Главная страница

4-тапсырма. ытай медицинасы


Скачать 15.31 Kb.
Названиеытай медицинасы
Дата16.11.2020
Размер15.31 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла4-тапсырма.docx
ТипДокументы
#150854

Қытай медицинасы

Менің ойымша ғылымның медицина салаларының ішіндегі ең қызықтысы-Қытай медицинасы. Қытай медицинасы адам организмін жан- жақты қарастырып, зерттейді. Қытай медицинасы адамды толық органикалық ағза ретінде қарастырып, оның орталығы ретінде жинақтау органдарын қарастырып, ал байланыс қызметін каналдар (меридиан) мен тамырларды таниды.  Айнала қоршаған ортадағы барлық құбылыстарды, оның ішінде адам мен табиғатты қоса Қытай медицинасы екі басты бастамаға бөліп қарастырады яғни инь және ян. 

   Ауруды емдеу барысында Қытай дәрігерлері баса назарын аурудың алдын алу шараларына бөледі. Қытай дәрігерлерінің ежелден келе жатқан қағидасы «Науқасты ауру пайда болғаннан бұрын емдеу».

   Емдеудің негізгі тәселе бұл аурудың пайда болу себептерін жою. Терапиялық емдеу негізінде науқастың ерекше көрсеткіштеріне, географиялық жағдайына, жыл мезгіліне қарап емдеу үрдісін жүргізу.

   Қытай медицинасындағы  құбылыстарды сараптаудағы бірыңғай тәсілдері маңызды екі факторға негізделген:

1.    Адам ағзасын ажырамайтын біртұтас жүйе ретінде қарастыру.

2.    Адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты мойындау.

   Қытай дәрігерлерінің пайымдауынша адам ағзасының әр түрлі бөліктері өзара тығыз байланыста болады. Бұл органикалық біртұтас жүйенің орталығы ағзаның бес негізгі мүшесінде орналасқан, олар басқа мүшелермен байланысы жүйке және қан тамырлары арқылы жүзеге асады.

   Мысалы, жүрек каналдар жүйесі арқылы аш ішекпен байланысты, ол қан тамырларын басқарады. Яғни, жүрек жағдайын тілдің үстінгі беті арқылы білуге болады. Ал өкпе тоқ ішекпен байланыста болғандықтан ол тері мен дененің түкті қабатына жауапты болады. Олардың жағдайын мұрын арқылы түсінуге болады.        Ал көк бауыр каналдар жүйесі арқылы асқазанмен байланысты, яғни ол бұлшықеттер мен қол-аяққа жауапты. Оның жағдайын ауыз қуысы арқылы білуге болады. Бауыр өт қабымен байланысты, олардың екеуі де сіңірлерді басқарады. Жағдайын көрсететін мүше болып көз табылады. Бүйрек болсы каналдар жүйесі арқылы қуықпен байланысты, олар сүйекті басқарады. Олардың жағдайын құлақ арқылы түсінуге болады.

   Сонымен, Қытай дәрігері диагноз қояр кезде бес мүшенің (тіл, мұрын, ауыз қуысы, көз, құлақ) жағдайына, терінің түсіне, тамыр соғуына және сыртқы келбетке қарайды.

   Қытай медицинасы адамды емдеу барысында тек қана құбылыстарды сараптаудағы бірыңғай тәсілдермен шектелмейді, сонымен қатар адамның қоршаған ортамен және ғаламмен тығыз байланысын да қарастырады. Осылайша адам өзінің өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарды қоршаған ортадан алады. «Су-вэнь» кітабында былай деп жазылған: «Адам өмірі аспан мен жердің циінен (энергия) тұрады және жылдың төрт мезгіліне тәуелді болып келеді».

   Жылдың әр түрлі мезгілдерінде орын алатын өзгерістер, мысалы, жаздағы аптап ыстық, қыстағы қақаған аяз, барлығы адам ағзасының жағдайына әсер етеді.Сонымен қатар қазіргі кездегі Қытай медицинасында бұл табиғат өзгерістері адам ауруларының негізгі себептері ретінде қарастырылады. «Лин-шу» кітабында адамның табиғат өзгерістеріне қалай бейімделетіні баяндалған. Мысалы жаз кезінде адам денесіндегі түтіктер ашылып терлейді осылайша денесіндегі артық ылғалды шығару арқылы жаздың ыстығына бейімделеді. Ал қыс кезінде суықтың әсерінен дене түтіктері жабылады, ал ағзадағы артық ылғал өт қабына жиналапы өт арқылы сыртқа шығарылады. Осылайша адам ағзасы қоршаған орта өзгерістеріне бейімделеді.


написать администратору сайта