үй іші газы. үй іші газ. й ішіндегі газ бырларыны рылылары
Скачать 15.77 Kb.
|
Үй ішіндегі газ құбырларының құрылғылары Жер асты газ құбырлары жер астынан шығып, үй ішкі газ құбырына жалғануы тиіс. Үй іші газ құбыры мына элементтерден тұрады: кірме құбыры, тіректер, тұрғындарға таратушы құбырлар. Газ құбыры кірме құбырынан бастап үйге таратушы жүйеге жалғанады. Кірме құбыры адам тұрмайтын орындарда (подвал, технологиялық каридор, ас үй, подъезд) орналасады. Газ құбыры қабырғадан өту барысында футлярмен қапталады. Ажыратқыш құрылғыны сыртқы бетке орналастырамыз. Бұл авариялық жағдай туындаған кезде қойылады. Подвалға тарату жүйесі болат құбырлардан, футлярдан және жалғаулардан тұрады. Подвалды таратқыштық міндеті газ тіректеріне газды беру, карозиядан қорғау үшін бұл құбырлар: 1) майлы; 2) полиэтиленді сырмен боялады. Футляр дегеніміз газ құбырының диаметірінен үлкен қиындысы. Футлярды газ құбырының қабырғадан өту және үстінгі қабырғадан өту барысында қолданамыз. Футлярдың екі шеті қабырғадан асып тұруы қажет. Футлярмен газ құбырының арасын смаламен толтырып бетунмен бітеп тастаймыз. Футляр ішіндегі газ құбыры жалғанған болмауы тиіс. Құбырды бір-біріне пісіру арқылы жалғаймыз. Тіректер дегеніміз барлық этаж арқылы тік өтетін газ құбыры. Осы тіректер арқылы үйлерге тарайды. Тіректерді қабырға түсіне сай қылып бояйды. Таратушы құбыр болат құбырдан пісірілген және резбалы жалғаудан және краннан құралады. Таратушы құбыр мендеті газды тіректерден газ жығу аспаптарына жеткізу. Газ құбыры қабырғадан 20-30мм қашықтықта орналастырылады. Газ жағу аспаптары алдында қала және керілген крандар орналастырады. Крандар еденнен 1,5 және 1,6м бейіктікте орналастырылады. 54. Тұрғын үйлердің пайдалану аспаптары Тұрмыстық газ аспаптары деп газдың жану барысында тұрмыстық қажеттілік үшін бөлінетін жылуды пайдаланатын аспаптарды айтамыз. Бұл құрылғылар кейде бірнеше қызметтерді атқару үшін қолданылады. Мысалы: газ плитасы тағам даярлау үшін суды жылыту, кайнату, ұн өнімдерін пісіру, кептіру үшін пайдаланамыз. Кейбір аспаптар бір ғана мақсатпен қолданады мысалы: суқыздырғыш суды белгілі бір температурада қыздырса, ал суқайнатқыш суды қайнату қызметін атқарады, сонымен қатар тұрмыста жылыту пештерінде газ жанарғылары қолданылады Газ плиталарының пайдалану барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау. Газ плитасы бір қалыпты жұмыс істеп жатқанда жалын бірде шапшып, бірде сқніп қалса газ берілуін тез арада тоқтату керек. Қайтадан от қоюға өндірістік нұсқауда көрсетілген уақыттан кейін, сондай-ақ ақаудін себебін анықталып жөнге келтірілгеннен қайта рұқсат беріледі. Жұмыс істеп тұрған пайдалану қондырғысын бақылаусыз қалдырып кетуге тиім салынады. Ішкі газ жабдықтарына айына кемінде бірлет техникалық қызмет көрсетіліп тұру қажет. Қондырғыға газ беру қорғаныс құралдары немесе қазмет көрсетушілер арқылы мынадай жағдайда шұғыл тоқтатылуы қажет. Жалын сөніп қалғанда газ қысымы шамадан тыс жоғарлар немесе төмендеп кеткенде түтінсорғыш жұмыс істеми қалсы газ жабдықтарымен ішкі газ өткізгіштерден газ шоғырлануы байқалса. Газ плиталарының биіктігі 2,2м кем емес бөлмеде орналасуы қажет. Ас үйде форточка болу қажет, паталогтан төмен жерде желдеткіш канал болу керек. Бөлменін көлемі 4 жанарғысы бар плита үшін 15м3, 3 жанарғысы бар плита үшін 12м3, ал 2 жанарғысы бар плитаға 8м3 болу керек. Газ плитаны терезе алдында орналастыруға болмайды, өйткені терезеден соққан жел газдың жалынын өшіріп бөлмеге газ тарап кетуі мүмкін. Егер газ плитасы орналасқан қабырға ағаштан жасалған болса, өрт шықпау үшін қабырғамызды болат темірмен қаптаймыз. Ол плиталардан 80см биік, ал жанжағынан 10см ден асып тұруы қажет. Бөлмеде плиталармен қатар суқыздырғыштар орнатылса бөлменін көлемін кеңейтудін қажеті жоқ. Егер суқыздырғыштың түтіндеге болмаса бөлменін көлемі 4м3 кеңейту қажет. Сонымен қатар есіктің төменгі жағында көлемі 0,02м2 решетка (тор) болу керек 55. Газ шығынын есептеу құралдарын орналастыру Счетчик үйдің ішінде адам тұрмайтын бөлмеде, жұмыс істеп тұрған кірме газ құбыры орналасқан бөлмеге орналастырылуы қажет. Счетчикті пайдалануға беру уақытында ақаулық байқалса (жарық, майысқан) пайдалануға берілмейді. Счетчиктер 3 топқа бөлінеді: 1) тұрмыстық өткізгіш қабілеті 10м3/с дейін; 2) камуналды тұрмыстық 10-40м3/с; 3) өнеркәсіптік 40м3/с жоғары. Газ счетчиктері 5 жыл сайын лицензиясы бар арнайы мекемелерде тексеріліп тұрады, және счетчиктердің ҚР мемлекетінің стандартына сәйкес сертификаты болуы қажет. Шығын есептеу құралы пайдалану барысында барлық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс. Счетчиктер жоғары дәлдікте өлшеу қажет, ауытқушылық 2 және 2,5% - сонымен қатар счетчиктер ұзақ уақытта жұмыс істеу сенімділікті, тез әрекет етушілікті, өлшеу диапазонының кеңдігін қамтамасыз ету қажет. Бөлмедегі тұрмыстық газ аспаптарының жануы кезіндегі күлді сыртқы ортаға тарату үшін түтіндіктер арналып жасалған. Түтіндіктер жеке тұрған құбырдын немес іргелі қабырғаларда орналасқан құбыр тұрады. Әр бір газ жану құралдарында жеке түтіндікке қосатын газ құралдарының ауданынан кем емес болуы қажет. Түтіндіктер кедергісіз тік болып жасалу қажет. Түтіндіктерге суқыздырғыштар және басқада газ аспаптарын қосу үшін арнайы құралдар жасалады. Кірпіштен жасалған қабырғаларда түтіндік, құбырлардың тазалығы үшін люктен жасалған құрылымы ескерілуі тиіс. Желдету және түтіндік каналдары мынадай тексерулерден өтуі тиісті: жылытқыш маусымдарының алдында жұмыс істейтін газ құбырларының түтіндіктері 12 айда бірлет кірпіш түтіндіктерді және ыстыққа төзімді бетоннан жасалған желдету каналдары және түтіндік каналдары тексеру кезінде манылар анықталуы тиіс; қолданылған материалдарының нормативтік талаптарына сәйкестігі, бітеліп қалудың жоқтығы, олардың дұрыс орналасуы және жолағыш түтіндіктердің дұрыстығы. Құрылыс саласында жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды факторларының бірі түтіндіктер болып табылады. Түтіндіктердің құрылымы ,имараттарда дұрыс ауа алмасуда тигізетін ықпалы зор. Түтіндіктер заңда көрсетілген нормалар арқылы жасалуы керек. Оларды жасау барысында құбырдың техникалық жау күйін тексеріп арнайы мамандардың орындағаны жөн. Жеңішке құбырлардан жасалған түтіндіктер күшті желдерде қирауы мүмкін, сондықтан түтіндік құбырлары берік болуы қажет. Түтіндіктер тік және кедергісіз жасалуы керек, суқыздырғыштармен газ пештерінің түтіндіктері шатырдан 0,5м асып тұру қажет, олар қауіпсіз жасалуы тиіс. Газ жану барысында газ күлі түтіндік арқылы далаға шығып кетуі керек, себебі дұрыс жасалмаған түтіндік салдарынан газ үй ішіне таралып кетуі мүмкін. |