9-сынып БЖБ№1. Жаанды мселе демография блімі бойынша
Скачать 20.96 Kb.
|
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9 ---- сынып оқушысы: __________________________________ТапсырмаМәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды. XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті. XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда А. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген санының өсімін тұрақтандырды. адам В. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттырды. С. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Қажеттісөздер:көмектер,құбылыс,ахуал,жетістіктер,қызметкөрсету,отбасын құру Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз. өсім Сөз немесе сөз тіркесіАнықтамасы А. халық санының тез өсуі шоғырланған демографиялық жарылыс өнеркәсіптік революция В. халық санының артуы С. өндірістің қарқынды дамуы Д. қоныстанған Сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіңіз. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда бастапқы ойдың сақталуын ескеріңіз. CөйлемдерXV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Перифраздалған сөйлемдерМедицина мен жаратылыс... «Демографиялық жарылыстың»... Білім деңгейінің төмендігіне... Халықаралық гуманитарлық...
|