билет жауабы. ызмет мазмнына арай ксіпкерлік мынадай трлерге блуі
Скачать 16.06 Kb.
|
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлуі Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының негізі. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. Кәсіпкер психологиясының негіздері неде? Кәсіпкердің дұрыс философиясын қалыптастыра алатын басты қасиеттерінің бірі – оның өзіне деген және күшіне деген сенімділігі. Адамның сенімділігі оның жүріс-тұрысынан байқалады, себебі ол: • өз ойын өзгелерге жеткізе біледі; • өз сезімі мен әсершілдігін байқата біледі; • өзінің жеке пікірі бар; • өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады; • белсенді және бастамашыл; • өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады; • өз бетінше шешім қабылдай алады. Егер сіз кейбір қасиеттердің бойыңызда жоқ екендігін немесе толықтыру қажеттігін сезінсеңіз, онда асығыс шешім қабылдамаңыз. Алдымен, бизнесіңізге және өміріңізді өзгертуге не кедергі екенін түсініп алу керек. Біздің күнделікті өмір сүру тәсіліміз қандай себептерге байланысты? Біздің қаржылық жағдайымызға ма немесе өмірге деген көзқарасымызға ма? Қалыптасқан тәртіпті өзгертудің жалғыз жолы – адамның өзінің көзқарасын өзгерту.Өзгерістерге әкелетін екі себеп бар: - біріншісі – шабыт; - екіншісі – күйзеліс. Өзгерістер үнемі болып жатады, бірақ қандай себептен өзгеруімізді біз өзіміз таңдаймыз. Адамның жеке философиясы қалай қалыптасады? Басында оған біздің айналамыздағы ата-аналарымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз...) адамдар әсер етеді, кейін оған балабақша, мектеп, достар, институт және т.с.с. әсер етеді. 3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің тәуекелдері Адамдардың көбі жағдайларға байланысты, заңдарды білмей әрі бизнестің жа-уапкершілігін түсінбей, бизнеспен жауапсыз айналысуға құмар. Төменде ісіне жауапсыз кәсіпкерлердің бірқатар іс-әрекетін келтіреміз: • несиені төлеу бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау; • несиені мақсатсыз қолдану; • несиені жаппай тұрып тіркелген жеке кәсіпкерлігін жауып тастау; • салықты төлеуден жалтару; • алаяқтық, қолдарды, мөрлерді, құжаттарды және сату-сатып алу шартын қол-дан жалған жасау; • жалған кәсіпкерлік. Кәсіпкердің жосықсыз әрекеттерінің бірі несиені төлеуде қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау. 4.Бастапқы капитал ақша салымы мәселесі Бизнесте үлкен жетістікке жеткен кәсіпкерлердің 80-90% пайызы өздерінің жеке бастапқы капиталының болмағанын біреуі білсе біреуі білмес. Мысалы бәріміз күнделікті өмірде қолданып жүрген ұйялы сотовый) телефонның WhatsApp қосымшасын приложение) ойлап тапқан Ян Кум, 1992 жылы 16 жасында Украинадан АҚШ-қа көшіп келген мыңдаған адамдардың біреуі. Отбасында еден жуып техничка) ақша табатын жалғыз анасы қатерлі ісік ауруына рак ауруы) шалдыққан соң болашақ миллиардер ауру анасы мен қарт әжесін тамақтандыру үшін «арнайы әлеуметтік орталықтан» тегін тамақ алуы үшін күніге ұзақ кезекте тұруына мәжбір болды. Әрине жас Ян Кум оқуын тастап жұмысқа кіруіне тура келді. Өзінің ақ-адал еңбегі мен өзгеше ойлауының арқасында бірінші кезекте жаңа идея, одан соң сол идеяны өнім түріне айналдыра алған Ян Кумның ақша-қаражаты бүгінгі күні 7,5 миллиард долларды құрап отыр. Яғни бизнес үшін ақша маңызды, бірақта бизнесте ақша ылғида бәрін шеше бермейді. Сондықтанда бизнесті бастауда бастапқы капиталды ақшаны) қайдан табамын деген сұрақтың жауабы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы; банктен несие алу арқылы, достарыңыз немесе туысқандарыңыздан қарызға алу, ақшасы бар адамдардың арасынан бизнес-серіктеспартнер) табу немесе ешкімге қарыздар болмау үшін жұмыс істеп, тапқан ақшаңызды үнемдеп жинап болашақ бизнесіңіз үшін бастапқы капитал жинауға болады. 5. Кәсіпкерліктің нысаны, мақсаттары мен міндеттері. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған, заңды тұлға іске асыратын немесе іске асыруға ниеті бар және лицензия алуды қажет ететін қызмет түрлері кәсіп-керлік қызметтің нысаны болып табылады. Кәсіпкерліктің мақсаты – өз қызметінен түскен кірістерді арт ты ра отырып, пайда табу және оны бизнес деңгейіне дейін дамытып, тұтынушылардың қажет ті ліктерін қамтамасыз ету. Кәсіпкерліктің міндеті – өзкірістерін арттыру, же ке капитал құру, өн дірісін кеңейту мен жаңғырту үшін ақша салу, өздерінің және қызмет керлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Кәсіпкерлік қызмет призмасы арқылы жеке мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігін бағалау. Кәсіпкерлік қызмет– жеке жүргізіліп, тауарлар мен қызметтерді сату, мүлкін және басқа да қызметтерді пайдалану арқылы материалдық игіліктерді алуға бағытталған, заңды тәртіпте тіркелген қызмет түрі. |