Физиология 9-11 (1). Жалпы медицина мамандыы 1 курс, емтихан сратары. 20222023жж
Скачать 39.18 Kb.
|
«Жалпы медицина» мамандығы 1 курс, емтихан сұрақтары. 2022-2023жж. Үлкен және кіші қан айналым шеңбері, маңызы. Жүрек қабырғасының қабаттары және өткізгіштік жүйесінің маңызы? Жүректің жиырылу оралымы? Жүрек жұмысын зерттеу әдістері? Қанның негізгі қызыметі мен физикалық, химиялық қасиеті? Қанның құрамы, плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер? Иммундық жүйе. Гемостаз Эритроциттердің маңызы. Гемоглобин құрамы, газдармен әрекеттесуі Лейкоциттердің маңызы? Лейкоцитоз, лейкоцитопения, олардың түрлері Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қанжасушалары. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер,базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көкбауырда пайда болады. Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырлардың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Қанда лейкоцит санының көбеюi лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялык және патологиялык болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюi қан жасушаларының түзілуіне, қан түзiлетiн ағзалар қызметiнiң күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану , зорығу т.б.) салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзаларды тiтiркендiредi (коздырады). Бiрақ лейкоцитоз қан түзiлетiн ағзалар қызметінен (лейкопоэзден) тысқары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз-қан мөлшерінің барлық қан тамырларында бірдей еместiгiнiн салдары. Тамыр кеңейiп, қан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды, тамыр қабырғасы мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейедi де, лейкоциттер бөгелiп олардың саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның iшiндегi қанның ағысы күшейсе лейкоцит саны азаяды. Физиологиялык лейкоцитоздардын көбi аралас, әр тектi келеді. Ет тектес ( миогенді ) лейкоцитоз - қара жұмыс істеген кезде пайда болады. Тамақ ішкеннен кейiн пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады . Жүкті әйел лейкоцитозы . Жаңа туған бала нәресте лейкоцитозы . Статикалық лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам ұшып тұрған кезде пайда болады. Ауру- сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердің саны көбейіп кейде эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұндай қан "ақ қан" лейкемия деп аталады . Лейкоциттер санының азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады ( абсолюттік лейкоцитопения ) Қан топтары? Гемолиз, оның түрлері Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор қабылдайтын адамды – реципиент дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын III және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттержелімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады. Гемолиз-деп эритроцит қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқы ортаға шығуын айтады. Гемолиз, тудыратын себептеріне байланысты, бірнеше түрлерге бөлінеді: Физиологиялық гемолиз- сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. Осмостық гемолиз – гипотониялық ерітінділердің əсерінен туындайды. Химиялық гемолиз-əртүрлі химиялық заттардың əсерінен байқалады. Термиялық гемолиз-қанды мұздатып, еріткенде байқалады. Электрлік гемолиз- электр тоғының əсерінен туындайды. Сəулелік гемолиз- рентген сəулелерінің əсерімен жүреді. Биологиялық гемолиз- ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар гемолизиндердің әсерінен болады. Механикалық гемолиз- қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады). Шартты рефлекстің жіктелуі, қасиеттері. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. Сыртқы ортаның өзгергіштігі өмір сүруге қажетті көптеген жаңа мінез-құлықтардың үнемі қалыптасуына әкеледі. Стимуляцияны қабылдайтын рецепторлардың құрылымына байланысты шартты рефлекстер бөлінеді: Экстероцептивті - ағзаның рецепторлары тітіркенуді қабылдайды, рефлекторлық реакциялар арасында басым болады (талғам, сезім) Интрацептивті - ішкі ағзаларға әсер ету (гомеостаздың өзгеруі, қанның қышқылдығы, температура); Проприоцептивті - қозғалыс белсенділігін қамтамасыз ететін адамдар мен жануарлардың тартылған бұлшықеттерін қоздырғанда пайда болады. Тиімділігіне қарай: вегетативтік және аспаптық болып бөлінеді. Вегетативтік шартты рефлекске жүрек тамыры,тамақтану,жыныс рефлекстері кіреді. Аспаптық шартты рефлекс бұлшық еттердің шартсыз қимыл әсерленісі негізінде ұйымдастырылады. Негізінде аспаптық ірекет мәні қоршаған ортамен организмның қарым қатынасуының өзгеруі. Ол организмның басқа денелерге әсері. Тітіркендіру түріне қарай: табиғи және жасанды болып келеді. Табиғи шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргіштің шын белгілерінен қалыптасады.Табиғи жағдай ретінде шартты рефлекс бірнеше тітіркендіргіштерге ұйымдастырылады.Олар: қарапайым мен күрделі. Бірін біріне қарымқатынасына, ұштастырылған мерзіміне қарай нақтылы және ілеспелі болып келеді. Нақтылы рефлекс шартсыз және шартты тітіркендіргіштердің ұштастыру жағдайында пайда болады.Егер шартсыз нақтылау шартты тітіркендіру әсеріне 1-3 секунд мерзімде қосылса ол дәлелденген,егер 5-30 секунд болса жылжытылған шартты рефлекс болып келеді. Ілеспелі рефлекс ол нықтаушы тітіргендіргіш шартты сигналдың әсері аяқталғанда қосылады. Адамдар мен жануарларға ортақ ол бірінші сигнладқ жүйе, оларға: көру, есту және де басқа да қабылдағыштарында қалыптасқан бірінші сигналдық жүйесі. Ал екіншісіне- адамдарда эалюция барысында дамыған қасиеттер жатады, олар: естілген, айтылған, жазылған сөздерді түсіну. Екінші сигналдық жүйе- болмысты жалпы талдауға және дерексіз бейнелеуге мүмкіндік беретін, өте күрделі, ерекше уақытша байланыстар жүйесі. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер бір бірінен ажырамайды. Адамның барлық түйсіктері, ұғыну, елестету қабілеттері, көптеген сезімдері сөз арқылы атқарылады. Сөз тұрақты шартты рефлекс жасай алатын күшті нығайту тітіркендіргіші болып саналады. Жылу реттелісі. Дене температурасының реттелуіне қарай неше топқа бөлінеді? Жоғарғы жүйке жүйесінің типтері мен темпераменттер (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик Негізгі зат алмасу. Тамақтану жүйесі. Тромбоциттердің қызметі? Гранулациттер (базафил, эозинофил, нейтрофил).Агронулоциттер (моноцит, лимфоцит). Қозғыштық, қозғыштықтың параметрлері Синапс түрлері, физиологиялық қасиеттері Гипофиз безі Эпифиз безі және олардың маңызы. Рефлекс, рефлекстік доға және рефлекстік шеңбер Ет жиырылуы механизмі.Оптимум, пессимум жиіліктер және тітіркендіргіш күштері Бұлшық ет жиырылуының түрлері ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері Вегетативтік жүйке жүйесі ганглийлерінің маңызы, олардың физиологиялық қасиеттері. Қалқанша безі, гормондары олардың маңызы Орталық жүйке жүйесінің тежелуі (И.М. Сеченов), оның түрлері. Орталықтағы тежелудің механизмдері туралы қазіргі ұғымдар. Рефлекс туралы ұғым, рефлекстің жіктелуі,рефлекстік доға, рефлекстік шеңбер. сызбасы, анықтама беріңіз. Нейрон аралық синапстар, олардың құрылысы мен түрлері. Гормондардың қасиеттері, әсер ету механизмі. Ұйқы безі және олардың гормондары. Айырша безі және оның гормондары Парабиоз құбылысы (Н.В. Введенский), оның механизмі мен маңызы. Бүйрекүсті безі және оның гормондары. Қозғыштық - анықтамасы, қозу үрдісі және оның сипаттамасы. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері Әрекет потенциалы және оның кезеңдері. Айырша безі және оның гормондары Рефлекс түрлері: экстероцептивтік,интероцептивтік,проприоцептивтік. ВЖЖ симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің салыстырмалы ерекшеліктері Қозғыш тіндердің өлшемдері |