жанка. Жаңа жылда жаңа нұр 2022 (1). Жаа жылда жаа нр! Жргізуші Армысыздар, рметті стаздар мен оушылар! Бгінгі бізді Жаа жылда жаа нр!
Скачать 17.58 Kb.
|
Жаңа жылда жаңа нұр! Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Жаңа жылда жаңа нұр!» атты кешімізге қош келдіңіздер! Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Қоян жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. Құтты болсын жаңа жыл, барша халық. Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық! Балалар білесіңдер ме, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен. Сендерге жаңа жыл мерекесі ұнай ма? ИӘ! Маған да ұнайды. 2022 жыл қандай жануардың жылы болды? БАРЫС! Дұрыс айтасыңдар. Ал олай болса, ортаға бәріміз осы жылдың иесі БАРЫСты хормен шақырайық! Барыс, барыс, барыс! Барыс: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? ЖАҚСЫ! Барыс жылы сендерге ұнады ма? ИӘ! Жарайсыңдар! Балалар бір нәрсе жетпей тұрған сияқты. Ыммм... (анда-мында жүреді). Ааа, иә, себебі аяз ата да, ақшақар да жоқ екен ғой. Жүргізуші: Барыс, олай болса Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық. Дайынсыңдар ма, балалар? ИӘ! Онда «Аяз ата» деп хормен айтайық! Аяз ата!.. Аяз ата қайда?! Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата: Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз. Ақшақар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр. Балалар, 2023 жыл ненің жылы? (ҚОЯН жылы!) Дұрыс таптыңдар! Онда қоянды шақырайық! Қоян, қоян, қоян! Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен тұрмын қуанып, Шаттыққа бөленіп, Бір жыл бойы сіздермен, Дос болайық шаттанып! Аязата: Ал балалар, барлықтарың орындарыңнан тұрыңдар, бір сергіп алайық. («Шыршаға бардық» әні) Жүргізуші: Қош келдіңіздер баршаңыз, алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де, биі де бар. Отыр ата, сәндеп ал! Ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады. Ендеше балақайлар сахнаға келіңдер. (Хоровод) Жүргізуші: Мен білемін бір ойын, Үйретейін сендерге Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар ойынды, хормен жауап айтыңдар Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр.... Балалар: Жаңа жыл! Қызыл мұрын, ақ мұртты Білсең атын тез ата, Келеді бізге.... Балалар: Аязата! Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі...... Балалар: Әдемі! Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын - күлкі таралсын Құтты болсын..... Балалар: Жаңа жыл! Жарайсыңдар, барлығын дұрыс айттыңдар! Ал енді балалар, кешіміз қызықты болуы үшін, сиқыршыны шақырайық! Сиқыршы, сиқыршы, сиқыршы! Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Барлығымыз орнымыздан тұрайық, флешмоб билейік! (Балалар билейді) Жүргізуші: балалар мен сендерге сыйқыршы әкелген сиқырлы жұмбақтар жасырайын. Ақылды болсаңдар, тауып көріңдер. Бір ақсақал жылына Бір-ақ рет келеді. Көп қызы мен ұлына Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) Қыста жерді жауып кетті, Ал көктемде ағып кетті. (Қар) Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) Айналып жүріп шыршаны, Барлық адам ән салды. Барлығы да шаттанып, Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс) Жүргізуші: жарайсыңдар, балақайлар, тапқыр екенсіңдер! Ал енді (Хоровод) Жүргізуші: Балалар сендерге Аяз аяз ата сыйлықтар әкеліпті, ол үшін сендер тақпақтар айту керексіңдер. (Тақпақтарын айтады) Аяз ата: Ал балалар, жарайсыңдар! Өнерлеріңе тәнті болдым. Мен сендерге сыйлық әкелдім. Өздеріңе табыстайын. Алдымен 1 «Ә» сыныбының бүлдіршіндеріне берейін (сыйлықтарды береді). Енді 2 «Ә» сынып балақайлары келіңдер, сыйлықтарыңды алыңдар. Барыс: Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Сендерге көп рақмет! Мені ұмытпаңдар, сау болыңдар! Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар! Ақша қар: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше! Жүргізуші: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан, Тілегім болсын мәңгі ашық аспан. 2023 жыл қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан! Сау болыңыздар! |