Главная страница
Навигация по странице:

  • Келісім шарттың мәні.

  • 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  • 2.2. Жалға беруші міндетті

  • 3. Келісімшарт бойынша төлемдер мен есептер

  • 4. Қорытынды ережелер

  • 8. Тараптың мекенжайы және реквизиттері Жалғаберуші: Жалға алушы

  • шарт. Й жайды жала алу келсім шарты йтеке би кенті 1 23 наурыз 2023 жыл


    Скачать 17.96 Kb.
    НазваниеЙ жайды жала алу келсім шарты йтеке би кенті 1 23 наурыз 2023 жыл
    Дата10.04.2023
    Размер17.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлашарт.docx
    ТипДокументы
    #1050374

    ҮЙ – ЖАЙДЫ ЖАЛҒА АЛУ КЕЛСІМ ШАРТЫ

    Әйтеке би кенті № 1 «23» наурыз 2023 жыл
    Бір жағынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Я. Михайлюк № 2/1 ғимаратының иесі «Жалға беруші» Әлмұрат Жакаш Әлмұратұлы және «Жалға алушы» екінші жағынан Альмуратов Баглан Жакашовичпен арасында төмендегі келісім шарт жасалды;


    1. Келісім шарттың мәні.


    1.1 Жалға беруші Әлмұрат Жакаш Әлмұратұлы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Я. Михайлюк № 2/1 мекенжайы бойынша, жалпы ауданы 135,7 шаршы метр тұрғынжайды (үй) (бұдан әрі – «Нысан») жалға береді, ал Жалға алушы оны уақытша иелікке алып, пайдаланады.

    1.2. Осы келісімшарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 1 (бір) жылға дейін күшінде болады.

    2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    2.1. Жалға алушы міндетті:

    2.1.1. Нысанды келісім шарттарына сай және тікелей мақсатта пайдалануға.

    2.1.2. Нысанды техникалық және санитарлық жағынан жақсы, өрттен қорғалған күйде ұсатуға.

    2.1.3. Жалға берушінің жазбаша рұқсатынсыз жобасы мен құрылғыларын өзгертпеуге.

    2.1.4. Объектіні кез келген жөндеу, инженерлік желілер мен коммуникацияны ауыстыру жұмыстарын Жалға берушінің жазбаша рұқсатымен ғана жүргізуге.

    2.1.5. Нысанды келісімшарт мерзімі аяқталғанда немесе одан ерте босатар алдында Жалға берушіге алдын ала (бір айдан кеш емес) жазбаша түрде хабарлап, нысанды Жалға берушіге (немесе оның өкіліне) Қабылдау-тапсыру акті бойынша техникалық, санитарлық жағынан жақсы күйде өткізуге.

    2.1.6. Келісімшартта көрсетілген мерзімде жалдау ақысын төлеуге.

    2.1.7 Жалға алынған тұрғынжай мен ортақ қолданыстағы орындардың өрттен қауіпсіздігін сақтауға.

    2.1.8. Осы келісім шарттарының сақталуын қадағалау үшін Жалға берушіні/оның өкілдерін нысанға кедергісіз кіргізуге және анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға.

    2.1.9. Инженерлік-техникалық коммуникация мен басқа да құрылғыларда апат, анықталған ақау, істен шыққан дүниелер мен басқа да кемшіліктер туралы Жалға берушіге кешіктірмей (анықталған сәтте) хабарлауға.

    2.1.10. Коммуналды төлемдер мен ПИК қызметінің ақысын уақытылы төлеуге.

    2.1.11. Келісімшарт тоқтатылғаннан кейін Жалға алушы мүлікті қалыпты тозуды ескере отырып, немесе осы келісімшартта келісілген жағдайда алған күйінде жалға берушіге қайтаруға міндетті.
    2.2. Жалға беруші міндетті:

    2.2.1. Осы келісімшартқа қол қойған сәттен бастап 3 күннен кешіктірмей осы келісімшартта белгіленген шарт бойынша тұруға жарамды, тұрғынжайларға қойылатын санитариялық және техникалық нормаларға сай нысанды Жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша пайдалануға және уақытша иелік етуге өткізуге.

    2.2.2. Қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймас бұрын коммуналды және басқа қызметтер бойынша барлық қарызды жабуға.

    2.2.3. Жалға алушының көзінше инженерлік-техникалық коммуникация мен басқа құрылғыларды тексеруге, сонымен қатар Жалға алушыға оны пайдалану ережелерін түсіндіруге. ПИК-тен немесе басқарушы компаниядан Пайдалану жауапкершілігін шектеу туралы акт (бар болса) алып беруге.

    2.2.4. Нысанды беру барысында Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойып, оны осы келісімнің шарттарына сай күйде беруге.

    2.2.5. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасы мен осы келісімшартта көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғынжайды толық не ішінара рұқсат етілген күйде пайдалануға қандай да бір формада кедергі келтірмеуге, сонымен қатар тұрғынжайды рұқсат етілген күйде пайдалануға қандай да бір формада араласуға. Жалға алушыға нысанға баратынын 1 күнтізбелік күн бұрын ескертуге.

    2.2.6. Жалға алушының кінәсінен болмаған жылыту, сумен, электрмен қамту жүйесінде, шатырда болған апатты жою үшін қажет шараларды бірден қолға алуға. Шара қолданылмаған жағдайда Жалға беруші қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке ие болады.

    2.2.7. Өз ақшасына тұрғынжайға күрделі жөндеу жүргізуге. Мұндай жөндеу жұмысына Жалға алушы тартылған жағдайда, Жалға беруші Жалға алушыға қосымша келісімде белгіленген тәртіпте және мерзімде кеткен шығынды өтеуге міндеттеледі.

    2.2.8. Жалға алушыға келісімшарт мәні туралы оның мүддесіне үлкен ықпал тигізуі мүмкін кез келген жағдай туралы дер кезінде ақпарат беруге.

    2.2.9. Нысан орналасқан аймақта жүргізілетін барлық жөндеу жұмыстары туралы уақытылы ақпарат беруге.

    2.2.10. Жалға алушыға нысанды барынша тиімді әрі сауатты пайдалану мақсатында кеңес беру, ақпарат беру және басқа көмек көрсетуге. Осы келісімшарттың мерзімі өткен немесе келісімшартта көзделген шарттарға сай оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, Нысанды қабылдап, қабылдаутапсыру актісіне қол қоюға.

    2.2.11. Уақытылы және қисынды мерзімде (бірақ жылына екі реттен жиі емес) сақтық үшін тұрғынжайды, ондағы инженерлік-техникалық коммуникация мен басқа құрылғыларды тексеруге.
    3. Келісімшарт бойынша төлемдер мен есептер

    3.1. Жалға алушы Жалға берушіге ай сайын 100 000 теңге (жазбаша сома: жүз мың теңге) теңге көлемінде жалға алу ақысын төлейді.

    3.2. Нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде ағымдағы ай үшін жалдау ақысын төлеуге және Жалға берушінің шотына сақтандыру төлемі ретінде бір айлық жалдау ақысы көлемінде ақша аударуға міндетті. Осы келісімшарт бұзылған немесе жаңа мерзімге келісімшарт жасалмаған жағдайда сақтандыру төлемі аталған тұрғынжай жалға алынған соңғы ай үшін жасалған төлем болып саналады. Жалға алушы соңғы ай үшін ақы төлеп қойған жағдайда, Жалға беруші сақтандыру төлемінің сомасын Жалға алушы Нысанды қабылдау-тапсыру актісі бойынша өткізгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде қайтаруы қажет.
    4. Қорытынды ережелер

    4.1 Осы келісімшарттың шарттарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасы мен осы келісмшартта көзделген тәртіпте жауапкершілікке ие болады.

    4.2. Осы келісімшарттан туындаған барлық дау мен келіспеушілікті Тараптар келіссөз арқылы шешуге міндетті, ал келісімге келу мүмкін болмаса – мүлік орналасқан жердегі сотта шешеді.

    4.3. Осы келісімшартта көрсетілмеген басқа дау туындағанда Тараптар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын негізге алады.

    4.4. Осы келісімшарттың мәніне қатысты Тараптар арасындағы алдыңғы келісімшарттар мен келісімдер осы келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап күшін жояды және бұзылған болып есептеледі.

    4.5. Осы келісімшарт әр Тарапқа бір-бірден берілетін заңды күші тең екі нұсқада жасалды.
    8. Тараптың мекенжайы және реквизиттері
    Жалғаберуші: Жалға алушы:


    Әлмұрат Жақаш Әлмұратұлы

    Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті, Я. Михайлюк №2

    Ж. Әлмұрат________________


    Альмуратов Баглан Жакашович

    Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті, , Я. Михайлюк №2
    Б. Альмуратов ________________


    написать администратору сайта