Главная страница
Навигация по странице:

  • IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Дені саудың жаны сау») Мектеп: №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі

  • Күні: 30.01.2023 ж. Мұғалімнің аты-жөні

  • Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

  • Сабақ мақсаттары Барлық оқушы

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті

  • (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.) Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту «Ассоциативті қатар» ойыны.

  • «Гүлмен тілек тілеу» əдісі

  • (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

  • Жаңа сабаққа дайындық Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу.

  • Сабақтың ортасы (31 мин.)

  • (Т). «Көршіңізге айтыңыз» əдісі

  • (Ж). «Суреттер сөйлейді» əдісі

  • (Ө) «Еркін талқылау» əдісі

  • Сабақтың соңы (1-7 мин.) Сабақты бекіту. Рефлексия ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ұ) «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі

  • 2- сынып,Цифрлы сауаттылық,19 сабақ. 19 сабақ. Дыбысты өңдеу. Iv блім. Мультимедиа (орта таырыбы Дені сауды жаны сау)


    Скачать 23.37 Kb.
    НазваниеIv блім. Мультимедиа (орта таырыбы Дені сауды жаны сау)
    Анкор2- сынып,Цифрлы сауаттылық,19 саба
    Дата02.05.2023
    Размер23.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла19 сабақ. Дыбысты өңдеу.docx
    ТипДокументы
    #1101830

    IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы:

    «Дені саудың жаны сау»)

    Мектеп: №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі

    Күні: 30.01.2023ж.

    Мұғалімнің аты-жөні: Жұмәділлә Н.М.

    Пәні: Цифрлық сауаттылық

    Сынып: 2 «В»

    Қатысқандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Дыбысты өңдеу

    Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

    Сабақ мақсаттары

    Барлық оқушы: Арнайы программаны пайдалана отырып, дыбысты жазу, өңдеу мен шығаруды үйренеді

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурс тар

    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

    (1-7 мин.)

    Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту «Ассоциативті қатар» ойыны.

    Тақтаға бір сөз жазылады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазу ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «дыбыс жазу», «программа, өңдеу» т.б. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылады. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сəйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тəжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тəжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.




    «Гүлмен тілек тілеу» əдісі

    Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің артына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

    І топ «Дыбыстық əуендер». ІІ топ «Дыбыстық файлдар».

    (МК, Ұ)

    Ой қозғау.

    «Миға шабуыл» əдісі

    Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, дұрыс жауапқа бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектесу.

    –Дыбыстық файлды қалай ашуға болады?

    –Дыбыстық файлға жазған əуендерді қысқартуға бола ма?

    Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді.

    Қалыптастырушы бағалау Оқушылар бірбірін «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.

    Компьютер, оқулық

    Жаңа сабаққа дайындық

    Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Оқушылар бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді.

    • Дыбыстық файлдар дегеніміз не?

    • Табиғи дыбыс дегеніміз не?

    • Жасанды дыбыс дегеніміз не ?

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, ұлғайтқыш тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

    Сабақтың ортасы

    (31 мин.)


    ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (МК. Ұ). Оқулықпен жұмыс. «Тізбектей оқу» əдісі

    Оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы жаңа ақпаратпен танысу үшін, «Тізбектей оқу» əдісі арқылы мəтінді кезектесіп, тізбектей оқып, оны талқылау.Оқушылар бір-біріне жəне мұғалімге сұрақтар қояды. Сұраққа жауап алып, бір-бірінің білімдерін толықтырады.

    Компьютер,оқу лық




    (Т). «Көршіңізге айтыңыз» əдісі

    «Көршіме айтамын» əдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша немесе жазбаша білдіру үшін қолданылады. Оқулықта берілген 1-тапсырма бойынша сұрақ қойылады. Оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуді сұрау. Оқушылар топ ішінде бір-бірімен талқылау жүргізіп, тапсырманың алгоритмін көрсетеді. 1-тапсырма. Дыбыс жолағынан (3сурет) төмендегі ісəрекеттерді орындау алгоритмін көрсетіңдер. Жолақтың 5 секундқа дейінгі бөлігін өшіру. Жолақтың 5-10 сек аралығын кесіп тастау. Жолақтың 10 секундтан кейінгі бөлігін кесу.

    Дескриптор: •Жолақты 5 секундқа дейінгі бөлігін өшіреді. •Жолақтың 5-10 сек аралығын кесіп тастайды. •Жолақтың 10 секундтан кейінгі бөлігін кеседі.




    Қалыптастырушы бағалау Оқушылар бірбірін «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.







    (Ж). «Суреттер сөйлейді» əдісі Ұлайтқыш тақтадан 4-суреттегі дыбыс колонкалары көрсетіледі. Оқушылар жұбымен бірлесіп, сол суреттер туралы əңгімелейді жəне төмендегі сұрақтарға жауап береді.

    2-тапсырма.

    –Суретте қандай дыбыс колонкалары берілген? (4-сурет)

    –Суретте қай нөмірдегі колонканың жұбы жоқ? –Сынып бөлмесіне пайдалану үшін қай колонканы таңдар едіңдер? Ал үйге ше?

    Дескриптор: • Суретте қандай колонкалар берілгенін айтады. •Суретте жұбы жоқ колонканы көрсетеді. • Сынып бөлмесіне жəне үйіне қай колонканы таңдағаны туралы əңгімелейді

    Жұптағы оқушылар бірбірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.








    (Ө) «Еркін талқылау» əдісі

    3-тапсырма.

    –Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды деп ойлайсың?

    –Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін ата

    Дескриптор: •Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды екенін əңгімелейді. • Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін атайды.

    Оқушылар өзін өзі «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.




    Сабақтың соңы (1-7 мин.)

    Сабақты бекіту. Рефлексия


    ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ұ) «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды жəне бір тілек айтуды сұрау. Екі жұлдыз = жұ мыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нəрсе.

    Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағаланады. Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды.

    5 жұлдызша: Өте жақсы!

    4 жұлдызшы: Жақсы!

    3 жұлдызша: Талпын!


    написать администратору сайта