ЖАа бадарлама идеяларын табысты жзеге асыруда дістемелік жетекшілікті ролі (Тамыз конференциясына баяндама)
Скачать 26.55 Kb.
|
ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ИДЕЯЛАРЫН ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖЕТЕКШІЛІКТІҢ РОЛІ (Тамыз конференциясына баяндама) Құрметті ұстаздар! Бүгін тағы бір жаңа оқу жылының басталар шағында кездесіп отырмыз. Сондықтан, ең алдымен, баршаңызды келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Білім – бақтың жібермейтін қазығы» деп білім мен бақыттың ажырамайтыны туралы нақыл сөз айтты.Олай болса, білімді әрі бақытты жастарды тәрбиелеу бүгінгі ұстаз атқарып отырған ұлағатты іс.Осыған байланысты, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Талқылауға арналған сұрақтар: Заман талабына сай табысты, өзгерісті тез қабылдайтын, икемді маманға қалай қолдау көрсетуге болады үшін? Өз жұмысымды жаңа талаптарға сәйкес қалай ұйымдастыра аламын?» деген сұрақтар қатты ойландырады. Осы бағытта көмек көрсете алатын бағдарламаның ғылыми-теориялық негіздерін игерген, түсінетін мұғалімдер ғана. Сондықтан мұғалімдерді туындаған мәселелерімен, қиындықтарымен жалғыздан-жалғыз қалдырмай, оларға қол ұшын беру, қолдау мақсатында әдістемелік жетекшілік етуді қажет деп таптық. Әдістемелік жетекшілік – мұғалімнің қызметіне оңтайлы ақпараттық, әлеуметтік –психологиялық, диагностикалық түзетулер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын қарастырады. Сондықтан жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің қажетті құзыреттіліктерді меңгеруі үшін жүйелі әдістемелік жетекшілік етудің жоспарын құрдық. Әдістемелік жетекшілік етудіңмақсаты: Білім беру жүйесіндегі өзгерістер негізінде білім беретін мекемелеріндегі педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын, Кембридж тәсілімен құрылған Бағдарлама мазмұнына сәйкес жалпы және арнайы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешеуге қолдау көрсету. Әдістемелік жетекшілік ету міндеттері: Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен оны бағалауға көмектесу Мұғалімдердің тәжірибедегі қиындықтарын анықтау және оларды жоюға көмектесу; Мүғалімдерге жаңа бағдарлама идеяларын кең игеріп, тәжірибеге тиімді енгізу үшін түрлі әдістемелік көмек көрсету; Өз кәсіби құзыреттілігін көтеруге жауапкершілігін арттыру; Құнды озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, оны таратуды ұйымдастыру; Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастық аясында белсенді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. АСҮ №15 МИ-ның әдістемелік бірлестіктері төмендегі бірлестіктердің көмегімен жүргізіледі . «Жаңашылдықты жақсы адамдардан үйренеміз» демекші топтарда жұмыс істейтін ұстаздарды көріп отырсыздар. Сонымен қатар әдістемелік жетекшілікті «шығармашылық топ» - 5 мұғалім «дамытушы топ» - 4 мұғалім «үйлестіруші топ» - 6 мұғалімдері заман талабына сай білім берудің үрдістерін осы бірлестіктермен бірге ынтымақтастықта әдістемелік жетекшілік етуде. Әдістемелік жетекшілік ету бағыттары: Кәсіби тренингтер Үйлестірушілік Тәлімгерлік Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, жан-жақты дамуына ықпал етеді Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейі жетіледі, озық тәжірибелер анықталып, жинақталады және таратылады Әр аймақта мұғалімдер қауымдастығы құрылып, қарым – қатынас нығаяды, кәсіби көзқарастары мен құндылықтары қалыптасады, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға жағдай жасалады Білім берудің сапасын жақсартуға зор мүмкіндік туғызады Жаңа бағдарлама мазмұнын мектеп тәжірибесіне енгізуде мұғалімдерде кездескен проблемаларды шешу жалғасады Әдістемелік жетекшілік етудің кезеңдері
Кәсіби тренингтер бағыты бойыншы: Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған деңгейлік курс бойынша біраз мұғалімдер сертификатталды.Осы деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдер осы бағыттар бойынша іс- шаралар жүргізуде. Осы ұстаздар ПШО орталығының тренері Айман Бияхметованың қатысуымен қалалық семинар өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті деп бағаланып, жекеленген мұғалімдердің іс-тәжірибелері Республика көлемінде таратылды. Өткізілген кәсіби тренингтерде мұғалімдер кәсіби және жеке тұлға ретінде өсуге тырысты. Кәсіби тренингтерді өткізуде барынша белсенді әдістер, диагностикалау, консультация беру, жорамалдау, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстардың нақты тәсілдерін көбірек қолдану арқылы жүзеге асты Жаңа бағдарлама идеяларын терең түсініп, тиімді енгізу аудандарда өткізілген семинарларда, қалалық баспасөз конференцияларында мұғалімдерді мазалап жүрген проблемалар, даулы мәселелер осы әдіс-тәсілдер арқылы өз шешімін тапты. Жаңа бағдарлама идеяларын терең түсініп, тиімді енгізу аудандарда өткізілген семинарларда, қалалық баспасөз конференцияларында мұғалімдерді мазалап жүрген проблемалар, даулы мәселелер осы әдіс-тәсілдер арқылы өз шешімін тапты. Үйлестірушілік бағыты бойынша: Үйлестірушілік – педогогтің қабілетін және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған қызмет түрі. Үйлестірушіліктің негізінде еркін қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, өз талдауын жасап, пікір алмасатын, ішкі мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби сауатты шешім қабылдауға әкелетін, үдерістерді ұйымдастыруға көмектесетін арнайы тәсілдер жатыр. Үйлестірушінің міндетіне – осы Бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдердің іште жатқан, әлі көрінбеген, ашылмаған мүмкіндіктерін анықтау жатады. Өткізілген семинарлар мен коучинг сессияларында мұғалімдерге құнды кеңестер беріп, бар қабілеттерін жүзеге асыруға, өз-өздерін тануға мүмкіндік жасады. Жаңа білім беру технологияларын тиімді қолданудың мониторингісін жасады Оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің әдістемелік нұсқауын әзірледі Бұл бағыт бойынша бізде мұғалімдер бірнеше шеберлік сыныбын көрсетіп, ашық сабақтар беріп, жаңа бағдарламаның мазмұнымен таныстырып жүр . Сондай –ақ, Педагогикалық инновациялық технологияларды оқып-үйрену және насихаттау бағытында: -педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, онымен таныстыруға жағдай жасау; ақпараттық-технологиялық қызмет бағытында: - мектеп сайттарын жаңарту, сандық технологияларды, интернет –ресурстарды қолдану, аудио-бейнеқорларды толықтыру ; аналитикалық қызмет бағытында: - білім беру үдерісінің жағдайын және әдістемелік көмекке сұраныстың түрін анықтау үшін мұғалімнің құзыреттілік деңгейін диагностикалау; - алынған мәліметке интерпретация жасау жұмыстары жүргізілуде. Шебер мұғалім – сапалы сабақ Шебер мұғалім – сапалы сабақ LS іс әрекетті зерттеу сабақтары Тәлімгерлік бағыты бойынша: « Тәлімгерлік – жоғарғы мүмкіндіктерге жол ашады» демекші (Алма Байжұмаевна, Алтынкүл Райсовна, Зоя Әлжапарқызы, Райхан Халмурзаевна) тәлімгерлік етуде. Педагогтің кәсіби қызметіне жетекшілік етудің ең көп тараған түрі тәлімгерлік жұмыс.Тәлімгерліктің міндеті - мұғалімге зерттеуге, кемшіліктерін жөндеуге немесе түсіндіруге, шешуге мүмкіндік беру және өз тарапынан сауатты әдістемелік көмек көрсету.
Өзгерісті іске асыру сатылары. Кәсіби қоғамдастық арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орната отырып, оқытудың жаңа тәсілдерімен тәжірибе алмасу және оның тиімділігі туралы пікір алмасу мақсатында мектебімізде «Даму»қауымдастығы құрылды.Қоғамдастыққа басқа мектеп мүшелерімен байланысқа шыға отырып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешуді қолға алып жатырмыз.Осы қоғамдастықты мектеп- интернаттар арасында жандандырсақ деген ойдамыз. Кәсіби қоғамдастық аясын кеңейтуге қолдау көрсетіңіздер!!! Аталған үш топтың өткен оқу жылында атқарған жұмыстарын саралай келе, жеткен жетістіктеріне мақтанышпен қарап, кемшіліктерімізді түзеу мақсатында осы оқу жылында қандай жұмыстар атқару керектігін былай түйіндедім. Бағдарламаны толыққанды жүзеге асыру үшін біздің ойымызша алдағы уақытта мына мәселелерге көңіл бөлу қажет деп есептеймін: 1) Бағдарламалық қамтамасыз ету: әдістемелік құралдар, әдістемелік оқу кешендері, оқытудың техникалық құралдары (ТСО), оқулықтар қажет ; 2) Психологиялық аспект: коллаборативті орта құру (оқыту үшін орта құру), Психологиялық жетекшілік ету, жеке шығармашылық шеберхана (пәндербойынша), тереңдетілген ортақ семинарлар ұйымдастыру. 3)Алдағы уақытта әр пән бойынша шығармашылық топтар құру мен кәсіби білім қоғамдастығын құру жоспарланып отыр. Сөзімнің соңын Махатма Гандидің мына сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе – осы өзгерісті өз уақытыңда жаса» деген екен. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі болып жатқан үлкен өзгерістер еліміздің болашағына, оны жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген Біз бен Сіздерге толағай табыстар әкелетініне сенімдімін. Жауапты да маңызды еңбектеріңізге сәттілік, өздеріңізге зорденсаулық тілеймін! Алматы қаласы Білім басқармасының «АСҮ № 15 мектеп - интернаты» КММ – сі Доклад: «Жаңа бағдарлама идеяларын табысты жүзеге асыруда әдістемелік жетекшіліктің ролі» Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Омарова К.Т. Алматы қаласы. 2016 ж. |