логикалық есептер. бағдар қыз мат. ызыты математика Тсінік хат Бастауыш сыныптарына арналан ызыты математика
Скачать 34 Kb.
|
Қызықты математика Түсінік хат Бастауыш сыныптарына арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген. «Қызықты математика» - оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлы түрде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз ұштастыра отырып оқушылардың математикадан алған білімдерін жетілдіру, тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін жақсартады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл – ой деңгейін қалыптастырады. Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті алынған тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Бағдарламаның негізгі мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, ізденімпаздыққа және сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру. Міндеттері: -Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру арқылы баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу; - Оқушының ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйрету ,тапқырлыққа тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту; - Математиканың өмірмен байланысын көрсету. Күтілетін нәтиже: Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек. Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу. Логикалық есептерді шеше білу. Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу. Математикалық ой-өрісін кеңейту. Математикалық білімін толықтыру. Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу. Пайдаланылған әдебиеттер Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы - Көкшетау-2010, «Келешек-2030». Глазырина Л.Л.(эл. нұсқасы) Қызықты математика. 4-сынып Алматы- 2011. Ақпаева Ә.Б., Лебедева Л.А. (эл. нұсқасы) Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. Алматы – 1995. Елубаев С., Елубаева С. 1-4 сыныптар (эл. нұсқасы) «Математика» оқулығы .4 сынып: Ә.Б.. Акпаева ,Л.А Лебедева, М.Ж. Мынжасарова, Т. В. Лихобабенко. Алматыкітап баспасы ( 2019-2020) |