Функ сауаттылық. ытуда функционалды сауаттылы дадыларын алыптастыруды тиімділігі
Скачать 21 Kb.
|
Биология сабағын оқытуда функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі. Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болар. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру. Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін дамыту; Оқушылардың дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білім-білігін арттыру; Оқушылардың зерттеу әдістерін түсінуі, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау. Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Оқушы әрекеті: - Ақпаратпен танысу. Оқубарысындаалынғанақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедияларнемесесайттар, дереккөздерденжинақталғанақпараттықолдану. - Болжамдыанықтау. Дәлелдемелердіңанықтығынжәнедәйектілігін, соныменқатардәлелдер, пікірлер мен зерттеудіңнақтылығын. - Ақпараттыталдау. Тақырыптыңнегізгікомпоненттері, ауызшадәлелдердіңбіріктірілуіжәнеөзарабайланыспринциптерін. - Салыстыружәнезерттеу. Жеке компоненттерарасындағыұқсастықтыжәнеайырмашылықты. - Жинақтау. Түрліақпараткөздерін, дәлелдердінемесеидеялардыбіріктіру.Түрліақпараткөздеріарасындағыбайланыстытабыңыз. - Дәлелдеу. Тұжырымдалғаншешімдердіңөзектілігі мен маңыздылығын. -Қолдану. Сұрақтардыңжауаптарынтүсіндіру. Биология пәніноқытудыңеңмаңыздымақсаттарыныңбірі – практикалықмүмкіндіктерінашу. Олүшінкүнделіктіоқытуүдерісінде биология пәніненберілетінтеориялықбілімдіөмірдегіжағдайларменбайланыстырып, практикалықжағынабағыттапотырукерек.Сондықтан теория мен практиканыңбайланыстаболуынқамтамасызетуүшінәрбірсабақбойыншаберілетінбілімніңмазмұны мен көлемінанықтағандатеориялыққағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғниұғымдық-ақпараттықматериалдардың бала өміріндекездесетінтүрліпроблемалықмәселелердішешугекөмегітиетіндей, бала оны қолданаалатындайпрактикалықмаңызыескерілуітиіс. Сондай-ақоқушылардыңоқуматериалын тек жаттапқанаалмай, оныңмән-мағынасынтереңтүсінуінқамтамасызетуміндетті. Функционалдықсауаттылықтықалыптастыру - оқушыныңлогикалықойлауқабілеттеріндамытудыңүйлесімдіжолы. Оны дамытудыңнегіздері: бақылағаннәрселерінсалыстыруарқылыұқсастығы мен айырмашылығынайқындайбілу; Нәрсені ой жүзіндежекебөліктергежіктеу, олардықайтаданбіріктіруарқылынәрсеніңтұтаскүшінжәнежекебөліктерініңарасындағыбайланыстытаныпбілу; Нәрселердіңелеуліқасиеттерінелеусіздеріненажыратып, бөлебілу; Бақылауларданжәнежекедеректердентиістіқорытындыжасап, дұрыстығынтексеребілу; Өзойыныңдұрыстығындәлелдеп, жалғанболжамдардытеріскешығарабілу; Өзойынанық, жүйеліжәненанымдыбаяндауғаүйрету. Өз сабақтарымда оқушы-ң ф.с.д . Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі. Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болып тұр. Бүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген заманауи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет. Функционалдық сауаттылықтың белсенді стратегиялар арқылы оқытудың тиімділігі: Мұғалім үшін: Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру. Оқушы үшін: Өз білімін жете түсіну,өмірде қолдану,өз жұмысын бағалай білуі. Ата-ана үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы. Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтің аталы сөзі ең алдымен ата-ана, ұстаз және қоғамға арнап айтылғандай. Ертеңгі ел болашағы білім ошағында қалыптасады десек те, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып келеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру қажет деп санаймыз. |