Главная страница
Навигация по странице:

  • - Ертегінің негізгі идеясы нені білдіреді - Оқиға қай кейіпкерлердің төңірегіне құрылған

  • Жырдың негізгі идеясы не деп ойлайсыңдар Жырды неге көне жыр деп атаймыз

  • Үлгі

  • баяндама. Алима баяндама. Жаартылан білім беру мазмны бойынша оытудаы жаа дістсілдер


    Скачать 56 Kb.
    НазваниеЖаартылан білім беру мазмны бойынша оытудаы жаа дістсілдер
    Анкорбаяндама
    Дата27.03.2022
    Размер56 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАлима баяндама.doc
    ТипДокументы
    #418824

    «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

    Амирханова Алима Имашевна
    Қоғамымыздағы қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиенің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

    Қазіргі кезде мұғалімнің өз шеберлігіне орай көптеген технологияларды қолданып игеуріне болады. Атап айтсақ «Дамыта оқыту», «Модульді оқыту», «Деңгейлеп саралап оқыту», «АКТ», «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технология элементтерін кеңінен пайдалануға болады.

    Бұл педагогикалық технологиялар – бала мен мұғалімнің түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

    Осы орайда әр жеке оқушының шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін ескере отырып, өзімнің таңдаған шығармашылық тақырыбым жайлы айта кетпекпін. «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы әдебиет пәнін оқытудың өзектілігі.»

    Әдебиет пәнін оқытуды жақсарту – осы пән мұғалімдері үнемі көңіл бөлуге тиісті өмір талабының бірі. Өйткені әдебиет пәні жас ұрпақты жан сұлулығына, биік адамгершілік қасиеттерге, өмірді сүйе білуге баулиды. Ең бастысы, әдебиет арқылы ертеңгі елінің қоғам құрлысшылары – бүгінгі мектеп оқушыларының бойында рухани мұраттарына адалдық, адамгершілік дүниетаным, азаматтық күрескерлік көзқарас қалыптасады. Заманауи білім беруде де әдебиетті оқытудағы осы міндеттерге баса назар аударылған. Төменгі сыныптарда әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар онда оқушылардың сөздік қорының дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, әдеби талдаудың кейбір тәсілдерін меңгеруіне көркем шығармалар арқылы ұлттық дәстүрге де назар аударылса, жоғарғы сыныптарда әдебиет пәнінің ғылыми курс жүйесімен оқытылып, жанрлық ерекшеліктерімен танысып күрделі ұғымдары жайлы мағұлмат алуына көңіл бөлінеді. 5-сыныпта ертегілер жанр ретінде арнайы оқытылады. Ертегілердің ішінде көркемдік деңгейі жоғары, ауыз әдебиетінің озық туындылар қатарына жататын дәстүрлі ертегілірдің бірі –«Ер Төстік» Мұғалім ең алдымен оқушылар назарын ертегі компазициясының күрделілігіне, сюжетінің шиеленісті, мазмұнының қызықтылығына аударады. Ертегідегі оқиғаның басталуы, дамуы,шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі, адам образдарының жасалуы сияқты теориялық ұғымдар жөнінде оқушыларға мәлімет беріледі. Содан кейін ертегінің тақырыбы әңгімеленеді. Ертегі кейіпкерлері көпшілігінің қиял-ғажайыптық сипаттағы бейнелер екенін пайымдай келіп, оқушылар ертегілердің қиял-ғажайып түрі дегеннің не екенін біледі. «Хикаят картасы» әдісі арқылы өз мүмкіндіктерінше әңгіме желісі бойынша суреттер салып сол бойынша ертегінің; Басталуы, дамуы,шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі бойынша мәлімет бере алады.

    Мұғалім ертегі кейіпкерлерін сипаттай келіп, оның идеясына байланысты оқушыларға бірқатар түрткі сұрақтар қояды:


    - Ертегінің негізгі идеясы нені білдіреді?


    - Оқиға қай кейіпкерлердің төңірегіне құрылған?


    - Әйелдердің де ерлер тәрізді халық алдындағы өз борыштарын атқара алатындығын ертегіден қалай байқауға болады?

    Мұғалім сабақтың танымдық сапасын арттыру үшін көрнекті құралдар мен тиімді әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Мысалы: Суреттегі кейіпкерлермен ертегінің ішкі мазмұны байланыстырыла қаралады. Суретті талдау кезінде мұғалім оқушыларды монологты сөйлеу, салыстыру дағдысын қалыптастыруға машықтандырып отырады.

    Ал, эпостық жырларды оқытуда ауыз әдебиетінің жанр ерекшеліктеріне қарай әдіс-тәсіл қолдануға көп көңіл бөлінеді.

    «Қазақ эпосына» арналған бояулы илюстрацияларын салыстырып талдай отырып, оқушылардың көз алдарына батырлар бейнесін, ондағы оқиға желісін елестетеді сол сияқты ұлттық құндылықтың қаншалықты дәріптелетіні эпостық, лиро эпостық жырларында көрінетініне тоқталады.

    Жырдағы маңызды оқиғаларға жоспар жасалып, кейіпкерлер жағымды, жағымсыз топтарға бөлінеді, үзінділер оқыттырылып оқушылардың түсініктері толықтырылады.

    Жырдың мазмұнын меңгереннен соң жырдың идеялық мақсатын ашу үшін оқушыларға мынадай түрткі сұрақтар беріледі:


    • Жырдың негізгі идеясы не деп ойлайсыңдар?


    • Жырды неге көне жыр деп атаймыз?


    Жырдағы оқиғалар қандай қоғамдық құрылыс кезінде болған деп ойлайсыңдар?

    Оқушылардың білімді игеруіне, өз беттерімен жұмыс жасау қабілеттеріне қарай оларды үш топқа бөліп, әрқайсысына тапсырма беремін. Бұл топтар Lesson Studu оқушылардың іс-әрекетін зерттеу жұмыстарының негізінде анықталды. Мысалы:

    І топ (материалды қабылдауы жоғары оқушылар): Жырдың ішінен Алпамыстың жау батырларымен айқасын суреттейтін эпизотты бейнелеу.

    ІІ топ (қабылдау деңгейі орта оқушылар): Батырдың аңғал мінезі суреттелетін тұстарын бейнелеу.

    ІІІ топ (қабылдау деңгейі қиындау): Жырдың мазмұнын жоспар бойынша оқып келу және жеке кейіпкерлерді сипаттауға дағдылану.



    Әдебиет сабағының өзіндік оқыту тәсілін талап ететін бір түрі –жазушы өмірбаянын оқыту. Өйткені әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмірбаяндарын өтудің өзіндік ерекшеліктері бар. Жазушының өмірбаянын оқытқан кезде ең алдымен негізгі мәселелерге тоқталу. Мысалы: Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы болса оқушылардан Абай туралы не білетіндіктерін сұрастырады. Осы тұста мұғалім Абай мүсінінің үлкен суретін көрсету арқылы мынадай ой қозғайды: Артына өшпес мұра, қымбат қазына қалдырған Абай соқтықпалы заманда мыңмен жалғыз алысты. Мынау мүсінде ұлы ақын сонау алысқа тебірене қарап шын жүрегімен біздің бақытты заманды сезіп, тыныштық тауып тұрғандай. Осылай басталған сабақ өзінің эмоциялық күшімен оқушылар санасына жақсы әсер қалдыра отырып өздерінің ұлттық тарихын көз алдарына елестете алады және оқушылар ақын өміріне ойлана үңіледі, оның қоғам дамуына, қоршаған ортаға көзқарасын анықтауға талпынады.

    Сабақ соңында мұғалім оқушыларға келесі сабаққа дайындалу ретінде бүгінгі сабақпен ұштастыра отырып әр түрлі тақырыпта сілтемелер береді;

    Мысалы: Абай өмір сүрген қоғамдық орта. Ақынның адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін шығармалары;

    Әдебиет сабағынан берілетін теориялық ұғымдар әдебиет тану ғылымында әдебиет теориясы атқаратын қызметтің зор екендігін естен шығаруға болмайды. Сондықтан мұғалім өтілетін шығарманың мазмұнын ғана ұғындырып қоймай, оқушыларды ондағы кейіпкерлер дүниесіне үңілуге, олардың іс-әрекет, қылықтарына өзінше баға бере білуге, сондай-ақ қаламгердің қиялымен жасалған әсерлі суреттеріне, тамаша тапқырлықпен жасалған ұшқыр теңеу, эпитеттеріне, халық тілінің байлығына шын сүйсіне білуге баулиды. Осылай өте отырып, көркем шығарманың құнды қасиетін белгілі шамада жас ұрпақ бойына сіңіре алады, көркем әдебиетті де жақсы түсініп оқиды. Мәселен: Абай атамыз жырлап кеткендей

    Үлгі: Көзімнің қарасы,

    Көңілімнің сарасы

    Бітпейді іштегі

    Ғашықтық жарасы –деген өлең жолдары арқылы қазақ қыздарының жан сұлулығымен қатар мәдениетін, оның ішкі болмысымен бүгінгі ұрпаққа ұлттық қасиеттілікті дәріптегендей болып көрінеді.

    Сол сияқты сурет өнеріндегі портрет пен көркем әдебиеттегі портреттерді салыстыратын болсақ. Сурет өнеріндегі портреттің адам өмірінің бір сәтін жинақтап көрсетіп, оны қозғалыссыз бейнелейтінін еске түсіреді. Ал әдебиеттегі портрет қимыл, қозғалыс үстінде болады. Адам бет-бейнесінің сипаты, жүріс-тұрысын оқушы қиялының көмегі арқылы көз алдына елестетеді. Әдебиеттегі портрет сабақ үстінде өтілген нақтылы материалға сүйене түсіндірілсе, ал сурет өнеріндегі портрет суретшілердің еңбектерін ұтымды пайдалана отырып түсіндіріледі.

    Қорыта келгенде, әдебиет пәні сұлулықты танытатын ғылым боғандықтан, оны қыл қалам өнерінің тылсым құдіретті кереметімен ұштастыра өту сабақтың сапалы өтілуіне бастайтыны сөзсіз. Бұл орайда әр сабақтың мазмұндық ерекшелігіне сай қолданған әдіс-тәсілдерді балалардың жас ыңғайына қарай қолданған жөн.

    Әрбір ұстаз мектеп реформасының биік талаптарына сай тиімді әдістерді пайдаланып отырса, әдебиет пәнінен сапалы білім берілетінін осындай тәжірибелер көрсетіліп отыр. Әрине, бұл жерде әр ұстаздың өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері, методикасы бар екендігі түсінікті де. Сайып келгенде, әрбір мұғалімнің сабақ беру методикасын жан- жақты ізденіспен меңгеруі- бүгінгі күн алға қойып отырған негізгі мәселелердің бірі.


    написать администратору сайта