оильои. тілдерді дамыту туралы атқарылған іс-шаралар (1). ызылту орта мектебі кммде Тілді дамыту шін ткізілген іс шаралар туралы анытама ыркйек айыны 1322 жлдызы аралыында Тілдер мерекесіне орай Тіл лтты жаны
Скачать 1.61 Mb.
|
«Қызылту орта мектебі» КММ-де Тілді дамыту үшін өткізілген іс –шаралар туралы анықтама Қыркүйек айының 13-22 жұлдызы аралығында Тілдер мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны» атты тіл апталығы өтті. 13-қыркүйекте «Тіл – ұлттың жаны» атты 2- 5 сыныптар арасында буклеттер сайысы өтсе, 14- қыркүйек күні «Тапқыр достар» атты сайысы 5-11 сыныптар арасында аталып өтті. Өткізген мұғалімдер Кожулдакова Г.Р ,Жамбулова Р.К 4 сыныптар арасында «Қазақшаңыз қалай? » атты шара өтті. Жауаптылар:Кожулдакова Г.Р Сондай-ақ 19 қыркүйекте «Менің тілім - мақтанышым» атты шығарма 5-11 сынып оқушылары арасында жазды.. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Әр топқа 5 оқушы қатысты. Оқушылар бұл сайысқа белсене қатыса білді. Сайыс соңында жеңген топтарды грамотамен марапаттады. Пән мұғалімдері: Жамбулова Р.К 18 қыркүйек күні мұғалімдер арасында «Ойнайық та ойлайық» атты сайысы өткізілді. Бұл сайыста мұғалімдер мемлекеттік тілді қалай білетінін көрсетті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Олар: таныстыру, «Сөз тапқанға..», «Жорға», «Есімдер әлемінде», «Сөз шебер», «Өнерлі болсаң». Өткізген пән мұғалімі Жамбулова Р.К .Кожулдакова Г.Р . Мақсаты: -Ұстаздардың дидактикалық білім қабілеттерін тексеру -Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін тексеру. - Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. - Мақалдар, жаңылтпаштар, тақпақтар айтқызу арқылы қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. -Дидактикалық ойын арқылы сергіте отырып, ой - өрістерін дамыту. Қойылған сұрақтарға толық жауап алу арқылы сөздік қорларын байыту. Міндеттері: Дидактикалық ойындарды қалыптаструда математикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу; Дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу; шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту Күтілетін нәтижелер: Бағдарламаның ерекшелігі оқу нәтижесінде логикалық ойындар шеңберінде тәрбиешінің басшылығымен білім, білік икемділік дағдыларын тексеру. Ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін қадағалау. өздерін дидактикалық ойындарды ойнау барысында бақылайды, салыстырады, сабақтарында қолданады.. Қазақстан Республикасы тілдері күні апталығы аясында ,Қызылту орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары ,Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері бойынша сурет салып ,баяндады.. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Кожулдакова Г.Р "Қазақстан балалары - Қысқы ертегі" қысқы демалыс іс - шаралар жоспарына сәйкес 6-9 сынып оқушыларымен 11 қаңтар күні "Менің отбасым - бақытты мекенім" атты эссе жазу байқауы өткізілді. Өткізген: Жамбулова Р.К "Қызылту орта мектебі" Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында 11-сынып оқушылары «Ыбырай Алтынсарин – ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазды. Бұл іс-шара ағартушы-педагогтің еңбегін оқушы қауымға насихаттауда пайдалы болары сөзсіз. 4"б" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Киіз үй" тақырыбы бойынша Bilimland жүйесінде сабақ өткізілді. Өткізген: Кожулдакова Г. Р. «Рухани жаңғыру» «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы». Шараның мақсаты: Оқушыларды қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Шара барысында оқушылар қазақ халқының бақытты болашағы үшін жанын қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірімен танысты. А.Байтұрсынұлы тұтастай алғанда өз елінің нағыз азаматы, патриотының портретін жасады. Іс-шара слайд-шоумен және ақпараттық бейнероликпен сүйемелденді. Қорытындылай келе «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды. Жамбулова Р.Қ. Қызылту орта мектебінің 6-сыныпта "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлттық бірегейлікті сақтау" бағыты "Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" арнайы жобасының аясында «М. Мақатаев "Мен таулықпын" » атты сабағынан үзінді. Сабақ барысында оқушылармен тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке , имандылыққа,шыншылдыққа , мейірімділікке тәрбиелеу.Тренинг барысында балалар бір-біріне жылы лебіздерді білдірді, өздерінің жарқын қайырымды істер жайлы сыр бөлісті. Барлық оқушы "Мейірімділікті" - ол басқаға қамқор болу, көмек жасау, жан-жануарға қамқорлық деген қорытынды түйді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамбулова Р. К. Әр мерекеге сәйкес 1-10 сынып оқушылары қазақша өлеңдер жаттап жатқа айтады. Қазақстан халқы бірлігі күніне орай 8-9 сыныптарында «Біз бір халықпыз – бір елміз » тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Жамбулова Р. К. Жұмыс жоспарына сәйкес демалыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-9 сынып оқушыларымен білімдегі олқылықтарды жою бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г. Р Кожулдакова. «Оқу мектебі»жобасы аясында «Оқи білу қандай керемет!» оқу жылдамдықтары тексерілді.Оқу мәртебесі,оқырман белсендігін арттыру және оқу сапасын арттыру мақсатында 2-5 сынып оқушылар арасында өтті. ӘБ жетекшісі: Кожулдакова Г.Р КММ «Кызылту орта мектебі» Тілдерді дамыту туралы атқарылған іс-шаралар Әб жетекшісі:Кожулдакова Г.Р |