пішті, Бес кісі ішік пішті,

Қанша кісі ішік пішті?
* * * Ұшты -ұшты;

Кім ұшты?

- Қысқыш ұшты... Қыш ұшты...

* * * Бізде «бес»

ала алатындар да бар,

Ән сала алатындар да бар. Мал баға алатындар да бар, Нан соға алатындар да бар.
* * *

Кетпеннің басын басса, Тиеді сабы басқа.

Ал егер сабын басса, Тие ме басы басқа?

Араның тісі қыши ма? Баланың қолы қыши ма?

Ара тісі қышымаса, Балаларды шағар ма? Бала қолы қышымаса,

Ойыншығын шағар ма?
* * * Оқуға салақтар,

Тек кетіп парақтар.

Сабақта алақтар, Далада далақтар.
* * *

Шапанымда сан қалтам бар,

Қай қалтамда

сары малтам бар?

* * *

Жақсы қайшы, Қайсы қайшы?

* * * Сенсең,

Бейсенде бар сенсең тон, Сейсенде бар сенсең тон, Кигендері өңшең тон.

* * *

Шалшық, балшық, Балшық, шалшық, Балшықтан ал шық

Әсел әсем бе, Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
* * *

Әмір әбігер, неге әбігер? Әділ әбігер, неге әбігер?

Әмір мен Әділдің әбігеріндей Әркімнің әбігерлігі бар.
* * *

Әнуар - өнер түлегі.

Әдемі етіп тігеді.

* * *

Шахматшы болсаң келе ғой, Шоқанды қане, жеңе ғой.

* * *

Жағада жатыр ек, Жақыпбек жақын кеп:

- Жаңылды шақырып

Жатыр, - деп Жомартты нұсқады.

Кім барды, Кім қалды?!
* * *

Шалабай шыли шалағай, Шалағай шыли Шалабай, Шақша басы шарадай,

Шаладай шала Шалабай.

* * *

Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, Таласпа, Жарас, Қалашпен.

* * *

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең. Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең.

«Ң» нан сөз жоқ басталған,

«Ң» – үлестен құр қалған.

Жақсы атты әп-сәтте, Асқаттар ақсатты,

Жаза алмай бас қатты.

Ақсатса жақсы атты, Кім болар жақсы атты.

* * *

Әсен әсем билеймін деп әлек,

Қасен шешен сөйлеймін деп әлек, Әсем билегендерін де көргеміз жоқ, Шешен сөйлегендерін де

Көргеміз жоқ.
* * *

Қаз маңғаз, Маңғаз қаз.

Алдындағы Аңғарбай Шөпшек теріп келеді. Артындағы Арғынбай Шыбын қағып келеді.
* * *

Бақтан қалың өрік көріп келдім, Қалың өрікті теріп-теріп келдім, Менен кейін Серік теріп келді, Серіктен соң Берік теріп келді.

* * *

Ол да Ділдә, Бұл да Ділдә. Ол да Әбділдә, Бұл да Әбділдә.

Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді. Батырға қай көлік

Сай көлік?

Батырға сай көлік - Сайгүлік!
* * *

Қайрат қайрақ қайрап отыр,

Қайрақпен балта қайрап отыр.
* * *

Ескекті ескекші еседі, Ескекші ескекті еседі.

* * * Тарғақты тақыр жерге

Жұмыртқалатпақшымыз,

Жұмыртқаламаса да

Жұмыртқалатпақшымыз.

* * *

Қырық кұрықтық Сырық қырықтық.

* * *

Қара бүркіт томағасын түсіреді, Оны мен томағаламай,

Кім томағалайды? Оны мен томағаламай, Кім томағалайды?

* * *

Пай-пай қызық пингвин. Паш етіп, тұр паңдығын.

* * *

Шөжем деп шешесі бәйек, Шешем деп шөжесі бәйек.

Шешесі шөжем жесін дейді, Шөжесі шешем жесін дейді.

* * *

Жоғалды бес шыбыш.

Жоқ әлі еш сыбыс, Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

* * *

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

* * * Ара-ара аралар,

Орманның бәрін аралар, Гүлдерден сорып бал алар, Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой, балалар.

* * *

Қара майлы қарағайды Кесейін бе, кеспейін бе?

Қазықтағы қара тайды Шешейін бе, шешпейін бе?

Ақ тайлағымды Бұйдалайын десем: Бұйдалай алмадым, Шудалайын десем, Шудалай алмадым.

* * *

Шарқ айналар, Қайралар, Пышақ қайралар Көңіл жайланар.

* * *

Төтесі төбел төрт бөрік, Төртеуі де көк бөрік.


написать администратору сайта