Главная страница

ызылорда облысы, азалы ауданы, Бірлік ауылындаы 102 орта мектебіні


Скачать 30 Kb.
Названиеызылорда облысы, азалы ауданы, Бірлік ауылындаы 102 орта мектебіні
Анкорпікір
Дата30.12.2022
Размер30 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаПікір.doc
ТипДокументы
#869401

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің

2-сынып оқушысы Алтынбекқызы Аруананың

«Кітап оқу – жақсы әдет» тақырыбындағы

зерттеу жұмысына

Пікір

Жас зерттеуші Алтынбекқызы Аруана «Кітап оқу – жақсы әдет» тақырыбындағы зерттеу жұмысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өз сыныптастарын кітап оқуға қалай үйретуге болатынын зерттеген.

Зерттеу жұмысында өз замандастарының рухани және дарындылығының дамуы үшін не істеу қажет екенін, оларға көмектесу үшін жасап жатқан жұмыстарын атап көрсеткен.

Ол өзінің зерттеу жұмысының мақсатына жетуі үшін кітап оқуды жақсы әдетке айналдыру балабақша, мектеп, қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты жолға қойса ғана іске асатынын айтқан.Зерттеу барысында кітап оқудың пайдалы жақтарын талдаған.Кітап оқуды жолға қою арқылы сыныптастарын бақылауға алып, олардың оқу техникасы мен оқу жылдамдығының арттыруына көмек көрсеткен.Шетел ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасап,кітап оқудың балалар мен егде адамдарға тигізетін пайдаларын саралап түсіндірме жасаған.

Ең бастысы кітап оқудың адамзат үшін көптеген пайдасы бар екендігін таратып айтқан. Қазіргі басты адамгершілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, елжандылық, өнерпаздық, шешендік, сыпайылық , мәдениеттілік секілді құндылықтарды бойларына сіңіруді мақсат еткен.

Оқушы зерттеу жобасының нәтижесі бойынша бірнеше ұсыныстарын жасаған.Оқушының жұмысы тұжырымды,дәлелді,ғылыми негізде жазылған.

Зерттеу жұмысын белгілі талаптар деңгейіндесараптай отырып,зерттеу жұмысы сапалы орындалған деп бағалаймын.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,
қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика
кафедрасының аға оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі: К.Т.Құдайбергенова


написать администратору сайта